DOI 10.51634/2307-5201_2023_2_40
УДК 340.12; 342.4
ГРНТИ 10.07.27; 10.15.01
А.Қ. Рүстемова
З.ғ.м., Maqsut Narikbayev University
Конституциялық және саяси зерттеулер институты
Senior lecturer
(Астана қ., Қазақстан)
E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Өзгермелі әлем жағдайында қоғам, мемлекет және құқық алдында тұрған міндеттер өзгертіліп, үнемі күрделене түседі. Ол – мақала тақырыбының өзектілігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, олардың ішіндегі ең маңыздылары заңды мінез-құлықты қамтамасыз ету, құқықтық нигилизм деңгейін азайту, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана деңгейін арттыру болып қала береді. Сонымен қатар, адам, қоғам және мемлекет қызметінің салаларын аксиологиялық өлшеудің мәні объективті түрде артып келеді. Құқықтық ғылыми қоғамдастық өкілдері құқықтың өзекті мәселелерін зерттеу барысында құндылыққа бағдарланған тәсілге, оның ішінде конституциялық аксиологияға маңызды мән береді. Зерттеу пәні болып конституциялық құндылықтардың жеке тұлғаның мінез-құлық заңдылығына әсері табылады. Зерттеудің мақсаты – теңдік сияқты құндылық мысалында конституциялық құндылықтардың жеке тұлғаның заңды мінез-құлқына әсер ету механизмін анықтау. Мақаланың жаңашылдығы конституциялық құндылықтардың адамның құқықтық мінез-құлқына әсер ету мәселесі бүгінгі күні аз зерттелгендігімен ғана емес, сонымен қатар бұрын отандық заң ғылымында зерттелмегендігімен анықталады. Зерттеу барысында жүйелік талдау, синтез, индукция, салыстыру, абстракция, сонымен қатар феноменологиялық және әлеуметтік-мәдени танымның жалпы ғылыми әдістері қолданылады. Мақалада ежелгі және басқа ойшылдардың құндылығын түсіну туралы философиялық көзқарастар, конституциялық құндылық ұғымы қарастырылады. Автор теңдіктің конституциялық құндылық ретіндегі бірқатар философиялық және құқықтық түсіндірмелерін зерттеді. Конституциялық құндылықтар адамның құқықтық санасының элементі және оның құндылық бағдары бола отырып, құқықтық мінез-құлықты анықтайды деген тұжырым бар.
Тірек сөздер: құндылық, конституциялық құндылық, конституциялық аксиология, заңды мінез-құлық, теңдік.
Кіріспе
Дүниетанымның аксиологиялық бастамалары антика кезеңінде-ақ байқала бастаған. Протагордың, Сократтың, Платонның еңбектерінде «барлық болмыстың антропологиялық бағамы» философиялық идеясы қалыптаса бастайды. Платон болмысты нақты және идеалды деп ажыратып, құндылықты Игілік, Ақиқат, Сұлулық идеясының көрінісі бола тұра онтологиялық табиғатына қарай идеалды, объективті нақтылық болатынын пайымдаған. Платон бойынша «жоғары игілік» ақыл, білім, өнер, “дұрыс көзқарас”, жан рақаты мен басқа да өнегелік және эстетикалық доминанттар сияқты құндылықтардан тұрады. Өз кезегінде, Аристотель шынайы әлемнің дербестігін жоққа шығарған. Атап айтқанда, құндылықтарды архэ секілді анықтағанда философ былай жазған: «Құнды деп мен құдайдан келген игіні айтамын, ең жақсысы, мысалы, әу бастан-ақ қағидат болған жан, ақыл және сол сияқтылар... міне, осындай нәрселер барлығында абыройлы болады».
Құндылық проблематикасын зерттеуге неокантианттықтың баден мектебінің негізін қалаушылары В. Виндельбанд пен Г. Риккерт ерекше үлес қосқан. Бадендіктердің ойынша, әлем шынайылықтан қалыптасады, яғни “субъект пен объектінің арғы жағында жататын мүлдем өзге патшалықты” құрайтын болмыс пен құндылықтардан тұрады. Бұл екі патшалық имманенттілік пен трансцендентальдық арақатынасы сияқты арақатынаста болады. Өз кезегінде, екі патшалық арасындағы себептік-салдарлық байланыс адам жүргізетін бағалау актісі түрінде беріледі. Мұндап бағалау актісін жүргізетін субъект болмысты өзінің құндылықты бағыт-бағдарына қарай қабылдайтын болады.
Н. Неновски жазуынша, құндылық деп өзіне қатысты жақсылық көзқарас туғызатынды, жақсылық, пайдалы, игілік, болмыстылық ретінде ойландыратынды түсіну керек. О.В. Мартышин жазуынша, құндылықтар “шартсыз, жоғары принциптер” ретінде болады. Тұлғаны, қоғам мен мемлекеттің өмірінде конституциялық құндылықтар ерекше роль атқарады. Т.С. Масловскаяның пікірінше, конституциялық құндылықтар қоғам мен мемлекеттің дамуының жалпылама, стратегиялық басымдықтарының көріністері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2017 жылғы 9 наурыздағы №1 нормативтік қаулысында конституциялық құндылықтар адам, қоғам және мемлекет үшін бірінші кезекті маңызға ие болатындығын, мызғымас тұрақтылығымен ерекшеленетінін, Негізгі Заңның бүкіл басқа нормалары мен құқық қолдану тәжірибесінің мазмұнын анықтайтынын атап өткен болатын.
Мақаланың негізгі ережелері
Конституциялық құндылықтар заңды мінез-құлықты анықтай алады. Осылайша, зерттеу барысында жеке тұлғаның мінез-құлқын ынталандырудың көзі оның құндылық бағдары екендігі анықталды. Демек, конституциялық құндылықтар жеке тұлғаның құндылықтар жүйесіне енгізілген құқықтық сананың құндылық қатынастары ретінде мінез-құлықтың құқықтық мойынсұнушылық сызығын модельдейді.
Адамның қоғамдағы өзінің құқықтық мәртебесін, сондай-ақ қоғамның басқа мүшелерінің бір-біріне қатысты мәртебесін түсінуі адамның құқықтық санасында оның құндылық бағдарының элементі ретінде теңдікті қалыптастырады және оның мінез-құлқының мотиві бола алады.
Материалдар мен әдістер
Мақалада құндылықтар, заңды мінез-құлық және оны анықтау мәселелері бойынша ғылыми әдебиеттер қолданылады. Осы баптың жалпы теориялық негізін Конституциялық аксиология саласындағы заңгерлердің заманауи зерттеу идеялары мен ережелері де құрады.
Конституциялық құндылықтарды түсіну, тұлғаның құқықтық мінез-құлқына әсер ету құралдарын анықтау танымның феноменологиялық әдісінің көмегімен мүмкін болады. Әдістер жүйесіндегі маңызды мән әлеуметтік-мәдени әдіске жатады. Сондай-ақ, конституциялық құндылықтардың жеке тұлғаның заңды мінез-құлқына әсер ету механизмін зерттеудегі ерекше рөл құқықтық іс-әрекеттің генезисі теориясына жататындығын атап өткен жөн.
Зерттеу нәтижелері
Теңдік құқықтық мемлекет пен оның қоғамының іргелі конституциялық құндылықтарының бірі болып табылады. Әлеуметтік-өнегелік тегі жағынан теңдік өркениетті қауымдардың өмір сүруінің негізінде жатқан және қоғам мүшелерінің реттелуші қатынастардағы жағдайының танылуын қамтамасыз етуге бағытталған негіз салушы идеясы болып табылады. Басқаша айтқанда, теңдік қоғамда өзара қарым-қатынаста болатын тұлғалардың жағдайының сипатын білдіреді. Мұнда құқықтағы теңдік формальдылық қасиетіне ие және айғақтық ерекшеліктерден тыс қарастырылады.
Теңдік көптеген мемлекеттердің конституцияларында, сол сияқты халықаралық актілерде құндылық ретінде жарияланған. 1789 жылғы Адам және азамат құқықтары декларациясының 1-бабында адамдар еркін және құқықтары тең болып туылады әрі солай қалады делінген. П. Форье заң алдындағы теңдік туралы ойлана келе, келесі пікірін қалдырған: «Азаматтарды заң билейтіндіктен және олар заңды құрастыруға қатысатындықтан, олар осы теңдік абсолютті және материалды болмаса да тең және жарасымды болады. Заң алдында теңдік бар және ол заңда болу да керек, алайда заңда ажырату билігі де болады, әрі заңнамашы маңызды мақсаттарды қабылдағанда ажыратуға міндетті». Теңдіктің мұндай түсінігі Франция Декларациясында орын тапқан.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 2000 жылғы 8 қыркүйектегі Мыңжылдық Декларациясы теңдікті ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастар үшін айрықша маңызға ие фунтаменталды құндылық ретінде жариялаған. Декларацияда ”бір де бір адам, ешбір мемлекет даму игіліктерін пайдалану мүмкіндігінен шеттетілмеуі керек. Еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне кепіл берілуі керектігі” аталған. Теңдікті құндылық ретінде конституциялық бекіту туралы айтқанда келесі мысалдарды келтіруге болады. Бразилия Федеративті Республикасының Конституциясының преамбуласында «valores supremos» қоғамның жоғары құндылықтары бекітілген: жеке және әлеуметтік құқықтар, еркіндік, қауіпсіздік, әл-ауқаттылық, даму, теңдік. Франция Республикасының Конституциясында құндылықтар ретінде еркіндік, теңдік және бауырластық жарияланған.
Философ С.Л. Франк “...барлық адамдар тең, өйткені олардың тең құқықтары мен дәмесі бар, ал баршаның құқықтары мен дәмесі тең, өйткені олар шексіз. Әрбір адам табиғатына қарай шексіз патша, өзінің өмірінің шексіз билеушісі; шексіз патшалар болса, әрине, өзара тең. Осылайша, мұндағы теңдік идеясы өз-өзіне билеуші адами тұлғаның абсолютті құндылықты идеясынан, әрбір адамды осындай ретте қабылдау идеясынан туындайды” деген пікір білдірген. Ойлауымызша, теңдік тұлғаның конституциялық құқықтарының құндылықты негіздемесі ретінде бола алады. Г.Н. Комкованың айтуынша, негізгі заңның маңыздылығы баршаны шығу тегіне, әлеуметтік статусына, материалдық жағдайына және басқа да факторларға қарамастан, заң мен сот алдындағы теңдігін жоғары заң жүзінде бекіте алу қабілетінде болмақ.
Заңды мінез-құлыққа конституциялық құндылықтардың ықпалы туралы сұраққа ауыса отыра келесі қырларын қарастырған жөн. Құқыққа сай мінез-құлық мазмұнының элементі мотивацияны сипаттайтын оның субъективтік жағы болады. Тұлғаның мотивациясының қалыптасуы заңды іс-қимыл генезисінің құрамдас элементі болып табылады. В.Н. Кудрявцевтің айтуынша, «мінез-құлық іске асырылғанынша ол адам санасында қалыптасады, индивидтің жеке қасиеттерінің және қоршаған орта ерекшеліктерінің негізінде қалыптасады». Атап айтқанда, тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары, жоспарлары, мұқтаждықтары мен мүдделері, проблемалы ситуациялары құқыққа сай мінез-құлқының детерминанттары болады.
Қарастырып отырған проблематикада тұлғаның құндылықтары, оның заңды мінез-құлқының мотивациясының қайнар көзі болатын құндылықты бағыт-бағдарының қалыптасуы ерекше маңызға ие болады. Тұлғаның құндылықты ориентациясының контекстінде тұлға құқықтық болмысты санасымен ұғынады және сәйкес шешімдерін қабылдайды. Басқаша айтқанда, құндылықтар адамның мінез-құлқын оның эмоционалды-ерікті саласы арқылы детерминациялайды. Д.В. Рукавишников “тұлғаның құндылықтарды меңгеру процесі ондағы сәйкес ұстанымдардың қалыптасу үдерісі болып табылатындығына, ұстанымдардың адамның мінез-құлқына ықпалы шынайы іс-қимылдарының оның моделімен келіспеушілігіне назар аударатын адам миының негізгі тетіктерінің бірі “қателіктер детекторы” тетігінде көрініс беретіндігіне” назар аударады. Яғни, субъектінің құқық құндылықтарын меңгеруі онда белгілі бір мінез-құлық үлгісіне құқықтық ұстанымдарды қалыптастыруға әкеп соғады. Сондықтан құқықтық ұстанымдарды құқықтық сананың құндылықтары деп те атайды. О.В. Бондаренко мен О.К. Строеваның айтуынша, құқық субъектісінің мінез-құлқының заңдылығының деңгейі, атқаратын міндеттерінің маңыздылығын іштей сезінуі, құқықты саналы және ерікті сақтау қажеттігі құқықтық ұстанымдарының жетілгеніне байланысты болады.
Субъектінің барлық құқықтық тәжірибесі аккумуляцияланып, құқықтық санаға шынайы мазмұн беретін іс-қимылдардың іргелі нормаларының ролін атқаратын өзіндік ұстанымдар мен бағыт-бардарларға трансформацияланады. Ойлауымызша, конституциялық құндылықтар адам санасына жеткізіліп, онымен мақұлданып қана қоймай, оның көзқарастарының, құндылықты бағдарларының органикалық элементіне айналғанында ғана заңға сай мінез-құлықты детерминациялай түседі.
Теңдік конституциялық құндылық бола тұра, өз болмысында тұлғаның құндылықты жүйесінің бір бөлігіне айналып, адамның құқықтық санасының бағыт-бағдарына айналады. «Константин Маркин Ресейге қарсы» ісі тұлғаның құқыққа сай мінез-құлқы ниеті ретінде аксиологиялық түсініктегі теңдік болған ситуациясына мысал бола алады.
Әскери офицер К. Маркин некесін бұзған соң бала күтіміне байланысты оған демалыс беру туралы өтінішпен басшылығына жүгінеді, алайда ресей заңнамасында мұндай демалыс беруге негіз болмағандықтан оның өтінішін орындаудан бас тартқан. К. Маркин Ресей Федерациясының Конституциялық сотына арнайы заңның теңдік сияқты конституциялық құндылыққа сай келмеуіне байланысты шағым берген.
Төменде берілген 1 кестеде бұл кейсті тура және тиімді талдау мақсатында іске қатысты ресейлік және қазақстандық заңнамалардың нормалары салыстырмалы берілген.
Кесте 1
Ресей Федерациясының заңнамасы: |
Қазақстан Республикасының заңнамасы: |
Ресей Федерациясы Конституциясының 19-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекет адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне жынысына қатыссыз кепілдік береді. |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы 2-тармағына сәйкес жынысына байланысты ешкімді кемсітуге болмайды. |
Ресей Федерациясы Конституциясының 38-бабы 1-тармағында ана және бала, отбасы мемлекеттің қорғауында болатындығы аталған. Ресей Федерациясының Негізгі заңында әкелік жеке ажыратылмайтынын ескеру керек. |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабы 1-тармағына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. |
Ресей Федерациясының Конституциясында жыныстардың теңдігі пайымдалғанымен, “Әскери қызметшілердің құқықтық мәртебесі туралы” федералды заңының 11-бабы 13-тармағында жүктілік пен тууға байланысты, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыс тек әйел жынысты әскери қызметшілерге ғана берілетіні айтылған. |
“Әскери қызмет және әскери қызметшілердің құқықтық мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа әскери қызметшіге оның баянаты бойынша бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс беріледі, яғни демалыс әскери қызметшінің жынысына қатыссыз беріледі. |
Конституциялық сот К. Маркиннің шағымын әскери қызметшінің бала күтіміне байланысты демалысқа құқығының болмайтынын олардың айрықша құқықтық мәртебесіне және көптеген әскери қызметшілердің кетіп қалуына байланысты өз міндеттерін орындамауға жол бермеу қажеттігіне байланысты екендігін уәждеп, қанағаттандырусыз қалдырған. Сонымен бірге Конституциялық сот әскери қызметшілер өздерінің әскери мәртебесіне байланысты міндеттерімен ерікті түрде келісетінін және өз балаларын күтуіне байланысты кету туралы шешім қабылдағанында әскери қызметтен мерзімінен бұрын шығуына құқығы бар екендігін де атап өткен. Шешімде әйел жынысты әскери қызметшілердің бала күтіміне байланысты демалысқа құқықтары айрықша тәртіпте көзделгендігі, өйткені әйелдер әскери қызмет өтеуде шектелген күйде қатысатындығы және аналыққа байланысты айрықша әлеуметтік роль атқаратындығы да айтылған болатын.
Шағымды қанағаттандырудан бас тарту К. Маркиннің Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына жүгінуіне негіз болған. Еуропа соты бұл шағымды қарастыра келе, Ресей заңнамасында Адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның (одан әрі - Конвенция) 8-бабымен қатыстылықта 14-бабының бұзылғанын атап өткен, басқаша айтқанда офицерге бала күтіміне байланысты демалыс беруден бас тарту жыныстық белгісіне қарай кемсіту болатындығын көрсеткен. Атап айтқанда, Конвенцияның 8-бабының 1-тармағы бойынша әркім өзінің жеке және отбасы өмірін құрметтеуге құқы бар. Конвенцияның 14-бабы Конвенцияда танылған құқықтар мен бостандықтарды тану жынысы, нәсілі, тері түсі, тілі, діні белгісі бойынша ешбір кемсітусіз қамтамасыз етілуі керек дей келе, кез келген формадағы кемсітушілікке тыйым салады».
Ойлауымызша, бұл іс конституциялық құндылықтың тұлғаның заңға сай іс-қимылдарының детерминанты бола алатындығына мысал. «In fraudem legis facit, qui salvis verbis legis, sententiam ejus circumvenit» – заңды оның әрпін сақтай отырып айналып өтуші заң рухында әрекет етпейді деген латын апофегмасында. Атап айтқанда, К. Маркиннің берген шағымдары теңдік идеясына негізделген, ол бұл жағдайда әлеуметтік белсенді құқыққа сай мінез-құлқын анықтайтын құндылықты ұстаным ретінде көрініс тапқан.
Талқылау
Ю.Ю. Ветютневтің жазуынша, құқық философиясының көптеген теорияларында теңдік “іргетас” ретінде қарастырылады, өйткені көп жағдайда осы мәселе құқықтың квинтессенциясы және оның негізгі мәні болмақ. Теңдік құқықтық ориентир ретінде рұқсаттылықты, қандай да бір инструменттердің іске асырылу мүмкіндігін, құқықтық реттеу деңгейін, жария биліктің жауаптылығын анықтап отырады. В.Д. Зорькиннің жазуынша, адамдардың әлеуметтік қатынастарында және мінез-құлықтарында теңдікті ізбе-із іске асыру қоғам мен мемлекеттің шынайы заңды жағдайының маңызды конституциялық сипаттамасы ретінде құқық үстемдігінің міндетті шарты болып табылады.
Қорытынды
Осылайша, жеке тұлғаның құқықтық теңдік туралы идеялары тек тиісті құқықтық нормалардың мазмұнынан ғана тұрмайды. Теңдік тарихи маңызға ие халықаралық актілерде фундаменталды құндылықтар ретінде жарияланады. Мысалы, теңдік алдын ала ұстаным ретінде тұлғаның құқықтық санасында жалпы адами конституциялық құндылық ретінде қалыптасады. Адамның қоғамдағы өзінің құқықтық мәртебесін, сондай-ақ қоғамның басқа мүшелерінің бір-біріне қатысты мәртебесін түсінуі адамның құқықтық санасында оның құндылық бағдарының элементі ретінде теңдікті қалыптастырады және мінез-құлықтың мотиві бола алады.
А.К. Рустемова, магистр юридических наук, Senior lecturer Maqsut Narikbayev University, Институт конституционных и политических исследований (г. Астана, Казахстан): О влиянии конституционных ценностей на правомерное поведение личности на примере равенства.
Актуальность темы статьи обуславливается следующим. В условиях меняющегося мира задачи, стоящие перед обществом, государством и правом модифицируются и усложняются. В то же время, важнейшими среди них остаются обеспечение правомерного поведения, минимизация уровня правового нигилизма, повышение уровня правовой культуры и правового сознания. Между тем, объективно возрастает значение аксиологического измерения сфер деятельности человека, общества и государства. Представителями юридического научного сообщества в процессе исследования актуальных проблем права немаловажное значение уделяется ценностно-ориентированному подходу, в том числе конституционной аксиологии. Предметом исследования является влияние конституционных ценностей на правомерность поведения личности. Цель исследования заключается в выявлении механизма воздействия конституционных ценностей на правомерное поведение личности на примере такой ценности как равенство. Новизна статьи обусловлена тем, что проблема влияния конституционных ценностей на правопослушное поведение личности на сегодняшний день является малоизученной, более того, ранее не исследовалась в отечественной юридической науке. В процессе исследования были использованы общенаучные методы познания как системный анализ, синтез, индукция, сравнение, абстрагирование, а также феноменологический и социокультурные методы познания. В статье рассматриваются философские воззрения о понимании ценности античных и других мыслителей, понятие конституционной ценности. Автором изучены ряд философских и юридических трактовок равенства как конституционной ценности. Прослеживается вывод о том, что конституционные ценности, являясь элементом правового сознания личности и его ценностной ориентации, детерминируют правопослушное поведение.
Ключевые слова: ценность, конституционная ценность, конституционная аксиология, правомерное поведение, равенство.
A.K. Rustemova, Master of Law, Senior Lecturer Maqsut Narikbayev University, Institute for constitutional and political studies (Astana, Kazakhstan): On the influence of constitutional values on the lawful behavior of an individual using the example of equality.
The relevance of the topic of the article is determined by the following. In a changing world, the challenges facing society, the state and law are being modified and complicated. At the same time, the most important among them are ensuring lawful behavior, minimizing the level of legal nihilism, increasing the level of legal culture and legal consciousness. Meanwhile, the importance of the axiological measurement of the spheres of human activity, society and the state is objectively increasing. Representatives of the legal scientific community in the process of researching current problems of law, an important importance is given to a value-oriented approach, including constitutional axiology. The subject of the study is the influence of constitutional values on the legitimacy of individual behavior. The purpose of the study is to identify the mechanism of influence of constitutional values on the lawful behavior of an individual on the example of such a value as equality. The novelty of the article is due to the fact that the problem of the influence of constitutional values on the law-abiding behavior of a person today is poorly studied, moreover, it has not been previously investigated in domestic legal science. In the course of the research, general scientific methods of cognition such as system analysis, synthesis, induction, comparison, abstraction, as well as phenomenological and socio-cultural methods of cognition were used. The article discusses philosophical views on the understanding of the value of ancient and other thinkers, the concept of constitutional value. The author has studied a number of philosophical and legal interpretations of equality as a constitutional value. The conclusion is traced that constitutional values, being an element of the legal consciousness of the individual and his value orientation, determine law-abiding behavior.
Keywords: value, constitutional value, constitutional axiology, lawful behavior, equality.
Әдебиеттер тізімі:
References:
1. Barzilova I.S. Teoreticheskie aspekty ravenstva v rossijskom prave // Problemy ekonomiki i yuridicheskoj praktiki. 2018. № 4. S. 89-92.
2. Bondarenko M.V., Stroeva O.K. Pravovye ustanovki kak determiniruyushchij faktor pravomernogo povedeniya sub"ektov prava // YUridicheskaya nauka. 2018. № 3. S. 36-42.
3. Vetyutnev Yu.Yu. Aksiologicheskij status pravovogo ravenstva // Filosofiya prava. 2012. № 1. S. 90-95.
4. Zor'kin V.D. Cennostnyj podhod v konstitucionnom regulirovanii prav i svobod // Zhurnal rossijskogo prava. 2008. № 12. S. 3-14.
5. Komkova G.N. Kategoriya «cennost'» v konstitucionnom prave Rossii // Izvestiya Saratovskogo Universiteta. 2012. № 2. S. 97-99.
6. Kudryavcev V.N. Pravovoe povedenie: norma i patologiya. Moskva: Nauka, 1982. 287 s.
7. Martyshin O.V. Filosofiya prava: uchebnik dlya magistrov. Moskva: Prospekt, 2016. 490 s.
8. Maslovskaya T. S. Konstitucionnye cennosti i ih otrazhenie v mezhdunarodnom i nacional'nom zakonodatel'stve // Cennostnaya paradigma Osnovnogo zakona Respubliki Belarus'. Materialy respublikanskoj nauchno-prakticheskoj konferencii 14 marta 2013 g. / red.-kol.: G.A. Vasilevich [i dr.]. Minsk: Izdatel'skij centr BGU, 2013. 147 s.
9. Nenovski N. Pravo i cennosti / Neno Nenovski; Vstupitel'naya stat'ya i perevod kand.yurid.nauk V.M. Safronova; Pod redakciej dokt. yurid. nauk. V.D. Zor'kina. Moskva: Progress, 1987. 248 s.
10. Rikkert G. Filosofiya zhizni / per. s nem. Kiev: Nika-Centr, 1998. 512 s.
11. Rukavishnikov D.V. Sovremennye cennosti i ih vliyanie na pravomernoe povedenie: avtoreferat dis. … kand. yurid.nauk. Nizhnij Novgorod, 2011. 30 s.
12. Frank S. L. Duhovnye osnovy obshchestva. Moskva: Respublika, 1992. 510 s.
13. Foriers P. L’égalité et sa dialectique démocratique chez Montesquieu // Revue Internationale de Philosophie. 1971. № 97. L’égalité. P. 287-297.