DOI: 10.51634/2307-5201_2025_4_65
УДК 349.6
МРНТИ 10.53.23
А.Ж. ӘБДІЖӘМИ, хат-хабар авторы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы), e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Д.К. РУСТЕМБЕКОВА, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы), e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Елімізде халықтың әл ауқатын жақсарту үшін табиғаттың, қоршаған ортаның тазалығы, оны сақтау жолында заңдар қабылдау мен халықаралық құжаттарды ратификациялау жалғастырылуда. Бұл дегеніміз, Қазақстан Республикасындағы экологиялық ахуалдың халықаралық қоғамдастықтың бірлескен шешімдеріне негізделетінін, ортақ шешімдер арқылы күрделі мәселелерді еңсеруге мүмкіндік алатынын байқатады. Дегенмен құқықтық жауаптылықтың бір түрі ретінде тұрмыстық қатты қалдықтармен байланысты заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың құқықтық негіздерін талдау заңнамада әлі де түйінді мәселелер бар екендігін көрсетті. Бұл өз кезегінде экология саласындағы нормаларды бұзу үшін тиісті мәжбүрлеу механизмдері мен болашақта осы саладағы еліміздің заңнамасын жетілдіру мен құқықтық нормалардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Жұмыстың мақсаты қылмыстық заңнамадағы қалдықтармен байланысты қылмыстардың ресми тіркеуге жетпеуінің себептерін ашып көрсету арқылы теория мен практикалық шешімдерін анықтау. Қалдықтарды жеңуде жетістікке жеткен Европа елдері (ЕО - Польша, Германия және т.б.) тәжірибесін зерттеу аталған елдерге ортақ заңдылықтың – қылмыстық жауаптылықтың нақтылығы мен дәлдігін көрсетті. Зерттеу нәтижесінде экология саласындағы қылмыстық құқық бұзулардың үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудағы кедергілері айқындалып, аталған саладағы қылмыстылықтың ресми статистикасы негізінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар ензігу ұсынылды.
Кілт сөздер: тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ), Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі, экологиялық қылмыстар, заңсыз айналым, экологиялық құқық, қылмыстық жауаптылық, абайсыздық, қасақаналық, халықаралық тәжірибе, Польша тәжірибесі, Германия тәжірибесі.
Кіріспе
Өмір сүру барысында адамзат қоршаған ортаға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Ол жағымды (табиғатты аялау, әр түрлі келеңсіздіктердің алдын алдын алу, ағаш егу, бұлақ көзін ашу, тазалық сақтау, қоқыстарды шашпау, өртемеу т.б.) немесе жағымсыз (жан-жануарларды қырып-жою, жер қыртысын, ауаны ластау, жерді заңсыз құрғату т.б.) сипатта болуы мүмкін. Жағымсыз қатынастардың әсерінен қоршаған ортаға орасан зор қауіп төндіріп отырған мәселе - тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) болып отыр. Әлем алдында қоқыстарды басқару қажеттілігі күн тәртібінде. ТҚҚ басқаруды тиімді әрі қауіпсіз түрде жүзеге асыру үшін белгіленген нормаларды құқықтық реттеу мен құқықтық жауаптылық механизмдерін талап етеді.
Құқықтық жауаптылық мәселесі қай салада болсын маңызға ие. Еліміз әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде қалдықтарды басқару саласында ірі реформалар жүргізіп, құқықтық базаны нығайту үшін жұмыстар жүргізуде. Кейбір әлем елдердің оң тәжірибесін және халықаралық құжаттардың талаптарын ескере отырып, қылмыстық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар жасалды.
Материалдар мен әдістер
Қалдықтардың кең таралған түрі-қоршаған ортаға, адам денсаулығына және экономикаға әртүрлі жағымсыз әсер ететін тұрмыстық қатты қалдықтар. ТҚҚ басқару саласындағы табиғатқа жағымсыз салдардың алдын алу үшін мемлекет экологиялық құқықтың барлық субъектілері үшін міндетті талаптарды белгілейді.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің нормаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ТҚҚ жинау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша белгіленген ережелерді сақтауға міндетті.
Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі заңнаманың талаптарын, шектеулері мен тыйымдарын сақтамау жер бетінің, топырақтың, ауа мен судың ластануына, түрлі аурулардың таралуына, сондай-ақ экономика саласындағы шығындарға әкелуі мүмкін. Жыл сайын әлемде диарея, безгек, жүрек ауруы және қатерлі ісік сияқты қалдықтармен байланысты аурулардан 400 000-нан 1 миллионға дейін адам қайтыс болады [1].
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) 2025 жылғы болжамы бойынша «Әлем қалалары жыл сайын 2,2 млрд тонна қалдық өндіретін болады. Бұл 2009 жылы өндірілген көлемнен үш есе көп» [2].
2050 жылға қарай әлемде қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілу көлемінің 3,8 млрд тоннаға дейін өсуі болжануда [3].
ТҚҚ құрамына үйде, сауда объектілерінде және басқа да шағын кәсіпорындарда, коммуналдық қызметтерді жеткізушілерде және әртүрлі қызмет көрсетушілерде пайда болатын қалдықтар кіреді. ТҚҚ құрамында күн сайын коммуналдық шаруашылыққа жатпайтын көптеген бөлшектер пайда болады. Мысалы, өндірістік қалдықтар, ауылшаруашылық қалдықтары, құрылыс материалдары қалдықтары, медициналық қалдықтар, электронды қалдықтар және басқа да қоқыстар. Аралас қалдықтар қоғам үшін ең үлкен қауіп болып табылады.
ТҚҚ-мен жұмыс істеу, әдетте, жергілікті қызмет болып табылады және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретіне кіреді. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдаулар рәсімінен өтетін үш жылдық кезеңге арналған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Жоспарын әзірлейді және бекітеді [4].
Содан кейін жыл сайынғы негізде, есепті кезең аяқталғаннан кейін 1 ақпаннан кешіктірмей Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Жоспарының орындалуы туралы есеп беруге міндетті. Жұртшылықты осы іс-шараларға тарту экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жауапты қадам болып табылады. Осыған байланысты әрбір тұрғынның миссиясы жергілікті билік органдарына көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл болуы тиіс, өйткені ТҚҚ-ды барлық тұрғындар қалыптастырады, оларды жинау схемалары барлығын және барлық жерде қамтуы тиіс.
Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, заң талаптары үнемі орындала бермейді. Деректерде экологиялық қылмысқа байланысты жыл сайынғы шығындар 91 миллиард доллардан 258 миллиард долларға дейін бағаланады. Бұл экологиялық қылмысты есірткі саудасы, адам саудасы және фальсификациялаудан кейінгі әлемдегі төртінші ірі қылмыстық әрекетке айналдырады. Ол жылдық қарқынмен 5-тен 7% - ға дейін өседі [5].
Қарағанды облысының Экология департаменті 2023 жылы рұқсат етілмеген 739 қоқыс үйіндісін анықтады. Оның ішінде тек 50 бұзушы экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 680 рұқсат етілмеген полигондар жойылды. Департаменттің мәліметінше, Қарағанды облысында 168 ТҚҚ полигондары бар. Оның 43 % - ы ғана заңдастырылған, қалғандары рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істейді. Құжаттарды рәсімдеуге қатысты қарым-қатынастың ұзаққа созылуының басты себебі-санитарлық нормаларға сәйкессіздік [6].
Астана қаласы әкімдігінің деректері бойынша 2021 жылы 330 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс учаскелерден тыс жерлерге шығарылды [7].
Осы орайда қалдықтарға қатысты қылмыстылықтың ресми статистикасына назар аударсақ: экологиялық құқықбұзулар бойынша 2024 жылы 385 іс өндірісте болған, оның ішінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бірыңғай тізілімі (ЕРДР) базасында есепті кезеңде тіркелгені 275 іс, алдыңғы жылдары жасалған қылмыстар саны 27 болса, ал 2025 жылы 319 іс өндірісте болған, оның ішінде ЕРДР базасында есепті кезеңде тіркелгені 230 іс, алдыңғы жылдары жасалған қылмыстар саны 15 [8].
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің 13-тарауы «Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар (авт. «бұзулар» деп өзгерту керек. «-шылық, -шілік жұрнағы есім сөздерден жаңа сөз жасайтын жұрнақ. Құқық бұзушылықтар дегенде бұзу есім сөз емес, етістік. Оның үстіне тіліміздегі шұбалаңқы сөздерден, калька аудармадан құтылуымыз керек. Құқық бұзу, құқық бұзулар» деп заңда белгілесе, сөздің мән-мағынасы өзгермейді әрі сөзді қолдану да жеңіл) деп аталып, 20 қылмыс құрамы үшін жауаптылықты көздеген. Жоғарыдағы статистикалық мәліметтерге сәйкес тіркелген экологиялық қылмыстардың 94% – ы үшін ғана, яғни 4 бап бойынша қылмыстар тіркеуге жеткен. Олар: 334-бап «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» – 34 іс, 335-бап «Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары не өсімдіктерді заңсыз алу» құрамы – 70 іс, 337-бап «Заңсыз аңшылық» – 48 іс, 339-бап «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе туынды заттарымен (дериваттарымен) заңсыз айналысу» құрамы бойынша – 110 іс құраған [8].
Нәтижелер мен талқылаулар
Криминологияда қылмыстылықтың алдын алуды болжау кезінде статистикалық талдаулардың шынайылығына қол жеткізу үшін қысқа мерзімді статистикамен қатар, 10-20 жыл бұрынғы мәліметтерге жүгінеді. Біз Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды басқару нормаларын талдауда салыстыру үшін күшін жойған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі әрекет еткен кездегі 2010 жылғы статистиканы да зерттедік. Бұл кезеңде 253 іс өндірісте болған, оның ішінде тіркеу базасында есепті кезеңде тіркелгені – 184 іс, алдыңғы жылдары жасалған қылмыстар жайлы мәліметтер ЕРДР –де жоқ. Енді осы 2010 жылы тіркелген қылмыс түрлерін талдайтын болсақ, ең көп тіркелген істер бойынша картина төмендегідей: «Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз өндіру» (287-бап) – 97, «Заңсыз аң аулау» (288-бап) – 69, «Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне заңсыз қарау (290-бап) – 15, «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу» (291-бап) – 65 іс.
Байқағанымыздай, жиі жасалатын экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша тіркелген істер 2010, 2025 жылдары қылмыс түрлері бойынша аса өзгермеген, екі заң әрекет еткен уақытта да аталған қылмыс құрамдары көп тіркелген және өзара салыстырғанда сандық көрсеткіштерде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Өз кезегінде басқа қылмыс түрлерінің тіркелмеуі алаңдату тудырады. Бір жағынан, қылмыстардың аз жасалуы қылмыстық жаза мақсаттарының қол жетімділігінің жоғары болуын көрсетуі мүмкін. Қылмыстық іс-әрекеттер жасалмаса, қылмыстылықтың алдын алу мақсаты орындалып, қылмыскерлерді түзеудің қажеттілігі болмай қалады. Екінші жағынан, бұл Қылмыстық кодекстің 13-тарауының нормаларының 4/5 бөлігінің декларативтік сипат алғанын, сот-тергеу практикасының жұмыс істемейтінін көрсетеді. Қылмыстылықтың ресми статистикасы болса, экологиялық қылмыстылықтың әлеуметтік ауқымы мен таралуының нақты санын көрсетпейді. Мысал ретінде қалдықтардың таралуын азайтуда заңнамасын жүйелендірген ЕО елдері ішінен Польшадағы экология саласындағы қылмыстардың ресми статистикасына назар аударайық.
Польшада бірнеше жылдан бері экологиялық қылмыстардың тіркелуінің өсуі, әсіресе қалдықтарды дұрыс пайдаланбауға байланысты байқалды. Мысал ретінде Қылмыстық кодекстің 183-бабында көзделген «Қалдықтарды тиісінше пайдаланбау, соның ішінде адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін тәсілмен қалдықтарды полигондарға орналастыру» қылмысын келтіруге болады. 2015 жылы – 43 іс, 2023 жылы – 415 іс анықталған [9].
Айта кету керек, Польша Қылмыстық кодексінің 183 (1) – бабы қалдықтардың заңсыз айналымын кеңінен қамтиды. Онда қалдықтардың заңсыз айналымы ретінде адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге теріс әсерінің алты объективтік жағын құрайтын әрекет келтірілген: (а) қалдықтарды сақтау; (ә) кәдеге жарату; (б) қалдықтарды жою; (в) қайта өңдеу; (г) залалсыздандыру; (ғ) тасымалдау. Бұл іс-әрекеттер үшін айыппұл салуға, үш айдан сегіз жылға дейін бостандығынан айыру түріндегі және келтірілген зиянның орнын толтыруға немесе қалпына келтіру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Тағы бір назар аударатын мәселе, осы баптың §§ 1-3-те: «Егер көрсетілген әрекетті жасаған адам абайсызда (unintentionally) әрекет етсе, ол айыппұл, бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі», -деп бекітілуі. Қалдықтардың заңсыз айналымы үшін тек қана қасақана жасалған іс әрекет үшін ғана емсе, абайсыздық нысанындағы әрекет үшін кінәлі субъектілер де жауаптылыққа тартылатыны белгіленген.
Бұл ел қалдықтармен байланысты қылмыстарға қатаң жаза мен жазадан құтылмайтындық принципінің негізінде осы салада үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Оны қылмыстылықтың 2015 жылғы және 2023 жылғы статистикасының едәуір айырмашылығы ғана емес, ЕО-тың 2003/35/EC Директивасын қабылдауынан да аңғарамыз. Директива мүше мемлекеттерге қоршаған ортаны қорғауға қатысты іс жүргізуге қатысу үшін жұртшылыққа тиімді мүмкіндіктер беру мен ақпараттандыру міндеттерін жүктейді. Мүше мемлекеттер жоспарларға немесе бағдарламаларға қатысты өтініштер туралы жұртшылықты хабардар етуді, өз пікірін білдіру мүмкіндігін, сондай-ақ шешім қабылдау кезінде жұртшылықтың қатысу нәтижелерін ескеруді қамтамасыз етуге тиіс екендігін заңи бекіткен [10].
2022 жылы Польша Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес экологиялық қылмыстардың екі түрі ажыратылды: қоршаған ортаның негізгі ортасын ластаумен байланысты әрекеттер (су, ауа, жер секілді экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттер) және тікелей табиғи ортаға қарсы бағытталған іс әрекеттер. Осының нәтижесінде әрбір азаматтар мен заңды тұлғалар қалдықтарды басқару процесінің белсенді қатысушысы ретінде қылмыстылықтың алдын алуға және оған төзімсіздікке атсалысып келеді. Европалық Одақтың көптеген Директивалары мен мемлекеттің қалдықтарды басқару саласындағы саясатының мақсаттарының (қоршаған ортаның сапасын сақтау, қорғау және жақсарту, адам денсаулығын қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану, климаттың өзгеруіне қарсы күресті шешу үшін халықаралық деңгейде шаралар қабылдауға жәрдемдесу) кешенділігі жетістікке жетудің қадамдарын мойындатып келеді.
Еуропалық Парламенттің және ЕО Кеңесінің «Қоршаған ортаны қылмыстық-құқықтық қорғау туралы» Директивалары 2008.11.19 № 2008/99/ негізінде Одақ елдерінің заңнамалары біріңғайланды. Мысалы, Германияда қалдықтар айналымы, жануарларды қорғау мен суларды ластау аясында жасалатын экологиялық қылмыстар үшін жауаптылық жүйесі белгіленген. Бірақ осындай қылмыстық үкімдердің абсолюттік саны көп емес, қылмыстардың көпшілігі айыппұл салумен аяқталады (57%) [11].
Директивада Тараптардың әрқайсысы қоршаған ортаны қорғауға жауапты органдардың қылмыстарды тергеп-тексеруге және қылмыстық қудалауға жауапты органдармен ынтымақтастығын қамтамасыз ету жөнінде қажетті және барабар шаралар қабылдайтынын белгіледі. Сонымен қатар, ұлттық деңгейде әкімшілік-құқықтық қана емес, қылмыстық жауаптылыққа тартуды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау керектігін ұсынды. Германия заңнамасында қалдықтарды қасақана рұқсатсыз өңдегені үшін айыппұл салынады немесе бес жылға дейін бостандығынан айырылады. Ал абайсыздық жағдайында, кездейсоқ қалдықтарды тиісті рұқсатсыз өңдейтін болса, айыппұл немесе үш жылға дейін бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады екен [12].
Еліміздің Қылмыстық кодексінде белгіленген барлық экологиялық құқықбұзуларды теорияда тікелей объектісіне қарай екіге бөледі: а) Жалпы сипаттағы экологиялық қылмыстық құқық бұзу(шылықт)лар; б) арнайы экологиялық қылмыстық құқық бұзу(шылықт)лар [13].
Жалпы сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар тұтастай алғанда табиғи ортаға, арнайы экологиялық қылмыстарға – табиғи ортаның компоненттеріне немесе құрамдас бөліктеріне (ауа, су, жер және т. б.) қол сұғатын қылмыстар жатады [14].
Экологиялық құқық бұзулар құрамдары арасынан қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарға қол сұғатын арнайы экологиялық қылмыстарды талдап көрейік. ҚР ҚК «328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу», «329-бап. Атмосфераны ластау», «330-бап. Теңiз ортасын ластау», 332-бап. Жердi бүлдiру» құрамдары қалдықтармен байланысы бар экологиялық қылмыс құрамдары болып табылады. Бұл құрамдарда қылмыс жасау орны әр түрлі. Бірі суларға, бірі атмосфераға, теңіз ортасына, жерді ластағаны үшін жауапқа тартуды көздейді және олардың әрбірі бойынша ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 113-бабының 1-тармағына сәйкес «Қылмыстық iс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар» қатарында. Аталған құрамдарды талдау нәтижесінде көрсетілген нормалардың диспозицияларын біріздендіру қажет деп ойлаймыз. Мәселен, экологиялық талаптарды бұзумен байланысты қылмыстардың барлығы да материалдық құрамдағы қылмыстарға жатады, қылмысты аяқталды деп есептеу үшін құрамның объективтік жағын құрайтын әрекеттер «айтарлықтай залал», «ірі залал», «аса ірі залал» келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтіруі тиіс. Залалдардың түрлері бойынша «Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу үшін» айтарлықтай залал келтіргені үшін жауаптылық көзделген. Атмосфералық ауаны, теңіз ортасын немесе жерді бүлдіру үшін айтарлықтай залал неліктен белгіленбеген? Әлде осы құрамдар үшін жүз мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың қасиеттерін қалпына келтіру үшін кететін шығындар өтелмеуі тиіс пе? Бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ластау болғанға дейін атмосфераға, жерге, теңізге залал келгенін күту керек пе? Атмосфералық ауаға, жерге қалдықтарды заңсыз тастап, айтарлықтай, ірі немесе аса ірі залал келтіру оқиғалары көп (мысалы, 24 қыркүйек 2013 жылғы Қашаған кен орнында газ құбырының жарылып, салдарынан күкіртті сутектің (ілеспе-қаттық газ) ағуы оқиғасы орын алды, кен орнының жерүсті және теңіз кешендерінің алау қондырғыларына жіберіліп өртелді [15]. NCOC және Agip KCO компаниясы Атырау облыстық экология департаментінің бағалаған экологиялық аса ірі залалы – 134 миллиард теңге айыппұл салу туралы ұйғарымының заңдылығымен келіспей, сотқа жүгінді. Алайда сот ұйғарымды күшінде қалдыру шешімін шығарды [16].
2014 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, NCOC және ӨҮК қатысушылары арасында соңғы бірнеше жыл ішінде туындаған бірқатар өндірістік, қаржылық және экологиялық мәселелер реттеліп, 134 млрд экологиялық залалды кешіріп, бұған дейін төленген 10 млрд 287 млн. есебіне жатқызылып, өзара келісімге келді [16].
Кейіннен ЭКСПО көрмесін өткізуге 50 млрд теңге беретін болып, Қазақстан тарабы осы саладағы нормативтік актілерді халықаралық нормаларға сәйкестендіру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу туралы уағдаласқан еді. Бұл қылмыс құрамын анықтаудың тәжірибелік қиындықтары болып ресми тіркеуге дейін жетпей отырғанын және әкімшілік және қылмыстық құқықбұзулар туралы құрамдарды заңнамада қатаң реттеудің жеткіліксіздігін көрсетеді.
Тағы бір мәселе, заң шығарушы аталған баптардың атауына қатысты да бір жүйелілікті сақтамаған. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу деп атайды, бірақ теңiз ортасын ластау дейді. Адамзат тіршілік ету барысында теңіздерді қоқысқа толтырып, сарқу әрекеттерін жасап отырғаны баршаға мәлім (Қашаған мысалы назарымызда). Ендеше, неге теңізге қатысты ластау, қоқыстау немесе сарқу деп бапты атамағаны түсініксіз. Әлде атмосфералық ауаға қоқыстардың әсері жоқ деп кім айта алады? Газ толтырған шарлар әлдеқашан аспанда ұшып ауаны ластауда, зауыттардан шыққан қалдықтар атмосфералық ауаның құрамын бұзуда. Жерді қоқыстармен бүлдіру орын алып жүр емес пе? Жерге тастағанның бәрі қай кезде екені белгісіз, ауаға жететіні анық қой. Әйтпесе, орманы көп аймақтың ауасы мен өндіріс орындары көп аймақтың ауасы неге бірдей болмайды?
Бұл осы қылмыстарды тіркеуге дейін жеткізуге немесе әкімшілік құқықбұзушылықтар деп тану әрекеттерін нақты анықтап, қоршаған ортаға келетін залалды азайтуға ықпалын тигізер еді. Залалдарды анықтағанмен, экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың қасиеттерін қалпына келтіру үшін кететін шығындарды бюджетке қайтару өте баяу жүреді. 2025 жылғы статистикалық мәліметтерде жоғарыдағы баптардың ішінен тек қана «Атмосфераны ластау» құрамы бойынша материалдық залалдың және оның өтелуінің белгіленген сомасы туралы мәліметтер (мың теңгемен) ғана тіркелген. Қалған құрамдар бойынша қылмыстық іс тергеуге, сотқа жетпеген. 329-бап бойынша жалпы сомасы 102 718,03 мың теңге залал келген, оның 83335,03 мың теңгесі мемлекетке, 19383 мың теңгесі жеке тұлғаларға келтірілген. Қайтарылған сомасы – 1 186,571 мың теңге. Ол мемлекетке қайтарылған. Жеке тұлғаларға қатысты шығындар уақытылы төленбеген. Жалпы соманың 5732061,406 мың теңгесі бойынша қылмыстық істердің тергеу мерзімі тоқтатылған, олар бойынша төленгені 507 150 мың теңге. Сонда шамамен 1 % ғана шығын қалпына келтірілген [8].
Жоғарыдағы статистика Қылмыстық кодексте «Атмосфераны ластау» (экологиялық заңнамада атмосфералық ауаны қорғау деп белгіленген) үшін ғана залал келеді, басқа орындарда экологиялық нормалар бұзылмайды дегенді білдірмесе керек. Бұл құқық қорғау органдары қызметінде экологиялық құқық бұзуларды анықтау мен тергеуге, сот практикасына қатысты мәселе бар екенін білдіреді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикас Қылмыстық кодексінде қалдықтардың заңсыз айналымына қарсы іс-әрекеттер үшін жауаптылық тікелей белгіленбеген. Заңда радиоактивті заттар, қауіпті заттар үшін ғана жауаптылық бекітілген. Ол болса, өз кезегінде қалдықтардың заңсыз айналымына қарсы іс-әрекеттер (экологиялық заңнамаға сәйкес кез келген қалдықтардың түрлерін - сақтау; кәдеге жарату; қалдықтарды жою; қайта өңдеу; залалсыздандыру; тасымалдау) үшін жауапқа тарту мүмкіндіктерін шектейді.
Бұл тек құқық қорғау органдары алдында тұрған мәселе емес, осындай қылмыстарды ашумен, сот тергеумен айналысатын болашақ қызметкерлердің алдында білім алумен байланысты мәселелердің де бар екенін көрсетеді.
Келесі мәселе, кінә формасына қатысты. Экологиялық қылмыстар «Ормандарды жою немесе зақымдау» құрамын қоспағанда тек қана қасақаналықпен жасалады. Ұқыпсыз қолдану салдарынан немесе немқұрайлылық нәтижесінде қоршаған ортаға қаншама залал келіп жатыр, тіркелген құқық бұзулардың басым бөлігі қылмыс құрамы элементтері болмауына байланысты (экологиялық құқық бұзушылықтармен келтірілген залал сомасы 2966263,748 мың теңгенің 401404,332 т. қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты мән-жайлар негізінде қысқартылған. 4 бөлім. Аяқталған қылмыстық істер бойынша материалдық залалдың белгіленген сомасы және оның өтелуі туралы мәліметтер). [8].
Экологиялық қылмыстар қоршаған ортаға зиян келтіретін заңсыз мәмілелерден ақша табуға болатын кез келген жерде болады. Эко-қылмыскерлер Қазақстанға жыл сайын 3,5 миллиард теңгеге зиян келтіреді, ал 20-дан азын өтейді [17].
Қылмыстық кодекстің 341-бабындағы ормандарды жою немесе зақымдау құрамында неліктен «ұқыпсыз қолдану салдарынан жою не зақымдау» әрекеттері белгіленген? Суларды, жерді, ауаны бүлдіру кезінде де қалдықтарды тастау, ұқыпсыз қолдану, ластау орын алады емес пе?
Ғылыми зерттеулерде де экологиялық қылмыстар үшін кінә формасы бойынша дұрыс саралаудың маңыздылығын көрсеткен. «Экологиялық заңнаманың кейбір бұзушылықтары қасақана да, абайсызда да жасалуы мүмкін (су, жер, ауа және т.б. ластанған жағдайда). Мысалы, бір апта ішінде Өскемен су қоймасына шекті рұқсат етілген концентрациясы 300-ден астам зиянды заттар бар тазартылмаған айналым суы төгілді. Мұның себебі жергілікті байыту фабрикасындағы ақаулар болды, сондықтан бұл жағдайда зиян келтірушінің ниеті байқалмайды» [18].
З.ғ.д., профессор Р.Т. Нуртаев «Абайсыздық үшін қылмыстық жауаптылық Республиканың Қылмыстық кодексінің тиісті бабында тікелей белгіленгенде туындайды», – деп жазған [19].
«Іс-әрекеттің субъективтік жағы кінәнің қасақаналық та абайсыздық та нысанын білдіреді» деп «Атмосфераны ластау», «Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу» құрамына қатысты жазған [13, 270].
Алайда арнайы оқу-методологиялық материалдардың жетіспеушілігі мен қасақаналық пен абайсыздықты ажыратудың алгоритмі заңи бекітілмегендіктен, құқыққорғау органы қызметкерлері алдында кінә нысандарын бекітуге қатысты күрделі мәселе туындайды. Ол «Абайсыз қылмыстардың алдын алу проблемасымен тығыз байланысты тағы бір мәселе – олар келтіретін зиянды азайту. Себебі, абайсыз қылмыстардың себептері, демек, олардың өздері жақын арада толығымен жойылуы екіталай. Сондықтан олар келтіретін зиянды азайту үлкен практикалық маңызға ие» деген П.С. Дагельдің пікірін растайды [20, 79].
Қорытынды
Олай болса, зерттеу нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келдік:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде тұрмыстық қатты қалдықтардың заңсыз айналымына қарсы іс-әрекеттер үшін жауаптылық мәселесін толығымен шешу үшін:
– біріншіден, практикада дәл осы келтірілген залалдың көлемін анықтау барысында қылмыстық іс қысқартылып, қоршаған ортаға зиян келтіру іс-әрекеттері үшін әкімшілік жауапқа тартуға ауысуы мүмкін;
– екіншіден, экологиялық құқықбұзуларда қасақаналық фактісін анықтаудың қиындығы мен тергеу методологиясының болмауы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 18 маусым № 1 2004 жылғы нормативтік қаулысында кінә нысандарына қатысты заңнаманы қолдану жайлы түсіндірілмеген [21];
– үшіншіден, Құқыққорғау органы қызметкерлерінің қылмысты ашуға құлықсыздығы. Бұл қатарда мамандарды дайындауға ерекше назар аудару қажет. EPVO базасындағы жоғары оқу орындарының құқықтану (бакалавр) білім беру бағдарламаларында тұрақты даму мақсаттарын оқытатын «Экологиялық құқық» пәні жоқтың қасында (Қолданыстағы 47 білім беру бағдарламаласының 23-інде ғана пән ретінде бекітілген. – EPVO базасы, https://epvo.kz/#/register/education_program).
Білікті заңгерлерді дайындау мемлекеттегі қылмыстардың алдын алуда, заңдарды қабылдау мен мемлекеттік саясатты анықтауда да маңызды екенін ескерсек, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 13-тарауының нормаларының 4/5 бөлігінің декларативтік сипатын азайтып, Германия секілді мемлекеттердің экологиялық қылмыстарды тіркеудегі тәжірибесін зерделеп, ресми тіркеуге жеткізуге де мүмкіндіктер туғызатыны анық.
Бұл өз кезегінде қалдықтарды бастапқы сұрыптаудың тиімділігін насихаттау және тиісті шаралар қабылдап, жолға қоюдың жеткіліксіздігін байқатады. Сондықтан «Бұл жолда мемлекет ең алдымен бала бақшадан бастап, мектеп, колледж, жоғары оқу орындары деңгейінде жүйеленген түрдегі білім беруді қамтамасыз етіп, қоқыстарды сұрыптаудың маңыздылығын ғана емес, оларды қалай, қайда сұрыптау керектігін, ынталандыру жүйесін жолға қоюы тиіс. Ынталандырудың төмен болуы азаматтар мен ұйымдарды тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптаудың пайдасы мен дұрыс басқарудың маңыздылығын түсінбеуіне әкелуі мүмкін» екендігі шығады [22].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «329-бап. Атмосфераны ластау», «330-бап. Теңiз ортасын ластау», 332-бап. Жердi бүлдiру» құрамдары қалдықтармен байланысы бар экологиялық қылмыс нормалардың диспозицияларын «айтарлықтай залал», «ірі залал», «аса ірі залал» келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасағаны үшін деп залал түрлеріне қатысты біріздендіруді қажет етеді.
Қоршаған ортаны қорғау тек ұлттық деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде де жүзеге асырылуы керек. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстық құқықтың рөлін халықаралық деңгейде де дамыту қажет.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады. (Грант № AP23490668).
А.Ж. Абдижами, автор корреспондент, кандидат юридических наук, ассоциированный профессор, заведующая кафедрой гражданского и трудового права Карагандинского университета имени академика Е.А. Букетова (г. Караганда, Республика Казахстан); Д.К. Рустембекова, доктор PhD, ассоциированный профессор, профессор кафедры гражданского и трудового права Карагандинского университета имени академика Е.А. Букетова (г. Караганда, Республика Казахстан): Ответственность за противодействие незаконному обороту твердых бытовых отходов в уголовном кодексе Республики Казахстан: законодательные и практические аспекты.
В стране продолжается принятие законов и ратификация международных документов, направленных на улучшение благосостояния населения, чистоту природы, окружающей среды, ее сохранение. Это означает, что экологическая ситуация в Республике Казахстан основывается на совместных решениях международного сообщества, дает возможность преодолевать сложные проблемы через общие решения. Однако анализ правовых основ уголовной ответственности за нарушение законодательства, связанного с твердыми бытовыми отходами, как одной из форм правовой ответственности показал, что в законодательстве все еще есть ключевые вопросы. Это, в свою очередь, способствует надлежащим механизмам принуждения к нарушению норм в области экологии и в будущем совершенствованию законодательства страны в этой сфере и повышению эффективности правовых норм. Целью работы является выявление теоретических и практических решений преступлений, связанных с отходами в уголовном законодательстве, путем раскрытия причин недостижения официальной регистрации. Изучение опыта стран Европы (ЕС – Польша, Германия и др.), добившихся успеха в преодолении отходов, показало реальность и точность общей для данных стран легитимности – уголовной ответственности. В результате исследования выявлены препятствия в привлечении к уголовной ответственности за уголовные правонарушения в области экологии, предложены изменения и дополнения в Уголовный кодекс Республики Казахстан на основе официальной статистики преступности в данной сфере.
Ключевые слова: твердые бытовые отходы (ТБО), Уголовный кодекс Республики Казахстан, экологические преступления, незаконный оборот, экологическое право, уголовная ответственность, халатность, преднамеренность, международный опыт, опыт Польши.
A.Zh. Abdizhami, corresponding autor, Candidate of Law, Associate professor, Head of the Department of Civil and Labor Law of the Karaganda University named after Academician E.A. Buketov (Karaganda, Kazakhstan); D.K. Rustembekova, PhD, Associate professor, Professor of the Department of Civil and Labor Law of the Karaganda University named after Academician E.A. Buketov (Karaganda, Kazakhstan): Responsibility for combating illegal trafficking of solid household waste in the Criminal Code of the Republic of Kazakhstan: legislative and practical aspects.
The country continues to adopt laws and ratify international documents aimed at improving the well-being of the population, the purity of nature, the environment, and its preservation. This means that the environmental situation in the Republic of Kazakhstan is based on joint decisions of the international community, which makes it possible to overcome complex problems through common solutions. However, an analysis of the legal basis of criminal liability for violations of legislation related to solid household waste, as one of the forms of legal liability, has shown that there are still key issues in the legislation. This, in turn, contributes to appropriate enforcement mechanisms for violations of environmental standards and, in the future, to the improvement of the country's legislation in this area and to increase the effectiveness of legal norms. The aim of the work is to identify theoretical and practical solutions to crimes related to waste in criminal legislation by revealing the reasons for the failure to achieve official registration. Studying the experience of European countries (EU - Poland, Germany, etc.) that have succeeded in overcoming waste has shown the accuracy and precision of the legitimacy common to these countries - criminal liability. As a result of the study, obstacles in bringing to criminal responsibility for criminal offenses in the field of ecology were identified, amendments and additions to the Criminal Code of the Republic of Kazakhstan were proposed based on official crime statistics in this area.
Keywords: solid waste management, Criminal Code of the Republic of Kazakhstan, environmental crimes, illegal trafficking, environmental law, criminal liability, negligence, premeditation, international experience, Polish experience, German experience.
Әдебиеттер тізімі:
1. Turning Waste into Wealth: The Republic of Korea's Experience. Project Result / Case Study 20 September 2024. URL: https://www.adb.org/results/turning-waste-wealth-republic-koreas-experience# (08.09.2025).
2. Pollution is jeopardizing ecosystems and human health, whether through air, soil and water pollution, or exposure to harmful chemicals. URL: https://www.unep.org/topics/chemicals-and-pollution-action (08.09.2025).
3. United Nations Environment Programme (2024). Global Waste Management Outlook 2024. URL: https://www.unep.org/resources/global-waste-management-outlook-2024 (08.09.2025).
4. Об утверждении Правил разработки плана мероприятий по охране окружающей среды от 21 июля 2021 года № 264. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023674 (08.09.2025).
5. IUCN. Convention on the Protection of the Environment through Criminal Law. Nov 4, 1998. URL: https://www.ecolex.org/details/treaty/convention-on-the-protection-of-the-environment-through-criminal-law-tre-001292/ (08.09.2025).
6. Более 700 несанкционированных свалок выявлено при помощи космомониторинга в Карагандинской области. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/720062?lang=ru (08.09.2025).
7. Несанкционированные свалки: почти на 20,5 млн тенге оштрафовали нарушителей в столице. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/386151?lang=ru (08.09.2025).
8. Правовая статистика. URL: https://qamqor.gov.kz/crimestat/statistics (08.09.2025).
9. Mitsilegas V., Fitzmaurice M., Fasoli E. Fighting Environmental Crime in Poland: A Country Report. 2015. URL: https://efface.eu/sites/default/files/EFFACE_Fighting%20Environmental%20Crime%20in%20Poland/index.pdf (08.09.2025).
10. What are the key legal acts and regulations concerning environment protection? URL: https://www.dudkowiak.com/environmental-law-in-poland (08.09.2025).
11. EC. Recommendation for a COUNCIL DECISION authorising the European Commission to participate, on behalf of the European Union, in negotiations on a Council of Europe Convention superseding and replacing the 1998 Convention on the Protection of the Environment through Criminal Law (ETS No. 172), as well as a draft Explanatory Report thereto. URL: https://eur-lex.europa.eu/legal-content/EN/TXT/HTML/?uri=CELEX:52023PC0419 (08.09.2025).
12. Welche Strafe droht beim unerlaubten Umgang mit Abfällen? URL: https://www.kanzlei.law/strafrecht/vorladung/unerlaubter-umgang-mit-abfaellen/#Droht_beim_unerlaubten_Umgang_mit_gefaehrlichen_Abfaellen_immer_eine_Strafe (09.09.2025).
13. Бекмагамбетов А.Б., Ревин В.П., Ревина В.В. Уголовное право Республики Казахстан. Оcобенная часть. Учебник. 2-ое изд., перераб. и доп. /Под ред. д.ю.н., профессора, Заслуженного деятеля науки РФ Ревина В.П. – М.: Издательский дом Академии Естествознания, 2017. – 396 с. (09.09.2025).
14. Уголовное право России. Особенная часть. Учебник. Под редакцией И.Э. Звечаровского. М.: НОРМА-Инфра-М, 2010. С. 619. (09.09.2025).
15.Кашаган. URL: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%88%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D0%BD?utm_source=chatgpt.com (09.09.2025).
16. NCOC и Agip не удалось оспорить штраф за аварию на Кашагане. URL: https://tengrinews.kz/money/ncoc-i-agip-ne-udalos-osporit-shtraf-za-avariyu-na-kashagane-254567 / (09.09.2025).
17. Экопреступники наносят Казахстану ущерб на 3,5 миллиарда тенге ежегодно, а возмещают менее 20%. URL: https://ranking.kz/reviews/other/ekoprestupniki-nanosyat-kazahstanu-usherb-na-35-milliarda-tenge-ezhegodno-vozmeshayut-menee-20.html?utm_source=chatgpt.com
18. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Алматы, 2004. – 266 с. (09.09.2025).
19. Нуртаев Р.Т. Комментарий к статьям 21, 22, 23, 340 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 07.09.2022. URL: https://adilet.zan.kz/rus/wniobzor/spr0709?utm_source=chatgpt.com (09.09.2025).
20. Дагель П. С. Неосторожность. Уголовно-правовые и криминологические проблемы. М.: «Юрид. лит.», 1977. – 144 с.
21. Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы 2004 жылғы 18 маусымдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P04000001S_ (09.09.2025).
22. Abdizhami A.Zh., Rustembekova D.K. The legal regulation of climate policy in the field of greenhouse gas emissions: global challenges and ways of adaptation of Kazakhstan. Bulletin of the Karaganda University “Law Series”. 2025. Vol. 30, Iss. 1(117). P. 32-39. URL: https://law-vestnik.buketov.edu.kz/index.php/law/article/view/745/579 (09.09.2025).
References:
1. Turning Waste into Wealth: The Republic of Korea's Experience. Project Result / Case Study 20 September 2024. URL: https://www.adb.org/results/turning-waste-wealth-republic-koreas-experience# (08.09.2025).
2. Pollution is jeopardizing ecosystems and human health, whether through air, soil and water pollution, or exposure to harmful chemicals. URL: https://www.unep.org/topics/chemicals-and-pollution-action (08.09.2025).
3. United Nations Environment Programme (2024). Global Waste Management Outlook 2024. URL: https://www.unep.org/resources/global-waste-management-outlook-2024 (08.09.2025).
4. Ob ýtverjdenıı Pravıl razrabotkı plana meroprııatıı po ohrane okrýjaıýeı sredy ot 21 ııýlıa 2021 goda № 264. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023674 (08.09.2025).
5. IUCN. Convention on the Protection of the Environment through Criminal Law. Nov 4, 1998. URL: https://www.ecolex.org/details/treaty/convention-on-the-protection-of-the-environment-through-criminal-law-tre-001292/ (08.09.2025).
6. Bolee 700 nesanktsıonırovannyh svalok vyıavleno prı pomoı kosmomonıtorınga v Karagandınskoı oblastı. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/720062?lang=ru (08.09.2025).
7. Nesanktsıonırovannye svalkı: pochtı na 20,5 mln tenge oshtrafovalı narýshıteleı v stolıtse. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/386151?lang=ru (08.09.2025).
8. Pravovaıa statıstıka. URL: https://qamqor.gov.kz/crimestat/statistics (08.09.2025).
9. Mitsilegas V., Fitzmaurice M., Fasoli E. Fighting Environmental Crime in Poland: A Country Report. 2015. URL: https://efface.eu/sites/default/files/EFFACE_Fighting%20Environmental%20Crime%20in%20Poland/index.pdf (08.09.2025).
10. What are the key legal acts and regulations concerning environment protection? URL: https://www.dudkowiak.com/environmental-law-in-poland (08.09.2025).
11. EC. Recommendation for a COUNCIL DECISION authorising the European Commission to participate, on behalf of the European Union, in negotiations on a Council of Europe Convention superseding and replacing the 1998 Convention on the Protection of the Environment through Criminal Law (ETS No. 172), as well as a draft Explanatory Report thereto. URL: https://eur-lex.europa.eu/legal-content/EN/TXT/HTML/?uri=CELEX:52023PC0419 (08.09.2025).
12. Welche Strafe droht beim unerlaubten Umgang mit Abfällen? URL: https://www.kanzlei.law/strafrecht/vorladung/unerlaubter-umgang-mit-abfaellen/#Droht_beim_unerlaubten_Umgang_mit_gefaehrlichen_Abfaellen_immer_eine_Strafe (09.09.2025).
13. Bekmagambetov A.B., Revın V.P., Revına V.V. Ýgolovnoe pravo Respýblıkı Kazahstan. Ocobennaıa chast. Ýchebnık. 2-oe ızd., pererab. ı dop. /Pod red. d.ıý.n., professora, Zaslýjennogo deıatelıa naýkı RF Revına V.P. – M.: Izdatelskıı dom Akademıı Estestvoznanııa, 2017. – 396 s. (09.09.2025).
14. Ýgolovnoe pravo Rossıı. Osobennaıa chast. Ýchebnık. Pod redaktsıeı I.E. Zvecharovskogo. M.: NORMA-Infra-M, 2010. S. 619. (09.09.2025).
15.Kashagan. URL: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%88%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D0%BD?utm_source=chatgpt.com (09.09.2025).
16. NCOC ı Agip ne ýdalos osporıt shtraf za avarııý na Kashagane. URL: https://tengrinews.kz/money/ncoc-i-agip-ne-udalos-osporit-shtraf-za-avariyu-na-kashagane-254567 / (09.09.2025).
17. Ekoprestýpnıkı nanosıat Kazahstaný ýerb na 3,5 mıllıarda tenge ejegodno, a vozmeaıýt menee 20%. URL: https://ranking.kz/reviews/other/ekoprestupniki-nanosyat-kazahstanu-usherb-na-35-milliarda-tenge-ezhegodno-vozmeshayut-menee-20.html?utm_source=chatgpt.com
18. Baıdeldınov D.L., Bekısheva S.D. Ekologıcheskoe pravo Respýblıkı Kazahstan. Ýchebnoe posobıe. Almaty, 2004. – 266 s. (09.09.2025).
19. Nýrtaev R.T. Kommentarıı k statıam 21, 22, 23, 340 Ýgolovnogo kodeksa Respýblıkı Kazahstan ot 07.09.2022. URL: https://adilet.zan.kz/rus/wniobzor/spr0709?utm_source=chatgpt.com (09.09.2025).
20. Dagel P. S. Neostorojnost. Ýgolovno-pravovye ı krımınologıcheskıe problemy. M.: «Iýrıd. lıt.», 1977. – 144 s.
21. Sottardyń keıbіr ekologııalyq qylmystyq quqyq buzýshylyqtar úshіn jaýaptylyq jónіndegі zańnamany qoldanýy týraly 2004 jylǵy 18 maýsymdaǵy № 1 Qazaqstan Respýblıkasy Joǵarǵy Sotynyń normatıvtіk qaýlysy. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P04000001S_ (09.09.2025).
22. Abdizhami A.Zh., Rustembekova D.K. The legal regulation of climate policy in the field of greenhouse gas emissions: global challenges and ways of adaptation of Kazakhstan. Bulletin of the Karaganda University “Law Series”. 2025. Vol. 30, Iss. 1(117). P. 32-39. URL: https://law-vestnik.buketov.edu.kz/index.php/law/article/view/745/579 (09.09.2025).