DOI: 10.51634/2307-5201_2024_4_35
УДК 341.123; 355.1.072.2
ГРНТИ 10.87.68
А.Т. Қалила.
LLB, ҚР Қарулы күштерінің лейтенанты
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Министірлігінің Заң департаментінің заңгері»
(Астана, Қазақстан Республикасы).
е-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгершілік миссияларына қатысуы, еліміздің бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтауға және ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған, сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл қызмет халықаралық міндеттемелерді орындау, еліміздің әскери-саяси ұстанымдары мен жаһандық аренадағы жалпы беделін нығайту тұрғысында маңыздылығы орасан зор. Бұл мақалада бітімгершілік қызмет көрсету барысында, біздің контингенттің құқықтық статусы, әлеуметтік және құқықтық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы бітімгершілік қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің кейбір баптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс талқыланады.
Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік іс-шараларға қатысуы.
Зерттеудің мақсаты – Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметін және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін бітімгершілік қызметте пайдалану тәжірибесін зерделеу негізінде құқықтық даулы мәселелерді анықтау және оны жақсарту жолдарын ұсыну.
Түйінді сөздер: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, бітімгершілік миссиялар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, бітімгершілік контингентті қолданудың құқықтық аспектілері.
Кіріспе
Қазіргі әлемде мемлекеттердің қарулы күштерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысу мәселелері жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық қатынастар контекстінде ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықтың белсенді қатысушысы ретінде қауіпсіздікпен конфликтілерді дипломатиялық жолмен шешуді әрдайым қолдауда. Бірақ қазіргі кездегі өзінің әскери контингентін тиімді басқару қажеттілігіне тап болып отыр. Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері контингентін БҰҰ бітімгершілік миссияларында пайдаланудың құқықтық аспектілерін қарастырамыз, осы операцияларға қазақстандық әскери күштердің қатысуын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерді талдаймыз.
1993 жылы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының бірінші Әскери доктринасы қабылданды, [1] соған сәйкес «Қазақстан Республикасы өзінің халықаралық қызметінің негізгі мақсатын дүниежүзілік қоғамдастықтың кез келген бітімгершілік іс-қимылына жәрдемдесу және қазіргі кездегі соғыстың алдын алу саласындағы келесі өзекті міндеттерді қарастырады:
– жер бетіндегі қарулану тоқтату және оның ғарышта таралуына жол бермеу, нақты қарусыздануға көшу;
– ядролық қаруды жасауды, өндіруді және жетілдіруді тоқтатудың, оны бірте-бірте қысқартудың, келешекте оларды толық жоюдың басымды шарасы ретінде ядролық сынақтарға жалпы тыйым салу;
– барлық мүдделі мемлекеттермен әскери келісім-шарттарды әзірлеу, құрлықта, теңізде және әуеде әскерлердің әрекеті кезінде жанжалды жағдайларды болдырмау туралы келісімдер жасау;
– барлық мемлекеттердің әскери күш қолданудан немесе қолданамын деп қорқытудан өзара бас тартуы және бейбіт қатынастарды сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдау;
– әскери-саяси одақтарды халықаралық қауіпсіздіктің ұжымдық және жан-жақты жүйесінің жаңа құрылымдарына айналдыру».
Сол кезде Қазақстан Республикасының саясаткерлері 1993 жылы әлемде болып жатқан оң өзгерістерді ескере отырып, жалпы алғанда, жаһандық ядролық және кәдімгі соғыстың тікелей қаупі айтарлықтай төмендеді деп есептеді. Сонымен қатар, аумақтық, экономикалық, діни, этникалық және басқа да қайшылықтар болған кезде қарулы қақтығыстар қаупі сақталады, олар шиеленісу кезінде ауқымды соғыстарға ұласуы мүмкін. Сол үшін бұндай қауіп бар кезде міндетті түрде қарулы күштер, және қақтығыстың алдын алатын бітімгершілік контингент болуы керек.
Алайда, мұндай жағдайларда Қазақстан басшылығы барлығын бейбіт жолмен, Қарулы Күштерді қолданбай шешуді көздейді. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Әскери доктринасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерді мына мақсаттарда пайдалану құқығын өзіне қалдырады деп нақты көрсетілген.
– өз мемлекеті мен халқына қарсы агрессияны тойтару;
– міндеттемелер бойынша басқа мемлекеттермен екі жақты немесе көпжақты келісімдер шеңберінде бірлескен қорғаныс;
– БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің және ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шешімдеріне сәйкес бітімгершілік операцияларды жүргізу.
Осылайша, бірінші Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік қызметке қатысуының негізін қалады.
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасынның қарулы күштерінің бітімгершілік миссиялары ерте басталды. Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери операциялар Тәжікстан Республикасы тәуелсіздік алған кезден басталды. Тәжікстандағы 1992-1997 жылдар аралығындағы қақтығыс көбінесе руаралық деп аталады. [2] Алайда оның пайда болуына халықтың рулық дүниетанымы мен діндарлығының жоғары дәрежесі ғана емес, сонымен қатар Тәжікстан, КСРО-ның экономикалық жағдайы төмен, соңғы қатардағы шикізатты мемлекет ретінде есептелді. КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік алаңда, оның ішінде әсіресе Тәжікстанда билік үшін аяусыз күрес басталды. Бұрынғы коммунистік элита мен ұлттық демократиялық және исламдық күштер арасындағы текетірес саяси саладан этникалық-кландық күреске көшті.
1992 жылғы 9 қазандағы ТМД Келісіміне және 1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД Шешіміне сәйкес Қазақстан құрама батальоны Таулы Бадахшанда орналасып, Тәжікстан-Ауғанстан шекарасын қорғау бойынша жауынгерлік тапсырманы орындады. Тәжікстандағы азаматтық соғыстың басталуы. Қазақ батальонымен бірге орыс, өзбек, қырғыз бөлімшелері көршілес аудандарда осындай тапсырмаларды орындады. Бастапқыда, 1992 жылдың күзінде Тәжікстанға Қапшағай қаласында (қазіргі Қонаев) орналасқан 35-ші жеке гвардиялық десанттық бригаданың 300 десантшысынан құралған бір жеке десанттық батальон техникасыз жіберілді. 1993 жылдың көктемінен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 15 сәуірдегі қаулысы және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 сәуірдегі № 335 қаулысы негізінде жеке Құрама атқыштар батальоны құрылды. Тәжікстандағы қазақстандық әскери қызметшілердің жауынгерлік міндеті алдымен Хорог қаласындағы, одан кейін Қалай-Хумб ауылындағы Ресей шекара отрядтарының бақылау-өткізу бекеттері мен заставаларын нығайту болды.
Барлығы 1993 жылдың қыркүйегінен 2001 жылдың ақпанына дейін Тәжікстандағы жағдайды тұрақтандыру операциясына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 10300 әскери қызметкері қатысты. [3] Шын мәнінде бұл еліміздің аумағынан тыс жерде орындалған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің табысты, бірінші жауынгерлік және бітімгершілік тапсырмасы болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бірінші бітімгершілік миссиялары
Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан бірінші бітімгершілік миссия 2003 жылы Иракта басталды. 2003 жылы 22 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ирак халқына елді қалпына келтіруде көмек көрсетуге шақыратын қаулы қабылдады. Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық міндеттемелеріне сәйкес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің үндеуіне жауап беріп, Ирак халқына көмек көрсету үшін гуманитарлық бөлімше жіберу туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасы Парламентінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 134-II қаулысына сәйкес «ҚАЗБАТ» қазақстандық бітімгершілік батальоны Ирактағы тұрақтандыру күштерінің бітімгершілік іс-шараларына қатысу үшін жіберілді. Қазақстандық контингенттің негізгі міндеттері:
– Жергілікті халыққа гуманитарлық көмек көрсету;
– Далалық сумен қамтамасыз ету пункттерінің жабдықтау;
– Суды тазарту және жергілікті халыққа медициналық көмек көрсету;
Операцияға қатысу нәтижелесінде 7 мың текше метрге жуық су тазартылды;
Орнатылған: Дельта базасының айналасындағы 4,5 км жарылыс кедергілері;
5 мыңнан астам жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетілді; Ирак әскери академиясының 572 курсанттары минадан тазарту бойынша білім алды. Барлығы 2003-2008 жылдар аралығында Ирак Республикасына коалициялық күштердің құрамында Корея Республикасы Қарулы Күштерінің 290 әскери қызметкері жіберілді. [4]
Бітімгершілік миссия барысындағы қайғылы жағдай
Бірақ бұл миссияның барлық жағымды жақтарын бір сәт күрсіндіреді. 2005 жылдың қаңтарында капитан Құдабаевпен бірге украиналық бітімгершілік контингенті қаза тапты. Бұл қалай болды деген сұрақ туындайды. «Сол күні Эссауира маңындағы полигонға ауланы миналардан тазарту болған. Үндістан командирінің бұйрығымен, жанында гранаталар мен артиллериялық снарядтарды жою процесімен украиндық әріптестер жұмыс істеді. Олардың бір снаряды кенеттен жарылған. Оқиға нәтижесінде 9 украиндық орнында қаза тапты, тағы 8-і ауыр жарақат алды. Қазақстанның 4 жауынгері жараланды. Қайрат Құдабаев [5] жарылған снарядтан сол жерде қайтыс болды. Әлі күнге дейін, неліктен кәсіби әскери аудармашы Құдабаевтың оқ-дәрілерді минадан тазартуға қатысқаны түсініксіз. Бірақ әскери қызметшілерде, "Бұйрық талқыланбайды, бұйрық орындалады" деген қағида бар. Бұның бірінші себебі, командирлердің сауатсыз бұйрық беруі, және контингенттердің міндеттері нақты белгіленбеуі.
Бірінші сұраққа келетін болсақ, Қазақстан өзінің бітімгершілік қызметін көрсету барысында Үндістанның әскери бітімгершілік басшылығына бағынады. Яғни Қазақстан БҰҰ бітімгершілік миссияларында өзінің атынан емес, Үндістанның көптен бір бөлімшелері ретінде саналады. Бұл бұйрықтарды орындауды қиындатады. Екінші сұрақ, жоғарыда көрсетілгендей Қазақстан контингентінің Ирактағы міндеттері, гуманитарлық көмек көрсету, суды тазарту болатын. Ал сол кездегі Үндістанның бітімгершілік миссиядағы міндеті дәл сол ауланы миналардан тазарту болатын. Бұндай жағдай енді орын алмас үшін Қазақстан бітімгершілік миссияларда өзінің туынын атынан шығу керек. Бұл үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1991 жылғы 9 шілдедегі 684 резолюциясына сай, «Бітімгершілік миссия кезінде белгілі бір ел өзінің атынан іс-әрекет жасағысы келсе, бітімгершілік контингенттің саны 900 әскери қызметкерден аз болмауы керек». Қазіргі таңда Қазақстанның бітімгершілік контингентінің саны 420 адам. Соған байланысты біз келесі өзгерістер ұсынамыз,
– бітімгершілік контингеннтің санын 900 әскери қызметкерге дейін ұлғайту;
– бітімгершілік контингеннтің қолдану алаңын нақты белгілеп, регламенттеу.
Бітімгершілік миссияларға дайындайтын арнайы орталық (KAZCENT)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің осындай бітімгершілік миссияларға дайындайтын арнайы орталық бар. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығы (KAZCENT) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық мемлекеттік қосымша білім беру мекемесі болып табылады, оның негізгі мақсаты әскери қызметкерлерді тілдерді оқыту және оқыту, полиция мен азаматтық персонал бітімгершілік операцияларға қатысу үшін. [6] Бұл орталықтың басты міндеттері, тілдерді оқыту және әскери, полиция және азаматтық қызметкерлерді бітімгершілік операцияларды дайындау және жүргізу негіздеріне, халықаралық гуманитарлық құқық негіздеріне, бітімгершілік қызметінің нормативтік құқықтық базасының ережелеріне оқыту бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру. Халықаралық бітімгершілік оқу орталықтары қауымдастығының (IAPTC) және серіктестік оқу және білім беру орталықтары қауымдастығының мүшесі. Осындай орталықтардың көп болуының арқасында біздің бітімгершілік контингеннтің білімімен өмірге деген көзқарасы кенейеді.
Сонымен бірге біздің ұсынысты іске асыру жоспарланып отыр, себебі Қорғаныс министрлігінің (ҚМ) Бітімгершілік операциялар орталығы KAZCENT бітімгершілік күштерінің қазақстандық әскери қызметшілерін даярлауды аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz. [7] Жақын арада бітімгершілік күштердің ұлттық контингентінің білімі мен дағдысының деңгейі көтерілетін болады. БҰҰ сарапшылары бағалады. Еліміздің бірнеше облысындағы әскери бөлімдерден жіберілген Қазақстан армиясының 150-ден астам әскери қызметкері Бітімгершілік операциялар орталығында алты айға созылған тактикалық және арнайы дайындықтың күшейтілген курсын аяқтады.
Сондай-ақ «Бітімгершілік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мынадай ұсыныстар бар: [8]
1. Заңның 11-бабының 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес азаматтық персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісім бойынша сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган және өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдар сыртқы саясаттың орындылығын және аумағында бітімгершілік операция жүргізілетін халықаралық ұйымдармен және (немесе) әріптес мемлекеттермен келісімді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысу туралы ұсыныс енгізеді. бітімгершілік операциясындағы азаматтық персоналдың.
Бітімгершілік қызметкерлердің әлеуметтік, құқықтық жағдайын жақсартуға бағытталған(?) ұсыныстар
Сонымен қатар, Заңның 1-бабының 2) тармақшасында қамтылған «серіктес мемлекеттер» ұғымының анықтамасына сәйкес бұлар Қазақстан Республикасымен бірге бітімгершілік операцияға қатысатын мемлекеттер болып табылады. Осылайша, азаматтық персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы туралы шешім қабылдау үшін сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган өз шешімдерін қабылдау кезінде тек бітімгершілік іс-әрекеті бойынша бітімгершілік іс-әрекеттегі серіктес мемлекеттермен келісу қажеттілігімен шектеледі. аумағында бітімгершілік операциясы жүргізілуде. Азаматтық персоналды жіберудің бұл тәртібі әскери қызметкерлерді жіберу туралы шешім қабылдау тәртібінен ерекшеленеді, оған сәйкес серіктес мемлекеттермен өзара іс-қимыл «аумағында бітімгершілік операциясы жүргізіліп жатқан» тармағынсыз қамтамасыз етіледі. Осы сәйкессіздікті жою үшін Заңның 11-бабы 5-тармағының 1) тармақшасын мынадай редакцияда баяндау ұсынылады:
«1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісу бойынша сыртқы саяси мәселелердің орындылығын қарау нәтижелері және халықаралық ұйымдармен және (немесе) келісім бойынша сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган; ) «әріптес» мемлекеттер Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтық персоналдың бітімгершілік операциясына қатысу туралы ұсыныс енгізеді;».
2. «Құқықтық актілер туралы» [9] Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементінде белгіленген заңдылық сол нормативтік құқықтық актінің басқа құрылымдық элементтерінде қайтадан айтылмайды. Бұл ретте Заңның 10-бабының 2-тармағында және Заңның 11-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында Заңның дәл сол нормасының қайталануы бар: – «2. Осы саладағы уәкілетті орган; Сыртқы саясат министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс енгізеді, келіссөздер жүргізеді, бітімгершілік мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және әріптес мемлекеттермен өзара іс-қимыл ұйымдастырады.
Мысалы, сыртқы саясат саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне әскери қызметшiлердiң бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс енгізеді, келіссөздер жүргізеді; бітімгершілік қызмет мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және әріптес мемлекеттермен өзара іс-қимыл ұйымдастырады;.
Бұл жағдайдағы айырмашылық осы екі құқық нормаларында
«ұлттық контингент» және «әскери қызметкерлер» туралы айтылған. Сонымен қатар, «ұлттық контингент» түсінігінің анықтамасы бойынша ол «әскери персонал» және «азаматтық персонал» ұғымдарын да қамтиды, сәйкесінше, біз бір заң үстемдігі туралы айтып отырмыз. Одан әрі, жоғарыда айтқанымыздай, Заңның сол 11-бабында сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органның бітімгершілік операцияға қатысу үшін азаматтық персоналды жіберу құзыретіне қатысты заңдылық белгіленген. Яғни, Заңда азаматтық және әскери қызметшілерге қатысты бөлек норма бар. Демек, қарастырылатын құрылымдық элементтер «Құқықтық актілер туралы» Заңның талаптарына сәйкес келтірілуі тиіс.
Осылайша, Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын мынадай редакцияда баяндау ұсынылады:
«1) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне әскери қызметшілердің бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс енгізеді;» осы мемлекеттік органның заңның алдыңғы бабында айқындалған бітімгершілік мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау құзыреті.
2017 жылғы Әскери доктринаның қабылдануымен Қазақстан Республикасы бейбіт мемлекет саясатын жалғастыруда. Сонымен, «Әскери-саяси саладағы қызмет бағыттары» 3.2.1 бөлімінде былай делінген: «...Қазақстан Республикасының әскери саясаты халықаралық қатынастар жүйесін құруға бағытталған, онда әскери күштердің маңызы зор. Мемлекеттер, халықтар, әлеуметтік топтар арасындағы даулы қайшылықтарды шешу саяси-дипломатиялық, экономикалық, ақпараттық, құқықтық және басқа да әскери емес құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады...».
Осы доктринаға сәйкес, Қазақстан Республикасының бітімгершілік мәселелері бойынша әскери-саяси және әскери-стратегиялық саладағы қызметінің негізгі бағыттары БҰҰ, қауіпсіздік кенесі ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды күшейту болып табылады. оның ішінде бітімгершілік іс-шараларға қатысу, сондай-ақ бітімгершілік және гуманитарлық операцияларға қатысу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес басқа да міндеттер мен іс-шараларды орындау.
2017 жылғы Әскери доктринада [10] Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын кеңейтуге белгілі бір мән берілген. Осылайша, Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметке қатысуын кеңейтудің негізгі шаралары:
1) мемлекеттің бітімгершілік бөлімшелерінің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру, техникалық және пайдалану үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін оларды халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарына сәйкес келтіру;
2) жеке әскери және күзет компанияларының қызметін реттеу, мониторингілеу және бақылау мәселелері бойынша халықаралық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша БҰҰ шеңберіндегі Үкіметаралық жұмыс тобының жұмысына қатысу;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өңірлік бітімгершілік орталығын дамыту;
4) Штаб офицерлерін оқыту және оларды БҰҰ миссияларына әскери бақылаушылар ретінде жіберу;
5) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарының негізінде БҰҰ миссияларында міндеттерді орындау үшін бітімгершілік бөлімшелерін жіберу.
6) Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгершілік миссиядағы жүрген контингентке жалақы төлейді. Бірақ БҰҰ жалақыны Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігіне жібереді. Қаржы министірлігі бұл жалақыны әскери қызметкерге жібергенде белгіленген соммадан медициналық сақтандыру, табыс салықтары ұсталады. Ал «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сүйенсек әскери қызметкерден бұл салық түрлері ұсталынбау керек.
Қорытынды
Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы бітімгершілік миссияларына қатысу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының құрамдас бөлігіне айналды. Бұл маңызды іс-шара елдің бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі жаһандық күш-жігерге белсенді қатысуға бейінділігін көрсетеді.
Қазақстандық бітімгершілік контингентінің Ливаннан Оңтүстік Суданға дейінгі әртүрлі аймақтарға қатысуы елдің халықаралық қауіпсіздік үшін жауапкершілікті бөлісіп қана қоймай, күрделі геосаяси мәселелерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендігін көрсетеді. Бұл миссиялар Қазақстан Республикасының халықаралық беделі мен беделін көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар қазақстандық әскери қызметшілерге кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, құнды тәжірибелік тәжірибе жинақтауға бірегей мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстанның бітімгершілік миссияларына қатысуы жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы оңды имиджін қалыптастырудағы ел стратегиясының маңызды элементі болып табылады.
A.T. Kalila, «lieutenant of the Armed Forces of the Republic of Kazakhstan» Lawyer of the «Legal Department of the Defense Ministry» (Astana, Republic of Kazakhstan): Legal Aspects of the Deployment of the National Contingent of the Armed Forces of the Republic of Kazakhstan in UN Peacekeeping Missions.
The relevance: Participation of the Armed Forces of the Republic of Kazakhstan in United Nations peacekeeping missions is an important component of the country's foreign policy aimed at maintaining peace and security and protecting national interests. This service is of great importance in terms of fulfilling international obligations, strengthening the country's military-political positions and overall reputation in the global arena. In order to improve the legal status, social and legal situation of our contingent in the course of providing peacekeeping services, this article discusses the proposal to make changes to some articles of normative legal acts regulating peacekeeping activities of the Republic of Kazakhstan.
The subject of research is the participation of the Armed Forces of the Republic of Kazakhstan in peacekeeping activities.
The purpose of the study is to identify legal controversial issues and propose ways to improve them based on the study of the peacekeeping activities of the United Nations and the experience of using the Armed Forces of the Republic of Kazakhstan in peacekeeping activities.
Key words: Armed Forces of the Republic of Kazakhstan, peacekeeping missions, United Nations, legal aspects of the use of peacekeeping contingent, UN Security Council.
А.Т. Калила, Лейтенант Вооруженных Сил Республики Казахстан «юрист Юридического департамента Министерства обороны Республики Казахстан» (Астана, Республика Казахстан): Правовые аспекты применения национального контингента Вооруженных Сил Республики Казахстан в миротворческих миссиях ООН.
Актуальность: Участие Вооруженных Сил Республики Казахстан в миротворческих миссиях Организации Объединенных Наций является важной составляющей внешней политики страны, направленной на поддержание мира и безопасности, защиту национальных интересов. Данная служба имеет большое значение с точки зрения выполнения международных обязательств, укрепления военно-политических позиций страны и общего авторитета на мировой арене. В целях улучшения правового статуса, социального и правового положения нашего контингента в ходе оказания миротворческих услуг в данной статье рассматривается предложение о внесении изменений в некоторые статьи нормативных правовых актов, регламентирующих миротворческую деятельность Республики Казахстан.
Предметом исследования является участие Вооруженных Сил Республики Казахстан в миротворческой деятельности.
Целью исследования является выявление правовых спорных вопросов и предложение путей их совершенствования на основе изучения миротворческой деятельности Организации Объединенных Наций и опыта использования Вооруженных Сил Республики Казахстан в миротворческой деятельности.
Ключевые слова: Вооруженные Силы Республики Казахстан, миротворческие миссии, Организация Объединенных Наций, правовые аспекты использования миротворческого контингента, Совет Безопасности ООН.
Қолданылған әдебиеттер:
List of References:
1. Resolution of the President of the Republic of Kazakhstan dated February 11, 1993 N 1094 "On approval of the Military Doctrine of the Republic of Kazakhstan (no longer in force) URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/U000000334_ (25.10.2024).
2. Makarov A. Peacekeeping operation in Tajikistan: results, problems, lessons // Bulletin of military information 2002. No. 1. P. 24–31; Translation Library of the Defense University of the Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan
3. Peacekeeping Mission of Kazakhstan in Tajikistan: electronic // KAZCENT: URL: https://kazcent.kz/tajikistan (25.10.2024).
4. Peacekeeping Training Center, Defense Ministry of the Republic of Kazakhstan Peacekeeping Mission of Kazakhstan in Iraq / peacekeeping, training, Defense Ministry Center – Text: electronic // KAZCENT URL: https://kazcent.kz/irak (25.10.2024).
5. Zhanar, Kusanova Peacekeeping Mission of Kazakhstan in Iraq / Kusanova Zhanar. // Information Bureau URL: https://informburo.kz/stati/missiya-8742.html (25.10.2024).
6. Center, peacekeeping, operations, Defense Ministry / peacekeeping, operations, Defense Ministry Center. – Text: electronic // (KAZCENT): https://kazcent.kz/activity
7. Maxim, Morozov Kazakhstan expands positions of national peace contingent / Morozov Maxim. – Text: electronic // inbusiness.kz URL: https://inbusiness.kz/ru/news/kazahstan-uvelichivaet-chislennost-nacionalnogo-mirotvorcheskogo-kontingenta (25.10.2024).
8. Law of the Republic of Kazakhstan dated June 15, 2015 No. 320. On peacekeeping activities of the Republic of Kazakhstan: URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000320/z150320.htm (25.10.2024).
9. Peacekeeping activities of the Republic of Kazakhstan. Kazakhstan Republic of the Republic of Kazakhstan 2016 years 6 years No. 480-V KRZ: URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480 (25.10.2024).
10. On approval of the Military Doctrine of the Republic of Kazakhstan. Approved by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan dated September 29, 2017 No. 554: URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37940951&pos=4;-104#pos=4;-104 (25.10.2024).