• Главная
  • Архив
  • № 1 (94), 2022
  • Қылмыстық-құқықтық саладағы 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін іске асыру туралы

Қылмыстық-құқықтық саладағы 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін іске асыру туралы

DOI 10.51634/2307-5201_2022_1_94

УДК 343.2
ГРНТИ 10.77.21

Сейтенов Қ.Қ.,
з.ғ.д., профессор,
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
Бірінші проректоры
(Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан),
email: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Заңнамада қылмыстық құқық бұзушылық ұғымының болмауы қылмыстық-құқықтық саладағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, оны шешудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжатында – Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында бекітілген. Қылмыстық құқық бұзушылық құқықтық санат ретінде әлемнің көптеген елдерінің қылмыстық заңнамасында бекітілген. Біздің республикамыздың қылмыстық заңында қылмыстық теріс қылық пен қылмыстың нақты анықтамалары бар, бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықтың өзінің ұғымы жоқ. Бұл ұғым қылмыстық құқық доктринасы және қылмыстық заңнаманы (Қылмыстық кодекс және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары) қолдану практикасы үшін маңызды болып табылады. Мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында «қылмыстық құқық бұзушылық» ұғымын заңнамалық айқындау қажеттілігі туралы авторлық ұстанымды баяндау болып табылады. Жарияланымның ғылыми жаңалығы қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін баяндауға және оны ҚР ҚК-де анықтауға авторлық ғылыми ұстаныммен айқындалған. Мақаланы дайындау кезінде «қылмыстық құқық бұзушылық» анықтамасын қылмыстық-құқықтық бекітудің нормалары мен ережелерін зерттеудің жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістері қолданылды. Зерттеу объектісі қылмыстық құқық бұзушылық мәселелерін реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Зерттеу пәнінің тақырыбы – қылмыстық құқық бұзушылық институтының құқықтық табиғатын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалар. Қысқаша тұжырымдар: 1) Қазақстанның қылмыстық заңнамасында қылмыстық құқық бұзушылық институты аса маңызды және базалық болып табылады, қылмыстық құқық бұзушылық ұғымына қатысты теориялық ұстанымдар бар, бұл ретте оның заңнамалық анықтамасы жоқ; 2) қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы және оның белгілерін айқындау қылмыстық заңды және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қолдану практикасы үшін аса маңызды мәнге ие және олардың заңнамалық сипаты болуы қажет, бұл республиканың қылмыстық саясатының негізгі бағыттарын іске асырумен ұштасады.
Тірек сөздер: әкімшілік құқық бұзушылық; кінәлілік; жазаланушылық; қоғамдық қауіп; заңсыздық; қылмыстық зaң; қылмыстық құқық бұзушылықтaр; қылмыс; қылмыстық тeріс қылық; қылмыстық саясат.

Кіріспе
Біздің мемлекетіміздің қылмыстық саясатының ережесі елдің бірқатар бағдарламалық құжаттарында бекітілген. Мәселен, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында «Мемлекеттің құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқық қолдануды кешенді, өзара байланысты түзету арқылы жүзеге асырылады» деп белгіленген.
Қылмыстық құқықтың қазіргі жай-күйін бағалай отырып, тұтастай алғанда оның үдемелі дамуы қамтамасыз етілді деуге болады. Қолданыстағы Қылмыстық кодекс – қылмысқа қарсы күрестің, адамның құқықтары мен бостандықтарының, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қылмыстық-құқықтық қорғаудың жеткілікті пәрменді құралы».
Отандық қылмыстық-құқықтық саясат қылмыстық саясат бағыттарының бірі бола отырып, елеулі реформалардан өтті. Қазақстанның қылмыстық-құқықтық саясатын іске асыру қорытындысы ұлттық заңнаманың негізгі салаларының елеулі жаңаруы болды.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) маңызды новеллаларының бірі «қылмыстық құқық бұзушылық» жаңа дефинициясын енгізу болып табылады (10-б.).

Мақаланың негізгі ережелері
Әлемдік ауқымда қылмыстық құқық үшін қылмыстық құқық бұзушылық институты жаңалық емес, ол көптеген мемлекеттерде, атап айтқанда, ағылшын-саксондық құқықтық отбасында ондаған жылдар бойы қолданылып келеді. Қолданыста болған 1997 жылғы қылмыстық заң 1996 жылғы 17 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерге арналған модельді Қылмыстық кодексінің және 1959 жылғы Қазақ КСР-нің қылмыстық заңының ережелерін ескере отырып, тек қана «қылмыс» ұғымын пайдаланды. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық құқық бұзушылыққа деген көзқарастар кеңейтіліп, қылмыстық құқық бұзушылық термині енгізілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 10-бабында қылмыстық құқық бұзушылықтың екі түрі (қылмыстық теріс қылық және қылмыс) анықталған, алайда қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы өзінің нормативтік бекітілуін таппаған. Автор қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарында, сондай-ақ Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларында белсенді қолданылатын негізгі термин ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтың заңнамалық анықтамасының қажеттілігін көрсетеді және республиканың қылмыстық саясатының негізгі бағыттарын, атап айтқанда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын ескере отырып, бұл мәселені шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынады.

Материалдар мен әдістер
Зерттеудің негізгі материалдары ретінде атақты қазақстандық ғалымдар У.С.Джекебаев, Қ.Ж.Балтабаев, С.М Рахметовтің ғылыми еңбектері қарастырылды. Олар өз зерттеулерінде қылмыстық заңнама новеллаларының, оның ішінде қылмыстық қолсұғушылықтың құқықтық табиғаты туралы ғылыми көзқарастарды негіздеді.
Сонымен қатар кеңестік қылмыстық құқықтағы қылмыстық құқық бұзушылық доктринасының болуы мен дамуы және қылмыстық теріс қылықтың негіздемесі жөнінде мәселелерді зерттеген Н.Д. Дурманов, Н.Ф. Кузнецова, В.И. Курляндский, А.Е. Лунев, Ю.В. Субоцкий, А.Н. Трайнин еңбектері қолданылды.
Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттары, атап айтқанда Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасы және 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі зерттеудің құқықтық негізі болып табылады. Зерттеуді дайындау барысында 1996 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерге арналған модельді Қылмыстық кодексінің және 1959 жылғы Қазақ КСР-нің қылмыстық заңының ережелері талданды. Басылым материалдарын әзірлеуде жалпы ғылыми және жеке-ғылыми зерттеу әдістері, сондай-ақ тарихи және салыстырмалы құқықтық зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері
1. Қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы туралы қылмыстық саясат
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы заң шығарушының назарын қылмыстық құқық бұзушылықтарды жіктеу және санатқа бөлу критерийлерін айқындауда жаңа тәсілдер қажеттілігіне аударды. Әлемнің бірқатар елдерінде жасалғандай, Қылмыстық кодекс қылмыстық жазаланатын әрекеттердің өзге жіктемесіне негізделуі мүмкін: тиісті санаттағы қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтар, ... осылайша, мемлекеттің қылмыстық саясаты қылмыстық заңға «қылмыстық теріс қылық» санатын енгізуге бағытталуы тиіс.
2030 жылға дейінгі қылмыстық-құқықтық саясатты іске асыру кезінде «Мемлекеттің қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаты құқықтық саясаттың маңызды бағыты болып табылады» деп нақты айқындалған Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) ережелері маңызды рөл атқарады.
Тұжырымдама қылмыстық заңнаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін өзінің шешілуін талап ететін аса маңызды мәселелердің бірі ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтың жаңа ұғымын тұжырымдауды айқындайды.
2014 жылы қылмыстық заңдағы қылмыстық қол сұғушылықты анықтау мен жіктеуге көзқарастардың өзгеруін айтарлықтай серпінді деп тануға болады. «Қылмыстық құқық бұзушылық» және «қылмыстық теріс қылық» ұғымдарын енгізу Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) қылмыстық-құқықтық саясатында іргелі болып табылады, бірақ бұл ретте өз шешілуін талап ететін бірқатар күрделі мәселелерді туғызды: қылмыстық құқық бұзушылық ұғымының болмауы, әкімшілік құқық бұзушылықтармен қылмыстық теріс қылықтардың аражігін ажыратудың және әкімшілік-деликтілік және әкімшілік құқық бұзушылықтар арасындағы жаңа теңгерімді іздестірудің нақты өлшемшарттары және қылмыстық-құқықтық сала.
Қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстарды қамтитын қылмыстық құқық бұзушылық қылмыстың дәстүрлі қалыптасқан бірыңғай ұғымын «бұзды», бұл тұжырымдамалық деңгейде қылмыстық көріністердің екі түрін біріктіруге мүмкіндік беретін терминологиялық неологизмнің қажеттілігін тудырды.
Қылмыстық құқық бұзушылық – қылмыстық құқықтың негізгі, орталық санаты, оны әзірлеу және тұжырымдау үшін бұрын болған (2014 жылға дейін) қылмыстық-құқықтық догмалардың дәстүрлі жиынтығынан тыс елеулі теориялық іргетас талап етіледі.
ҚР ҚК-нің «қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген 2-бөлімінде «қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген ұғым жоқ. ҚР ҚК-нің 10-бабы оның түрлерін айқындауды қамтиды: «қылмыстық теріс қылық» (ҚР ҚК-нің 10-бабының 3-бөлігі) және «қылмыс» (ҚР ҚК 10-бабының 2-бөлігі) ұғымдары.
ҚР ҚК-нің 10-бабы «Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» деп айқындайды.
Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, жеке адамға, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады (ҚР ҚК-нің 10-бабының 3-бөлігі).
«Қылмыстық құқық бұзушылық» терминін дұрыс қабылдау және түсіну тек құқық қорғау органдары мен соттар үшін ғана емес, азаматтар үшін де маңызды. Қылмыстық мінез-құлық – бұл адамның мінез-құлқының бір түрі, ол рұқсат етілгеннен тыс және одан да қатал түрде жазаланады.
Қылмыстық заң «қылмыстық құқық бұзушылық» ұғымын тұжырымдайды, оны анықтау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық тек заңмен тыйым салынған әрекет қана емес, сонымен бірге жеке тұлға, қоғам, мемлекет мүдделері үшін қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық ұғымын анықтау үшін қылмыстық теріс қылық пен қылмыс арасындағы айырмашылықты ажырату керек. Ажырату кезінде қылмыстық құқық бұзушылық ұғымын кешенді түрде қалыптастыратын олардың белгілеріне назар аудару керек.

2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың құқықтық табиғатына ғылыми көзқарастар
Қ.Ж. Балтабаев «основанием отнесения деяний к категории уголовных проступков могли бы являться общественная опасность, а также виды наказаний, назначаемых за их совершение» деп атап өтті.
Қылмыстық құқық бұзушылықты анықтаудағы маңызды кемшілік – бұл заңсыздық белгісі заңмен бекітілмеген. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлерін ажырата отырып, мынадай айырмашылықтарды атап көрсетуге болады:
1) қоғамдық қауіптілік. Қылмыстық теріс қылық – қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін әрекет, қылмыс – қоғамға қауіпті әрекет болып табылады;
2) қылмыс жасағаны үшін қылмыстық теріс қылық жасағанына қарағанда жазаның басқа, неғұрлым ауыр түрлері мен өлшемдері көзделген;
3) қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жаза соттылыққа әкеп соқпайды.
Қылмыстарды қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырататын негізгі белгі – қоғамдық қауіптілік. Оның болуы, құқық қорғау қызметіндегі күзетілетін және қорғалатын қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерінің кешені республиканың жоғары заң шығарушы органының қалауына байланысты. Заңды қолдану практикасында бұл белгінің болуы немесе болмауы бірқатар факторларға байланысты анықталады – келтірілген залал сомасы, қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс сомасы және нақты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының өзге де міндетті белгілері.
«Қоғамдық қауіптілік» белгісінің маңыздылығын басқа ғалымдар да атап өтеді, атап айтқанда М.Е. Тұрғымбаев: «Біздің еліміздің Қылмыстық кодексінде және басқа да бірқатар елдерде (негізінен жақын шет елдерде, кейбір мұсылман елдерінде) қылмыстың міндетті белгісі ретінде қоғамдық қауіптілік белгісін белгілеуді оң сәт деп санаған жөн, өйткені оның болмауы қылмыстық заңнаманы қолдануға формальды тәсілге, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту сияқты маңызды мәселені шешуге әкеледі», – дейді.
С.М. Рахметов аталған мәселе бойынша мыналарды көрсетеді: «Қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипатын белгілеудің практикалық маңызы зор. Бұл заң шығару қызметінде, оның ішінде әрекетті қылмыстық құқық бұзушылық деп тану үшін маңызды. Әрекеттегі қоғамдық қауіптілік белгісін анықтауды жеңілдету үшін қолданыстағы Қылмыстық кодекс баптарының белгілі бір бөлігіне қатысты формальды белгіні – қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның, алынған табыстың мөлшерін қолданады. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. ҚК-нің 3-бабында көптеген баптарға қатысты «болмашы мөлшер», «елеулі залал», «елеулі зиян», «ірі залал немесе ірі мөлшер», «аса ірі залал немесе ірі мөлшер», «ауыр зардаптар» деген ұғымдар айқындалған. Осылайша, Қылмыстық кодекстің көптеген нормаларында қоғамдық қауіптілігінің белгісі қылмыспен немесе қылмыстық теріс қылықпен келтірілген зиянның мөлшерімен, қылмыстық құқық бұзушылықтан алынған кіріс мөлшерімен байланысты».
Кеңестік қылмыстық құқықты зерттеуші Н.Д. Дурманов «теріс қылыққа қоғамдық қауіптілік тән емес (қылмыстарға ғана тән)» деп санайды.
Н.Ф. Кузнецова ХХ ғасырдың 60-жылдарында «қылмысты және қылмысты емес қоғамдық қауіптілікті ажырата білуді» ұсынды.
Осыған ұқсас көзқарасты А.Н. Трайнин, А.Е. Лунев, Ю.В. Субоцкий және басқалар ұстанды
Қылмыстық теріс қылықтарды қылмыстардан ажыратудың маңызды критерийі бүгінгі күні қылмыстық-құқықтық реттеуге сәйкес олардың жазалануы болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазалар ауырлығы аз, бірақ олардың түрлері көбінесе қылмыс үшін жазалармен сәйкес келеді (айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту), бірақ олардың мерзімі қылмыс жасағанға қарағанда әлдеқайда төмен. Мысалы, кәмелетке толған қылмыскер үшін қылмыстық теріс қылық үшін айыппұл 20-дан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (бұдан әрі – АЕК), қылмыс үшін-200-ден 10.000 АЕК-ке дейін немесе еселі мөлшерде.
У.С. Джекебаевтың «Жазаның мәнін дұрыс түсіну, оның мазмұнын ашу, сондай-ақ қылмыстық жазаның мақсаттары мен оларға қол жеткізу құралдарының өзара байланысын белгілеу қылмысқа қарсы күресте қылмыстық жазалау шараларының тиімділігін арттыру үшін ғана емес, сонымен бірге жеке адамның құқықтарын қорғау, қылмыстық процесте және жазаны орындау кезінде оның заңды мүдделерін қамтамасыз ету ісінде де шешуші мәнге ие» деген көзқарасымен келісеміз.

Талқылау
Қылмыстық құқық ғылымына, қылмыс пен қылмыстық құқық бұзушылықты заңнамалық анықтауға, оларды ажыратудың негізгі аспектілеріне сүйене отырып, қылмыстық құқық бұзушылық үшін міндетті белгілердің жиынтығы тән:
1. қылмыстық құқыққа қайшылық;
2. қоғамдық қауіптілік;
3. кінәлілік;
4. жазалау.
Қылмыстық құқық теориясы қылмыстық құқық бұзушылықтың ең маңызды белгісі ретінде формальды белгі болып табылатын қылмыстық заңмен тыйым салу емес, қоғамдық қауіптілік деген материалдық белгісін деп санайды. «Қылмыстық құқық бұзушылық» ұғымы оның формальды сипаттамасына негізделгеннен гөрі оның мәнін ашады, «қылмыстық құқық бұзушылықтың» материалдық ұғымы болып табылады.
Кінәлілік пен жаза құқыққа қайшылық белгісімен өте тығыз байланысты және осы белгінің болуына байланысты: егер құқыққа қайшылық белгісі анықталса, бұл кінәлілік пен жазалану белгілері бар екенін білдіреді. Егер адамның әлеуметтік қауіпті әрекетті жасағаны үшін кінәсі (қасақана немесе абайсызда) анықталмаса, онда «құқыққа қайшылық» белгісі жоқ деген қорытынды жасалады.

Қорытынды
Осылайша, қылмыстық жазаланатын әрекеттердің (қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар) екі түрін қамтитын бірыңғай тұжырымдаманы әзірлеу қажеттілігі туындады. Біздің ойымызша, бұл ұғым заңды қолдану тәжірибесін қабылдау және құқықтық менталитетті қалыптастыру үшін қылмыстық заң деңгейінде бекітілуі керек.
Осыны ескере отырып, ұсынылады:
1) «қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы және оның түрлері» ҚР ҚК-нің 10-бабының атауы өзгертілсін;
2) ҚР ҚК-нің 10-бабының 1-бөлігі «қылмыстық құқық бұзушылық» ұғымын заңнамалық тұрғыдан бекітетін жаңа абзацпен толықтырылсын және ҚР ҚК-нің 10-бабының 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған кінәлі жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамдық қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді».

К.К. Сейтенов, д.ю.н., профессор, первый проректор Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан (г. Нур-Султан, Казахстан): О реализации ключевых положений Концепции правовой политики до 2030 года в уголовно-правовой сфере.
Отсутствие понятия уголовного правонарушения в отечественном законодательстве является одним из актуальных вопросов уголовно-правовой сферы, важность и необходимость решения, которого закреплено в Концепции правовой политики Республики Казахстан до 2030 года. Уголовное правонарушение как правовая категория закреплена в уголовном законодательстве многих стран мира. Уголовный закон нашей страны содержит конкретные определения уголовного проступка и преступления, при этом само понятие «уголовное правонарушение» отсутствует. Данное понятие является важным для доктрины уголовного права и практики применения уголовного законодательства (Уголовного кодекса Республики Казахстан и нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан). Целью написания статьи является изложение авторской позиции о необходимости законодательного определения понятия «уголовное правонарушение» в отечественном уголовном законе. Научная новизна публикации определяется авторским научным подходом к изложению признаков уголовного правонарушения и его определения в Уголовном кодексе Республики Казахстан. При подготовке статьи использованы общенаучные и частно-научные методы исследования норм и положений уголовного-правового закрепления дефиниции «уголовное правонарушение». Объектом исследования является совокупность общественных отношений, регулирующих вопросы уголовного правонарушения. Предметом исследования выступают уголовно-правовые нормы, регламентирующие правовую природу института уголовного правонарушения. Краткие выводы: 1) в уголовном законодательстве Казахстана важнейшим и базовым является институт уголовного правонарушения, имеются теоретические подходы относительно понятия уголовного правонарушения, при этом его законодательное определение отсутствует; 2) понятие уголовного правонарушения и определение его признаков имеют важнейшее значение для практики применения уголовного закона и нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан и их законодательное обличие необходимо, что корреспондирует с реализацией основных направлений уголовной политики республики.
Ключевые слова: административное правонарушение; виновность; нaкaзуемость; общественная опасность; противоправность; угoлoвный зaкoн; угoлoвнoe прaвoнaрушeниe; прeступлeниe; угoлoвный прoступoк; уголовная политика.

K.K. Seitenov, Doctor of Law, first Vice-Rector of the Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General’s Office of the Republic of Kazakhstan (Nur-Sultan city, Kazakhstan): On implementation of the key provisions of the Concept of Legal Policy until 2030 in the criminal law sphere.
The absence of the concept of a criminal offense in the legislation is one of the topical issues of the criminal law sphere, the importance and necessity of solving which is enshrined in the program documents of the Republic of Kazakhstan – in the Concept of Legal Policy of the Republic of Kazakhstan until 2030. A criminal offense as a legal category is enshrined in the criminal legislation of many countries of the world. The Criminal law of our republic contains specific definitions of a criminal offense and a crime, while there is no concept of a criminal offense itself. This concept is important for the doctrine of criminal law and the practice of applying criminal legislation (the Criminal Code and regulatory decisions of the Supreme Court). The purpose of the article is to present the author's position on the need for a legislative definition of the concept of «criminal offense» in the criminal law of the Republic of Kazakhstan. The scientific novelty of the publication is determined by the author's scientific approach to the presentation of the signs of a criminal offense and its definition in the Criminal Code of the Republic of Kazakhstan. In the preparation of the article, general scientific and private scientific methods were used to study the norms and provisions of the criminal-legal consolidation of the definition of «criminal offense». The object of the study is a set of public relations regulating issues of criminal offense. The subject of the study is the criminal law norms regulating the legal nature of the institution of a criminal offense. Brief conclusions: 1) in the criminal legislation of Kazakhstan, the most important and basic is the institution of a criminal offense, there are theoretical approaches to the concept of a criminal offense, while there is no legislative definition of it; 2) the concept of a criminal offense and the definition of its signs are of crucial importance for the practice of applying the criminal law and regulatory decisions of the Supreme Court and their legislative appearance is necessary, which corresponds to the implementation of the main directions of the criminal policy of the republic.
Кeywords: administrative offense; guilt; punishability; public danger; illegality; penal law; criminal offense; the crime; criminal misconduct; criminal policy.

Список литературы:
Балтабаев К.Ж. Особенности Уголовного кодекса Республики Казахстан // Уголовное право. 2017. № 4. – С.19-24.
Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права Республики Казахстан (сравнительный комментарий к книге Дж. Флетчера и А.В. Наумова «Основные концепции современного уголовного права»). Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 256 с.
Дурманов Н.Д. Понятие преступления. М., 1948. – 242 с.
Кузнецова Н.Ф. Преступление и преступность. Категории: особо тяжкие преступления, преступления и уголовные проступки. М.,1962. – 585 с.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U090000858_.
Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығы. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2100000674.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226.
Лунев А.Е. Административная ответственность за правонарушения. М., 1961. – 110 с.
Рахметов С.М. Проблемы отграничения уголовных проступков от административных правонарушений и преступлений // Вестник Института законодательства Республики Казахстан. 2016. № 4 (45). – С.118-124.
Субоцкий Ю.В. Административное правонарушение и преступление // Вестник Московского университета. Серия «Право». 1959. № 2. – С.170-179.
Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М., 1957. –258 с.
Тургумбаев М.Е. Проблемы понятия и признаков преступления в мусульманском праве // Вестник Института законодательства Республики Казахстан. 2014. № 1 (33). – С.210-219.

References (transliterated):
1. Baltabaev K.Zh. Osobennosti Ugolovnogo kodeksa Respubliki Kazahstan // Ugolovnoe pravo. 2017. № 4. – S.19-24.
2. Dzhekebaev U.S. Osnovnye printsipy ugolovnogo prava Respubliki Kazahstan (sravnitel'nyy kommentariy k knige Dzh. Fletchera i A.V. Naumova «Osnovnye kontseptsii sovremennogo ugolovnogo prava»). Almaty: ZHetі zharғy, 2001. – 256 s.
3. Durmanov N.D. Ponyatie prestupleniya. M., 1948. – 242 s.
4. Kuznetsova N.F. Prestuplenie i prestupnost'. Kategorii: osobo tyazhkie prestupleniya, prestupleniya i ugolovnye prostupki. M.,1962. – 585 s.
5. Kazakstan Respublikasynyn 2010 zhyldan 2020 zhylga deyіngі kezenge arnalgan kukyktyk sayasat tuzhyrymdamasy turaly Kazakstan Respublikasy Prezidentіnіn 2009 zhylgy 24 tamyzdagy N 858 Zharlygy. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U090000858_.
6. Kazakstan Respublikasynyn kukyktyk sayasatynyn 2030 zhylga deyіngі tuzhyrymdamasyn bekіtu turaly Kazakstan Respublikasy Prezidentіnіn 2021 zhylgy 15 kazandagy № 674 Zharlygy. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2100000674.
7. Kazakstan Respublikasynyn Kylmystyk kodeksi 2014 zhylgy 3 shildedegі № 226-V KRZ. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226.
8. Lunev A.E. Administrativnaya otvetstvennost' za pravonarusheniya. M., 1961. – 110 s.
9. Rahmetov S.M. Problemy otgranicheniya ugolovnyh prostupkov ot administrativnyh pravonarusheniy i prestupleniy // Vestnik Instituta zakonodatel'stva Respubliki Kazahstan. 2016. № 4 (45). – S.118-124.
10. Subotskiy YU.V. Administrativnoe pravonarushenie i prestuplenie // Vestnik Moskovskogo universiteta. Seriya «Pravo». 1959. № 2. – S.170-179.
11. Traynin A.N. Obschee uchenie o sostave prestupleniya. M., 1957. –258 s.
12. Turgumbaev M.E. Problemy ponyatiya i priznakov prestupleniya v musul'manskom prave // Vestnik Instituta zakonodatel'stva Respubliki Kazahstan. 2014. № 1 (33). – S.210-219.

Учредитель:
АО Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева (Maqsut Narikbayev University).
Партнеры:

Журнал зарегистрирован в Комитете информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство № 7742-Ж.
ISSN: 2307-521X (печатная версия)
ISSN: 2307-5201 (электронная версия)