Электрондық дәлелдемелердің азаматтық сот ісін жүргізудегі ерекшеліктері

Ж.К. Жетибаев,
Ақмола облысы Ақкөл аудандық
сотының төрағасы;
заң ғылымдарының магистрі;
Ақкөл қ., Ақмола облысы.

Мақалада цифрлік ортаға көшумен байланысты ақпараттық технологиялардың көмегімен болып жатқан қоғамдық қатынастардың орын алғандығын сотта дәлелдеу мәселесі қарастырылады. Соттарда күннен күнге дәлелдеменің қағаз жеткізгіштен гөрі, электронды түрін, атап айтқанда аудио-бейне жазбаны, скриншотты ұсыну жағдайлары жиі орын алуда. Аталған дәлелдемелердің іске қатыстылығы және жарамдылығына байланысты елімізде сот тәжірибесі бірізді қалыптаспай отыр. 2020 жылдың 30 қазанында бейнеконференция форматында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттар төрағаларының XV кеңесінде онлайн-соттар мен интернет сот төрелігін дамытудың маңызы жаңа деңгейге шығып отырғаны талқыланды.1 Сонымен қатар, цифрлік экономика мен электрондық сауданың мүмкіндіктері ескеріле отырып, қазіргі интернет арқылы орын алып жатқан қоғамдық қарым-қатынастарды реттеудің құқықтық тетігін жандандыру және мүше мемлекеттер арасында өзара тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды. Бұл тақырыбымыздың әлемдік деңгейде көтерілгендігі мақаланың өзектілігін көрсетеді.
Мақаланың негізгі мақсаты – сот ісін жүргізуде дәлелдемелерді электронды түрде ұсынуға және бағалауға байланысты мәселелерді түсіндіретін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тарапынан нормативтік қаулының қажеттілігін көрсету. Мақаланың жаңашылдығы – автормен таңдалған тақырыптың негізгі мәселелері айқындалып, зерттеліп отырған алғашқы жұмыстардың бірі болуы. Мақала отандық және шетелдік заңнама мен сот тәжірибесіне салыстырмалы құқықтық талдау, логикалық талдау және құқықтық модельдеу әдістерін қолдану арқылы жазылған. Сот тәжірибесін талдай отырып, автор электрондық дәлелдемелер заңнамалық дәрежеде толық реттелмеген және зерттелмеген деген қорытындыға келеді. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде автор сот ісін жүргізудің бірізділігін қамтамасыз ететін арнайы нормативтік қаулыда қаралауы керек сұрақтарды ұсынады.
Тірек сөздер: электрондық дәлелдеме, электрондық материал, сотта дәлелдемені бағалау, дәлелдемені қолданудың тәжірибесі, сот жұмысының заманауи форматы, электрондық құжат, аудио-бейне жазба, скриншот, компьютердің экранындағы бейнесі, дәлелдемені бағалауда арнайы нұсқаулығы.

Электрондық дәлелдемелердің қалыптасуы
Дәлелдеме азаматтық іс жүргізу ғылымындағы көп зерттелген институттың біріне айналғаныменен, жаңа технологиялардың дамуы салдарынан бүгінгі күні оны жаңа қырынан зерттеуге көптеген зерттеушілер қызығушылықтарын білдіріп отыр. Осыған байланысты А.Т. Боннер ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды түрде дамуын ескеріп, дәлелдеме тізімін ұлғайту мәселесіне мән береді, атап айтқанда дәлелдеме ретінде әртүрлі заманауи ақпараттық құралдардың мүмкіндіктерін қолданудың маңыздылығын алға тартады.2 Дамыған алдыңғы қатарлы елдерде, атап айтқанда Ұлыбританияда 1968 жылы, АҚШ-та 2000 жылы электрондық дәлелдемелерді қолдануға байланысты арнайы заңдар қабылданды, бұндай нормалар азаматтық процесте жаңа технологиялардың көмегімен алынған дәлелдемелерді, дәлелдеу процесінде аудио-бейне жазбаларды кеңінен қолдануға негіз салды. Ал Ресейде аудио, бейне жазбалар мен компьютерлік техниканы қолдану тәжірибесінің кеш пайда болуы бірқатар түсініксіздікті тудырды.3 Расында да Ресейде азаматтық іс жүргізу заңнамасы тарихында жаңа технологиялардың көмегімен алынған ақпараттар сот ісін жүргізуде тек 2003 жылы дәлелдемелер қатарына енгізілді және олардың заңды мәртебесін анықтауға байланысты заңгерлердің пікірлері бір-біріне қайшы келді, бірі жазбаша, ал екіншілері заттай дәлелдемелер қатарына кіргізді.4
Ресей заңгері А.П. Вершинин электрондық құжаттардағы ақпарат адамның шынайы болмыс туралы ойын (ұғым, тұжырым, ой қорыту) білдіретін болса, оларды жазбаша дәлелдемелерге жатқызады. Ал ешқандай ойды қамтымайтын, тек шынайы болмыстың бейнесі болып табылатын (мысалы, фотосурет) құжаттар жазбаша дәлелдеме деп таныла алмайды дей келе, оларды заттай дәлелдемелер ретінде қарастырады.5 Бірақ Е.А. Нахова электронды дәлелдемелер жазбаша және заттай дәлелдемелерден бөлек өзіндік құқықтық сипатқа ие деген тұжырым жасайды. Электрондық дәлелдеменің жарамдылығы мен дұрыстығын куәландыратын жалпы белгісі ретінде оның кімнен шыққандығын, яғни авторын анықтау мүмкіндігінің болуы маңызды. Сол себепті электрондық дәлелдемелерді жазбаша немесе заттай дәлелдемелер ретінде бөлмей жалпы тәртіпте іске қатыстылығына, жарамдылығына, дауды шешуде жеткіліктілігіне мән беруді ұсынады.6 Сондай-ақ Д.В. Седельникова да электрондық дәлелдемелер сотта жиі қолданылатын болғандықтан, электрондық құжаттарды заңнамалық деңгейде дербес дәлелдеме түрі ретінде анықтау қажеттігін ескереді, ал электрондық дәлелдемені жазбаша дәлелдеменің бірі ретінде қарастыру оның мәнін еш өзгертпейді деген пікірді ұстанады.7 Бұнда соңғы екі автор да электрондық дәлелдеменің бүгінгі күні сот ісін жүргізуде алатын орны, жаңа технологиялар арқылы алынған дәлелдемелерді қолдану тәжірибесінің маңыздылығы жыл сайын артып бара жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ осы бағыттағы дәлелдемелерді сот тәжірибесінде заттай немесе жазбаша деп бөлу күн тәртібінде туындап отырған мәселе емес. Дегенмен де, дәлелдеменің электрондық түрін құқықтық тұрғыдан жеке қарастыру ерекше назар аударуды қажет етіп отыр.
Елімізде соңғы жылдары интернет желісінің көмегімен алынған дәлелдемелерді сотқа ұсынудың маңыздылығы арта түсуде, бұл азаматтық- құқықтық қатынас тараптарының арасында қашықтықтан мәміле жасау, өзгерту немесе тоқтату және ақша аудару, сондай-ақ сотқа талап арыз, өтінішхат жіберу секілді әрекеттердің орын алуымен түсіндіріледі. 2015 жылғы 31 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің баптарында электрондық дәлелдемелерге қатысты нақты нормалар пайда болып, 65-баптың екінші бөлігі бойынша заң талаптары сақтала отырып алынған аудио-бейне жазбалар, электрондық материалдар жарамды дәлелдемелер қатарына кіргізілді. Сондай-ақ 99-бабында фото, аудио-бейне жазбаларды қандай мақсатта алынғандығын көрсету арқылы іске қатыстылығына сай сотта ұсыну мүмкіндігі көрсетілді. 2019 жылғы 2 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»8 Заңымен аталған кодекстің 77-бабының төртінші бөлігіне процестік әрекеттерге қатысуға тартылған маманның қорытындысын сотқа электронды түрде ұсыну мүмкіндігі енгізілді және 79-баптың екінші бөлігінде іске қатысушы адамдардың электронды түрде ұсынылған түсініктемелері азаматтық іске тіркелетіндігі қарастырылды. 2020 жылғы 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»9 Заңымен аталған кодекстің 100-бабы алтыншы бөлікпен толықтырылды, онда электрондық құжат нысанындағы дәлелдемелер жазбаша дәлелдемелер қағидасының талаптары сақтала отырып беріледі делінген. Бұл енгізілген өзгерістер сот ісін жүргізуде электрондық дәлелдемелердің орнын айқындап, жазбаша дәлелдемелер қағидасымен сот ісінде қарастырылатындығын көрсетеді.
Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерде көпшіліктің қағаз жеткізгіште жүргізілетін құжаттарға аса қызығушылық тудырмауын, сондай-ақ жыл сайын жаңа серпін алып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ықпалын ескеріп, оған басымдық беру мақсатында 2014 жылы «Электрондық сәйкестендіру және ішкі нарықтағы электрондық транзакциялар үшін сенімділік қызметтер туралы»10 Заң қабылданды. Нәтижесінде Еуропа мемлекеттерінде мәмілелерді электронды түрде жүргізіп қана қоймай, электрондық дәлелдемелердің қауіпсіздігін және оның қажеттілігін іс жүзінде одан да маңызды, қағаз жүзіндегі дәлелдермен бірдей етіп, құқықтық тұрғыдан қолдау тапты.
Әлем елдері өздерінің заңдарын дамытып қана қоймай, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әсеріне бағынып отыр. Себебі мүліктік қатынастардағы қатысушылардың өзгеруі және қоғамның әлеуметтік қажеттілігі сәйкесінше жаңа технологиялардың көмегімен жасалынатын әрекеттерді заңдастыру мәселесіне негіз салуда.11 Жаңа технологиялардың қарқынды дамуына байланысты кейбір авторлар өз кезегінде заңдарды сәйкестендіруден басқа сотқа келіп түскен электрондық дәлелдемелерді зерделеу арнайы білімді қажет ететіндігі алдағы уақытта туындайтын мәселе екенін ескереді.12

Сотта жаңа технологиялардың көмегімен алынған дәлелдемелерді
қолданудың тәжірибелік маңызы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың адамзат қызметінің барлық салаларына кеңінен енуі сотта дәстүрлі түрде бағаланатын дәлелдеменің мүлдем жаңа бағытының пайда болуына көп әсерін тигізді. Көптеген мемлекеттер сот ісін жүргізуде заман талабына сай нормативтік құқықтық актілер қабылдап, тиісті заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2018 жылғы 9 маусымдағы № 6001-18-7-6/188 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисі арқылы іске қатысушыларға азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот істері бойыншабарлық сатыдағы сот ісін жүргізуде құжаттарды электронды түрде сотқа ұсынуға жағдай жасалған.13 Сондай-ақ барлық сот залдары аудио-бейне жазба жүргізілетін және тек қана дискте жазылған электронды материалдарды зерделеуге мүмкіндік беретін арнайы компьютерлермен және теледидарлармен жабдықталған. Бұндай қадам республика аумағындағы соттарға іске қатысушылардан тек құжаттарды электронды түрде қабылдап қана қоймай, олармен жаңа технологиялардың көмегімен арнайы TrueConf, Scype, Whatsapp немесе Zoom мобильді қосымшалары арқылы қашықтықтан онлайн режимінде сот отырыстарын (бейнебайланыс) өткізуге және электронды түрде сотқа өтінішхаттарды, дәлелдемелерді ұсынуға мүмкіндік берді.14 Тәжірибеде алып қарайтын болсақ, әлемде болып жатқан COVID-19 коронавирусының өршіп кетуіне байланысты республика аумағындағы соттарда сот отырыстары толықтай, атап айтқанда 98% қашықтықтан жүргізілуде.15 Оның тиімділік жағы іске қатысушылардың сот отырыстарына негізсіз немесе әр-түрлі сылтаумен келмеуіне байланысты кейінге қалдыру немесе соттардың істерді ұзақ уақыт қарау секілді мәселелерін қысқарта отырып, іске қатысушыларды әуре сарсаңға түсірмейді, сондай-ақ аталған вирустың таралу қауіпін төмендетеді.
Бүгінде дәлелдеменің электрондық түрін зерделеу күнделікті сот отырыстарында маңызды орын алып отыр және әрбір іс бойынша судья дәлелдемелерді іске қатыстылығына қарай бағалауы тиіс. Осыған байланысты 2019 жылғы 11 желтоқсандағы Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотының шешімін мысал ретінде қарастыратын болсақ, талапкер У. жауапкер П.-ға қарызды өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінген, онда 2018 жылы 06 наурызда үшінші тұлға «К» ЖШС мен жауапкер П.-ның арасында №30144001 қарызды беруге оферта шарты интернет желісі арқылы жасалған. Шарт бойынша үшінші тұлға жауапкерге несиені пайдаланғаны үшін сыйақы төлей отырып, 7000 теңге мөлшерінде несие берілген. 2018 жылы 23 қазанда үшінші тұлға «К» ЖШС мен талапкер У-дың арасында талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарт жасалған. Аталған шарт бойынша қарыз алушылар міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін талапкерге қарыз ақшаны жауапкерден талап ету құқығы берілген. Талапкердің есебі бойынша жауапкердің берешегі 22 095 теңгені құраған, оның ішінде: негізгі қарыз – 7 000 теңге; сыйақы мөлшері – 3 335 теңге; тұрақсыздық айыбы (айыппұл) – 11 760 теңге. Көрсетілген соманы жауапкерден талапкердің пайдасына өндіріп алуды сұраған. Шешімде көрсетілген негіздерге сәйкес, үшінші тұлға «К» ЖШС мен жауапкер П.-ның арасында қарызды беруге оферта шартын жасасқанда, банктік шоты мен ұялы телефонның абоненттік нөмірі кімге тиесілі екендігін үшінші тұлға анықтамаған, сондай-ақ жауапкер П.-ны растайтын дәлелді құжат, атап айтқанда жауапкердің жеке куәлігі талап етілмеген. Осыған байланысты төрағалық етуші судья Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 158-бабаның 1-тармағына сай үшінші тұлға мен жауапкер арасындағы интернет желісі арқылы жасалған қарызды беруге байланысты оферта шартын жарамсыз деп танып, талап қоюдан толық бас тартты.16 Бұнда үшінші тұлға тарапынан интернет желісінде онлайн-несие рәсімдеу кезінде талап арыздағы уәждерді растайтын бірде-бір электронды дәлелдеме сотқа ұсынылмаған, атап айтқанда қарыз алушының жеке басын және оның қарыз ақша алу туралы еркін анықтамай, қарыз ақшаны белгісіз банктік шотқа жіберілгендігі негіз болып отыр.
Сонымен қатар, республикамыздың кейбір судьялары іс материалдарын зерттеу барысында негізгі электрондық дәлелдемелерге қатысты мән-жайларды назарынан тыс қалдыратын кездері де аз емес. Мысалы, 2019 жылғы 02 наурыздағы Ақмола облысы Шортанды аудандық сотының шешімінде, талапкер «Қ» ЖШС жауапкер С.-ға іскерлік беделді қорғау туралы талап арызы қаралған, онда жауапкер С. мемлекеттік мекемелерге және «Whatsapp» қосымшасы арқылы Шортанды ауданы Жолымбет ауылының тұрғындарына талапкер «Қ» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметі туралы жалған ақпарат таратылды деген уәжбен сотқа жүгінген талап арызы қанағаттандырылған. Алайда 2020 жылғы 02 шілдедегі Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аталған сот шешімі бұзылған. Онда бірінші сатыдағы сот талапкердің өндірістік-шаруашылық қызметі туралы жалған ақпаратты «Whatsapp» қосымшасы арқылы ауыл тұрғындарына таратылғандығы туралы мән-жайға көз жеткізбегендігі негіз болды.17 Бірінші сатыдағы шешімді қабылдаған судья талапкер туралы қате түсінік қалыптастыратын бейнежазба ауыл тұрғындарына таратылғандығын дәлелдейтін электрондық материалды сот отырысында зерттемеген, онымен қоса іс материалында аталған бейнежазба мүлдем тіркелмеген, осыған байланысты даудың дұрыс шешілмеуіне себеп болып отыр.
Соттар іс-материалдарын зерделеу барысында электрондық құжаттардың тұтастығына кепілдік беретін техникалық шарттардың сақталу мәселесіне мән беруі тиіс, ал аталған шарт сақталмаған жағдайда, ондағы дәлелді ақпараттардың бұрмалану қауіпіне алып келуі мүмкін.
АҚШ-тың соттарында жаңа технологиялардың көмегімен алынған дәлелдеменің түпнұсқасы көз жеткізіліп негізге алынады, егер ұсынылған дәлелдеме шындыққа жанаспайтын болса, тиісті тұлға қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады.18 Сонымен қатар, сотта дәлел ретінде ұсынылған электрондық құжаттарды бағалау кезінде электрондық хабарламаны дайындау, сақтау немесе беру және электрондық ақпараттың тұтастығын қамтамасыз ету мәселесі де маңызды орын алады. Бұнда заманауи жаңа технологиялардың көмегімен алынатын дереккөздердегі ақпараттарды зерттеу электрондық дәлелдемелердің сенімділігіне әсер етуі мүмкін.19 Жалпы алғанда сотта зерделенетін электрондық дәлелдеме өзінің негізгі қызметін атқара алмаса да, істің мәнін ашып көрсете алатындай болу қажет.
Хорватия Жоғарғы Соты SMS-хабарламаларды сот талқылауы барысында дәлел ретінде пайдаланылуға рұқсат етілетінін растады, өйткені олар басқа тасымалдаушыда сақталатын кез келген басқа жазбаша мазмұн сияқты ақпарат көзі болып табылатындығын келтіреді.20
Қытайда 2018 жылы 28 маусымда Ханчжоу интернет-соты блок негізіндегі электрондық деректер сот дауларында дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін растады.21 Дәлелдемелерді қорғау үшін арнайы пайдаланылатын технологияның мысалы «блок» болып табылады. Блок – бұл электрондық дәлелдердің жоғары сенімі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дамушы технология.22 Ол криптографияның көмегімен байланысқан, қорғалған және орталықсыздандырылған бір рангты желіде жазылған жазбалардың (блоктардың) тізіміне сілтеме жасайтын таратылған кітап ретінде анықталуы мүмкін. Оның құрылымы бойынша Блок бастапқы деректерді түрлендіруге төзімді. Бұл дәлелдеу мақсаттары үшін блокты жарамды етеді және зияткерлік меншіктің бұзылғандығын дәлелдеу үшін құқықтық негізді қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдары, азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде жаңа технологиялардың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, көп елдерде сот отырысында электрондық дәлелдемелерді қолдану және бағалау бойынша арнайы құқықтық актілер қабылдануда. Олардың бірі 2019 жылғы 30 қаңтарда Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетінде (әрі қарай – ЕКМК) қабылданған «Азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізудегі электрондық дәлелдемелер туралы» нұсқаулығын атап өтсек болады. Бұл нұсқаулық Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына міндетті құқықтық құрал ретінде емес, керісінше, сот тәжірибесінде электрондық дәлелдемелерді қолдану барысында көмекші құрал ретінде қызмет етуге және сот төрелігінің тиімділігі мен сапасын күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ сотта қағаз жеткізгіште ұсынылған дәлелдемелердің санын қысқартуға көмектесе отырып, тараптар мен соттардың арасында коммуникацияны жеңілдетуге арналған.23
ЕКМК нұсқаулығы іс жүргізуде электрондық дәлелдемелерге қатысты мынадай үш қағидатты белгілейді:24
Бірінші қағидат бойынша электрондық дәлелдемелердің әлеуетті дәлелдемелік құндылығы туралы шешімді соттар ұлттық заңнамаға сәйкес қабылдайды. Бұл ретте соттар басшылыққа қолданылатын құқық нормаларын, сот презумпцияларын алып, сот тәжірибесін қалыптастырады(жоғарыда айтып өткендей, нұсқаулық көмекші құрал қызметін атқарады).
Екінші қағидат электрондық дәлелдемелерді сотта нысанына байланысты қабылдамауын және дәлелдемелердің басқа түрлерімен салыстырғанда артықшылықтарды пайдаланбауын талап етеді. Бұл тұрғыда соттар технологиялық бейтарап тәсілді ұстануы тиіс. Бұл деректердің түпнұсқалығын, дәлдігін және тұтастығын анықтауға мүмкіндік беретін кез келген технология қабылдануы тиіс дегенді білдіреді.
Осы тұста мына мәселеге назар аудару керек, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодекстің 99-бабында келтірілген ақпараттық жеткізгіштегі дәлелдемелер тізімі ашық, бұл технологиялардың жылдам өзгеруіне байланысты электрондық дәлелдемелердің сан түрлі нысанда ұсынылуы мүмкіндігін алдын алады. Бұндағы маңызды мәселе, бірқатар дәлелдемелер тиісті құқықтық нормада тікелей аталмағандықтан, істі қарау барысында судьяда дилемма туындайды: не ұсынылған дәлелдемені азаматтық процестен алып тастау, не оны заңмен бекітілген тізімге және тәртіпке сәйкес зерделеу. Тиісті құқықтық реттеу болмаған жағдайда бірінші тәсілді жүзеге асырады. Ал бұл істі қарау және шешу үшін маңызы бар ақпаратты елемеуге мүмкіндік береді.
Үшінші қағидат электрондық дәлелдемелерге қатысты тараптардың теңдігі және олармен тең қарым-қатынаста болу жатады. Электрондық дәлелдемелермен жұмыс істеу азаматтық немесе әкімшілік сот ісінің тараптары үшін тиімсіз болмауы тиіс. Мысалы, іске қатысушы тарап дәлелдемелердің түпнұсқалығына дау айту мүмкіндігінен айырылмауы керек. Егер судья тарапқа электрондық дәлелдемелерді қағаз жеткізгіште басып шығаруын өтінсе, мұндай тарап тиісті метадеректерді ұсыну мүмкіндігінен айырылмауы тиіс.
Елімізде жоғарыда көрсетілген нұсқаулыққа ұқсас құқықтық тетіктердің болмауынан судьяларда электрондық дәлелдемелерді зерделеуге байланысты әртүрлі бағыттағы түсінік қалыптасуда, соның нәтижесінде электрондық дәлелдемені сотқа ұсынудың құндылығы жоғалуда. Сол себепті сот тәжірибесі әр аймақта әртүрлі қалыптасып, бірізділік сақталмай отыр. Бұндай мәселе Ресей мемлекетінде де орын алып отыр, яғни азаматтық сот ісін жүргізуде электрондық дәлелдемелерді ұсынуға байланысты біріңғай тәсіл қалыптаспаған.25
Назар аударатын мәселе 2006 жылы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалауға қатысты Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының арнайы нормативтік қаулысы қабылданған.26 Аталған нормативтік қаулыны судьялар қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді, оның ішінде электронды түрін зерделеу барысында басшылыққа алып, негізгі ереже ретінде қолданады. Сонымен қатар, бұл дәлелдеменің қылмыстық істер бойынша заман талабына сай күрделенуіне байланысты сәйкесінше оны бағалаудың да судьяға қиындықтар туғызатынын көрсетеді. Сондықтан дәлелдеме істі шешу барысында шындыққа көз жеткізуге ықпал ететін бірден-бір құрал екенін ескеріп, азаматтық істер бойынша мұндай қаулының қабылдануы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып тұр.
2020 жылғы 30 қазанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (әрі қарай –ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Жоғарғы Сот төрағаларының XV кеңесі өткен болатын. Кеңес жұмысына Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Беларусь, Моңғолия мемлекеттерінің Жоғарғы Сот төрағалары қатысып, әлемдегі болып жатқан пандемияға байланысты сот жүйесінің цифрлануы, онлайн сотқа көшу жағдайларының маңыздылығы туралы өз баяндамаларында таныстырды.
ШЫҰ Бас хатшысы осы тұрғыда жеке адам құқықтарының конституциялық негіздерін және процестік мерзімдерді бұзбай және азаматтардың әділ сот талқылауы мен сот төрелігіне қол жеткізу құқықтарын шектемей, электрондық ортаға көшудің нормативтік және құқық қолдану тетіктерін әзірлеу қазіргі заманғы шындықта сот ісін жүргізуде бірінші кезектегі міндетті мәселе болып табылатынын атап өтті. Соған байланысты ШЫҰ шеңберінде онлайн сот ісін жүргізу тақырыбына қатысты нормативтік-құқықтық актілер, анықтамалық, әдістемелік, ақпараттық-талдамалық, ғылыми және өзге де материалдармен өзара алмасуды ұсынды.27
Бұл өз кезегінде талқыланып отырған тақырыбымыздың әлемдік деңгейдегі маңызын көрсетеді және елімізде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму дәуірінде электрондық дәлелдемелерді сотқа ұсынуға, сондай-ақ, азаматтық істі шешуде жеткіліктілігі тұрғысынан бағалауға байланысты арнайы нормативтік қаулының қажеттілігін тағы да дәлелдейді.

Аудио, бейне жазбаның және скриншоттың
электрондық дәлелдеме ретінде алатын орны
Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегіне сүйене отырып, азаматтық-құқықтық қатынас тараптарының электронды түрде ақша аударымдарын жасау, хаттар жолдау, келісімге келу секілді әрекеттері электрондық дәлелдемелерді сотта жаңа қырынан зерделеу арқылы шындыққа қол жеткізуге мүмкіндіктер туғызып отыр. Қазіргі сот тәжірибесінде көп жағдайда тараптардың зерттеуге ұсынған қағаз жеткізгіштегі дәлелдемелерден бөлек аудио-бейне жазбаны немесе скриншотты негізге алғандығы жиі кездеседі, ондағы негізгі мәселе тараптардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және заңды мүдделерін қорғау мақсатында электрондық дәлелдемелер арқылы дауды дұрыс және әділ шешуге бағытталған.28
1980 жылдары Кеңес үкіметінің белгілі ғалымдары Д.М. Чечот жазбаға арналған магниттік таспадағы ақпараттарды дәлелдеме қатарына кіргізіп, оның маңыздылығын шындыққа қол жеткізетін бірден-бір құрал ретінде қарастырса,29 ал Э.М. Мурадьян сотта аудио-бейне жазбалардың түпнұсқалығын растайтын нақты норманың қажеттігін ескерген.30 Сондай-ақ А.Г. Прохоров азаматтық-процестік ғылымның даму дәуірінде аудио-бейне жазбаны дәлелдеменің заманауи қайнар көзі етіп санаған, ондағы ақпаратты өзіндік дәлелдеме құралы ретінде қарап, алынған жазбалар сапасының техникалық құралға байланыстылығын көрсеткен.31 Бұнда сол кезеңнің өзінде сот ісін жүргізуде дәлелдемелердің электрондық нұсқасын зерттеу құқықтық тұрғыдан реттелмесе де соттарға ақпараттарды тереңірек түсінуде істерді мәні бойынша қарауда маңызды рөл атқаратындығын көрсетіп отыр.
Бір топ батыс заңгерлерінің пікірінше барлық дәлелдемелердің негізгі мақсаты – пікірталас тудыратын мәселелерді зерделеп, нақты фактілерге сүйеніп, шындықты анықтау болып табылады, сол себепті іске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер зерделеуге бейімді және қарапайым азаматқа түсінікті болуы қажет. Мысалы, сот отырысы өткізілетін зал – судьямен, сот ісіне қатысушылармен бірге дау қаралатын, дәлелдемелер зерделенетін орын. Батыс заңгерлері сот залын мектептегі сынып бөлмесімен салыстыра отырып, ондағы тыңдаушыларға ақпараттың түсінікті әрі жеңіл түрде ұсынылуына мән береді. Осыған байланысты барлық сот залдарында іске қатысушылар дәлелді фактілер келтіруге және куәгердің айғақтарын күшейтуге қатысты электрондық дәлелдемелерді қолдануды нақты реттейтін құқықтық актіні қажет етеді. Бұл психологиялық әрі логикалық тұрғыдан әсерлі, тәлімгерлік және сенімдірек сипатта болатындығын көрсетеді.32 Аталған бағыттағы пікірмен бірге, Ресейдің белгілі заңгері А.Т. Боннер аудио-бейне жазбаның маңыздылығы соншалықты, ол шын мәнінде болған мән-жайларды толығымен қалпына келтіріп, сот пен іске қатысушыларға істің мән-жайларын қабылдауды жеңілдетеді деген көзқарасты ұстанады.33
Бірақ аудио-бейне жазбаларды сотта зерделеу барлық мемлекеттерде бірдей рұқсат етілмейді, әр мемлекеттің заң талаптарына сай жүзеге асырылады, кейбіреулері жеке адамның теріс қылықтары мен мінездерін көпшілікке жария етуді қаламайды. Мысалы Германияда отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жазылған аудио-бейне жазбаларды сотта дәлелдеме ретінде қолдануға мүлдем жол берілмейді, бұл елде отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді тарату және олардың өміріне басқаларды араластыру секілді әрекеттерді көпшілікпен талқылауға заңмен тиым салынған. Әдетте сот ісін жүргізуде аудио-бейне жазбадағы ақпараттың мазмұнына емес, ондағы әрекет тек кімге тиесілі екендігін, дәлірек айтқанда жазылған мәлімет белгілі бір адамға немесе көпшілікке бағытталғанына мән беріледі.34
Соңғы жылдары процестік нормаларды реформалау кезеңінде аудио-бейне жазбаларды қолданудың маңызын сот ісін жүргізу қажеттіліктеріне сай оңтайландыра отырып, жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Әрине, заманның талабы өзгерген сайын ғылыми-техникалық прогресс бір орында тұрмайды, аталған бағытта нәтижелі еңбектің салдарынан процестік нормалардың ұдайы дамуына және құнды тәжірибе жинауға көмектеседі. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің жиырма алтыншы тарауында сот отырысын аудио-бейне жазбасы арқылы жүргізу ерекшелігі қарастырылған, онда судьяның өкімдері мен ұйғарымдары, іске қатысушылар мен олардың өкілдерінің түсініктемелері, куәлардың айғақтары, сарапшылар мен мамандардың қорытындыларына берген түсіндірмелері, аудио-бейне жазбаларды зерделеудің нәтижелері және бейне түсірілімді қарау туралы мәліметтер қысқаша хаттамаға енгізіледі. Бұл өз кезегінде сот отырысы хатшыларының уақытын үнемдеп қана қоймай, сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесінің ашықтығы мен тиімділігінің кепілі болып табылады.35 Ал бұл алдағы уақытта қашықтықтан немесе аудио, бейне жазбаны қолдану арқылы өткізілген ашық сот отырысының бейне жазбасы электрондық дәлелдеме ретінде сотқа ұсынылу тәжірибесінің қалыптасуына жол ашады.
Аудио-бейне жазбамен сот отырысын жүргізу расында да судьяның іс құжаттарын зерттеу барысында тараптардың түсініктемелерін, сарапшылар мен мамандардың түсіндірмелерін және куәлардың айғақтарын бірізділікті тәртіпте бейнелеуге мүмкіндік береді, онымен қоса іске қатысушылардың санасындағы оқиғаларды түсіндіруде бірқалыпты және интеллектуалды күш жұмсамай қабылдауға көмектеседі. Сондай-ақ іске қатысушылар тарапынан қысқаша хаттамамен, атап айтқанда аудио-бейне жазбасымен танысқаннан кейін оған келтіретін ескертулерді азайтады.
Осыған байланысты атап өтетін мәселе, қашықтықтан бейне және аудио құралдарының көмегімен қатысуға рұқсат етілмейтін істердің тізімін нақты көрсету қажеттілігі туындайды. Себебі электрондық сот ісін жүргізу ерекшеліктері тарауында сот ісін жүргізу форматын анықтау судьяның міндеті емес құқығы екендігі анық көрсетілген. Судья тараптардың пікірін ескере отырып іс жүргізу форматын өзгерте алады. Бала асырап алу, ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу істері бойынша тараптар соттың онлайн форматта болуына өтініш білдірген жағдайларда судьяның тараптардың пікірін ескеріп сот ісін онлайн форматта өткізуі қаншалықты негізді? Ал тараптардың пікірін ескермеген жағдайда олардың процессуалдық құқығы бұзылды ма деген сұрақтар туындайды. Іске қатысушы кәмелетке толмаған баланың психологиясын, болып жатқан іске қатысты мінез-құлқын саралау, өзге де факторлар сот ісінің онлайн форматта емес, нақты сот залында шешілуі қажеттігін көрсетеді және осыған ұқсас істерді анықтап, олардың осындай ерекшеліктерін ескеру қажет.
Ал скриншотқа келер болсақ, ол белгілі бір уақытта компьютердің экранындағы бейнені дәлме-дәл көрсететін кескін.36 Көп жағдайда скриншотты сотта іске қатысушы тұлғалар өздерінің уәждерін дәлелдеуде маңызды құжат ретінде қолданады. Заң талаптарына сай сот ісін жүргізуде іске қатысушылар іс үшін маңызы бар электрондық және цифрлық жеткізгіштердегі материалдарды судьяға ұсынуға рұқсат береді, ал судья іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты, толық, объективті және ішкі сенімі бойынша бағалайды, қажет болған жағдайда сарапшылардың және мамандардың қатысуымен зерделенеді.37 Бұнда ең басты қағида тараптардың арасында туындаған дауды шешуде болған фактіні, атап айтқанда шындықты, әділдікті анықтауға көмектеседі.
Батыс заңгері Интернет желісінде скриншот арқылы алынған ақпараттың түпнұсқалығын тануда ең жиі қолданылатын үш әдісті көрсетеді, олар: (1) куәнің айғақтары, онда скриншот жасаған адамнан экранда алынған дәлелдер веб-сайттағы бейнені дәл көрсететіндігін анықтау, (2) скриншотты ұсынушы тараптың мәлімдемесін немесе арнайы білімі бар маманның мәліметтерді сол адамнан жарияланды деген мәлімдемесін ұсыну, (3) Интернет желісіндегі мұрағатты қолдану.38 Ал Ресей мемлекетінің Жоғарғы Сотында қалыптасқан тәжірибе скриншотты дәлел ретінде тану үшін бірнеше шарттың болуын қажет етеді, олар 1) сәйкестендіру қасиеті бар мәлімет (іске қатысты болуы, бұзушылық фактісін растауы); 2) басып шығарылған веб-сайттың мекен-жайы (браузерден алынған ақпараттың болуы); 3) басып шығарылған веб-сайттың нақты уақыты; 4) қол қою (сотта скриншотты ұсынған іске қатысушы куәландырады).39 Бұл жердегі дәлелдемелерді қай жағынан алып қарастырса да зерделеу барысында қателікке жол бермеуді меңзейді.
Алайда кей заңгерлер дәлелдеменің бұл түрі көптеген мәселелер тудыратындығын ескереді, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды түрде дамуы және күннен күнге жаңа ғылыми-техникалық бағдарламалардың пайда болуымен Интернет желісіндегі кез-келген парақшаны өзгерту немесе жою қауіпінің мүмкіндігін алға тартады. Сол себепті жалған ақпарат таратқан адамның немесе оның осындай таратуға қатысқандығын дәлелдеу қиындық тудыртады. Сондай-ақ скриншоттың құжат нысанында ресми үлгісінің болмауы, оны сот ісін жүргізуде дәлел ретінде пайдалануға күмән туғызады, ал дәлелдемелерді бұрмалаушылықтан немесе жойылудан қорғайтын нақты тетік жоқ.40 Сондықтан судьяларға аталған бағыттағы электрондық дәлелдемелерді зерделеуде сарапшылар мен мамандардың көмегіне сүйенуге тура келеді.
ЕКМК нұсқаулығында электрондық дәлелдемелердің (сондай-ақ «цифрлық дәлелдемелер» деп аталады) мәтін, бейне, фотосуреттер немесе дыбыстар пішінін қабылдай алатындығы келтіріледі.41 Деректер мобильді телефондар, веб-беттер, борттық компьютерлер немесе GPS-тіркеушілер сияқты түрлі тасымалдаушылардан немесе қол жеткізу әдістерінен, оның ішінде тараптың жеке бақылауынан тыс сақтау кеңістігінде сақталған деректерді негізге ала алады. Электрондық хабарламалар (электрондық пошта) электрондық дәлелдемелердің типтік мысалы болып табылады, өйткені олар электрондық құрылғыдан (компьютерден немесе компьютерге ұқсас құрылғыдан) шығатын және тиісті метадеректерді қамтитын дәлелдер болып табылады.
«Метадеректер» басқа деректер туралы деректерді білдіреді. Ол кейде электрондық дәлелдің «цифрлық саусақ ізі» деп аталады.42 Ол файлды немесе құжатты жасау немесе өзгерту күні мен уақыты немесе автор және деректерді жіберу күні мен уақыты сияқты маңызды дәлелдік деректерді қамтиды. Метадеректер, әдетте, тікелей қол жетімді емес. Олардың сотта маңызды дәлелдік құндылығы бар. Метадеректер релевант немесе жанама дәлел ретінде болуы мүмкін (мысалы, құжаттың ең релевантты нұсқасын көрсету) немесе ол өзі тікелей дәлел ретінде релевантты болуы мүмкін (мысалы, осы файлмен өзгертілген (бұрмаланған) жағдайда). Бұл нұсқаулық метадеректер жоғалған жағдайда да өзекті болып табылады.
Еліміздегі скриншотты дәлел ретінде қарастырған сот тәжірибесін келтірсек, мысалы, 2016 жылғы 31 тамыздағы Қостанай облысы Рудный қалалық сотының шешімінде көрсетілген негіздерге сай, 2015 жылғы 26 қазанда Интернет желісіндегі «Однокласник» қосымшасында жауапкер Г. талапкер С.-ның және оның отбасы мүшелерінің ар-намыстарын қорлайтын жағымсыз сөздерді жариялаған. Осыған байланысты талапкер С. болған жайтты скриншот арқылы дәлелдей отырып, өзінің пайдасына жауапкер Г.-дан 200 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өндіруін сұраған. Сот талапкердің зерделеуге ұсынған сриншоттағы ақпаратты, онда талап арызда көрсетілген талапкердің уәждері расында да орын алғандығын негізге алып, талап арыз ішінара қанағаттандырылған. Бірақ 2016 жылғы 16 қарашадағы Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жоғарыда көрсетілген сот шешімі бұзылған. Апелляциялық сот алқасы талапкер С. ұсынған скриншот нотариалды түрде куәландырмағандығын және скриншот жазбаша дәлелдеме ретінде түпнұсқада ұсынылмағандығын бірінші сатыдағы судья негізге алмады деген қорытындыға келген.43
Жоғарыда көрсетілген жайттың мысалында елімізде жылдар бойы сот жүйесінде заманауи форматтарды қолдануға байланысты жасаған жұмыстарға қарамастан, электрондық дәлелдемелерді бағалау ерекшеліктері әлі де болса жеткілікті түрде реттелмегеніне куә болып отырмыз. Бұнда скриншотты нотариалды түрде куәландыру дәлдеме ұсынушының міндеті емес, құқығы болып табылады, сондай-ақ апелляциялық сот алқасы ондағы мәліметтің жарамдылығын тексеруге байланысты маманды іске қатыстыру мәселесін ескермей немесе Интернет желісінде орын алған мән-жайға көз жеткізбей, бірінші сатыдағы шешімді бұзуды жөн көрген. Ескеретін жайт дәлелдемелер қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде болғанына қарамастан, ондағы бар ақпараттардың күшінде екендігін есте ұстау қажет. Сот ісін жүргізуде жаңа қалыптасып келе жатқан электрондық нұсқада ұсынылған дәлелдемелерді зерделеудің тәжірибесін дер кезінде қолға алмау, судьяларда әртүрлі бағытта түсінік қалыптастырып, дәлелдемені бағалауға байланысты оның заңдылығына күмән туғызады.

Қорытынды
Электрондық байланыс түрі жылдан жылға дәлелдеудің маңызды қайнар көзіне айналып келеді, сәйкесінше сот ісін жүргізуде іске қатысушыларға дәлелдемелердің электрондық түрін пайдалану да ыңғайлы етіп, реттеуді қажет етеді. Сондықтан республикамыздың соттарында дәлелдемелерді зерттеуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегіне сүйене отырып, оңтайлы тәсілдерді енгізу тиімділігінің маңызы орасан зор. Электрондық дәлелдемелердің дәлелдеу құралы ретінде сот ісін жүргізудегі қызметі елеулі ерекшеліктерге ие, олар қағаз жеткізгіштегі дәлелдемелер секілді тәуелсіз құқықтық табиғатын негіздеуге мүмкіндік береді, ал мәліметтердің әсері шынайы фактілерді бейнелейді. Жаңа технологиялардың қарқынды түрде дамуы кезеңінде электрондық материалдар өзгерістерді енгізуге бейім екендігін де ескеру қажет.
Бүгінгі күні электрондық дәлелдемелерді ұсыну және сот отырысында зерделеу құқықтық тұрғыдан қарастырылғаныменен; сот тәжірибесінде айтарлықтай қолданыс таппағанына куә болып отырмыз. Тіпті сот тәжірибесінде судьялардың электрондық дәлелдемелерді бағалауда әртүрлі бағытта түсінік қалыптастырған кездері де көрсетілді. Бұнда судьялардың заманауи процессуалдық заңнамадағы маңызды нормаларды қолдануға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін бағыт-бағдар қажет екендігін атап өткен жөн. Бұл қадам азаматтық іс жүргізу мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ете отырып, істерді неғұрлым дұрыс және уақтылы қарауға алып келеді.
Осыған байланысты азаматтық іс бойынша сот ісін жүргізуде электрондық дәлелдемені оның қатыстылығы, жарамдылығы жағынан ескеріліп, істі шешуде жеткіліктілігі тұрғысынан бағалауға байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тарапынан арнайы нормативтік қаулы қабылдау қажеттігін жоғарыда негіздедік. Онда келесі негізгі мәселелер қарастырылуы керек:
1) іске қатысушыларға талап арызбен сотқа жүгінген кезінде электрондық дәлелдемелерді ұсыну форматы, яғни электрондық тасымалдағышта (компакт дискіде) ұсыну және электрондық дәлелдеменің ерекшелігіне байланысты компакт дискіге трансформациялау мүмкін болмаған жағдайда өзге де цифрлік жеткізгіште ұсыну мүмкіндігі;
2) іске қатысушыларға электрондық дәлелдемелерді қашықтықтан сотқа ұсыну тәртібі;
3) электрондық дәлелдемелерді ұсынушы тұлға тарапынан байланыстың немесе бейнеконференцияның сапасы қамтамасыз етілуі;
4) судьяның электрондық дәлелдемелерді ұсынған тұлғаларды анықтау мүмкіндігі;
5) электрондық дәлелдеменің түпнұсқалығы күмән тудырғанда судьяларға маманды қатыстыру немесе сараптама тағайындаудың міндеттілігі;
6) судьялардың электрондық дәлелдемелерді бағалауды бірізділікті тәртіпте жүргізуін қамтамасыз ету;
7) қашықтықтан іске қатысуға рұқсат етілмейтін істердің тізімін айқындау;
Жоғарыда сипатталған нормативтік қаулының қабылдануы сот ісін жүргізудің тиімділігін және сапасын арттырып, елімізде бірізді сот тәжірибесінің қалыптасуына кепіл болады.

Ж.К. Жетибаев, Председатель Аккольского районного суда Акмолинской области; магистр юридических наук, г. Акколь, Акмолинская область: Особенности электронных доказательств в гражданском судопроизводстве.
В статье рассматривается проблема доказывания в суде общественных отношении, возникших с помощью применения новых технологий, в связи с переходом в цифровую среду. В суды все чаще предоставляют электронные доказательства, в частности аудио-видео записи, скриншоты, нежели чем доказательства в бумажных носителях. В связи с особенностями относительности и допустимости таких доказательств судебная практика в стране не сформирована последовательно. На XV совещании председателей верховных судов государств-членов Шанхайской организации сотрудничества, состоявшийся 30 октября 2020 года в формате видеоконференции, обсуждалась важность развития онлайн-судов и онлайн-правосудия, где были рассмотрены вопросы активизации нормативно-правовой базы регулирования отношений через Интернет и обмена опытом между странами-членами с учетом возможностей цифровой экономики и электронной коммерции. Поднятие данной темы на глобальном уровне, еще раз доказывает ее актуальность.
Основная цель данной статьи – представить обоснование необходимости принятия нормативного постановления Верховным Судом Республики Казахстан, разъясняющего вопросы, связанные с представлением и оценкой электронных доказательств в судебном производстве. Новизна статьи заключается в том, что автором выявлены и всесторонне изучены основные вопросы, выбранной темы и предложены обоснованные пути решения. Статья написана с использованием методов сравнительно-правового анализа и логического анализа отечественного и зарубежного законодательства и судебной практики. Анализируя судебную практику, автор приходит к выводу, что электронные доказательства не полностью регламентированы и изучены на законодательном уровне. По результатам исследования автором было предложено ряд вопросов, ответы которых должны отражаться в нормативном постановлении, что обеспечит единообразную судебную практику.
Ключевые слова: электронные доказательства, электронный материал, оценка доказательств в суде, опыт использования доказательств, современный формат судебной работы, электронный документ, аудио-видео запись, скриншот, изображение экрана компьютера, специальные инструкции по оценке доказательств.

Zh.K. Zhetibaev, Chairman of the Akkol district court of Akmola region; Master of legal sciences; Akkol, Akmola region: Features of electronic evidences in civil proceedings.
The article deals with the problem of proving public relations in court that have arisen through the use of new technologies in connection with the transition to the digital environment. Electronic evidence, such as audio-video recordings and screenshots, is increasingly provided to the courts, rather than paper evidence. Due to the peculiarities of relativity and admissibility of such evidence, judicial practice in the country is not formed consistently. The XV meeting of the presidents of the Supreme courts of the Shanghai cooperation organization member States, held on October 30, 2020 in a videoconference format, discussed the importance of developing online courts and online justice, where issues of enhancing the regulatory framework for regulating relations via the Internet and exchanging experience between member countries, taking into account the opportunities of the digital economy and e-Commerce were considered. Raising this topic at the global level once again proves its relevance.
The main purpose of this article is to provide justification for the need for the adoption of a regulatory resolution by the Supreme Court of the Republic of Kazakhstan, explaining the issues related to the presentation and evaluation of electronic evidence in court proceedings. The novelty of the article lies in the fact that the author has identified and comprehensively studied the main issues of the chosen topic and proposed reasonable solutions. The article is written using the methods of comparative legal analysis and logical analysis of domestic and foreign legislation and judicial practice. Analyzing judicial practice, the author comes to the conclusion that electronic evidence is not fully regulated and studied at the legislative level. Based on the results of the research, the author proposed a number of questions, the answers of which should be reflected in the regulatory decision, which will ensure uniform judicial practice.
Keywords: electronic evidence, electronic material, evaluation of evidence in court, experience in using evidence, modern format of judicial work, electronic document, audio-video recording, screenshot, computer screen image, special instructions for evaluating evidence.

 

 

Библиография:
1. Генеральный секретарь ШОС В. Норов принял участие в XV Совещании председателей Верховных судов государств-членов Шанхайской организации сотрудничества. URL: http://rus.sectsco.org/news/20201030/687140.html (08.11.2020).
2. Боннер А.Т. Установление обстоятельств гражданских дел. М.: Издательство ОАО «Издательский Дом «Городец», 2000. – 328 c.
3. Решетникова И.В. Доказательственное право Англии и США. Екатеринбург: Издательство УрГЮА, 1997. – 240 с.
4. Горелов М.В. Электронные доказательства в гражданском судопроизводстве России: вопросы теории и практики. Диссертация на соискание ученой степени к.ю.н. Екатеринбург, 2005. – 185 с.
5. Вершинин А.П. Электронный документ: правовая форма и доказательство в суде. Учебно-практическое пособие. М.: Издательство «Городец», 2000. – 247 с.
6. Нахова Е.А. Проблемы электронных доказательств в цивилистическом процессе // Ленинградский юридический журнал. № 4, 2015. – С. 301-312.
7. Седельникова Д.В. Проблемы применения электронного доказательства в гражданском и арбитражном процессах // Правопорядок: история, теория, практика. № 2 (13), – С. 31-34.
8. Голубцов В.Г. Электронные доказательства в контексте электронного правосудия // Вестник гражданского процесса. № 1, 2019. – C. 170-188.
9. Jokubauskas R. and Świerczyński M. Impact of the Council of Europe Guidelines on Electronic Evidence in Civil and Administrative Law // Global journal of comparative law. № 9, 2020. – С. 1-16.
10. Республика соттары «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыруда. URL: http://sud.gov.kz/kaz/news/respublika-sottary-sot-toreliginin-zheti-tuyini-bagdarlamasy-shenberinde-pilottyk-zhobalardy (08.11.2020).
11. Все суды Казахстана перешли на дистанционную форму работы. URL: https://forbes.kz/news/2020/04/28/newsid_224268(08.11.2020).
12. Аболонин Г.О. Гражданское процессуальное право США. Монография. М.: Издательство «ВолтерсКлувер», 2010. – 432 c.
13. Electronic evidence in civil andadministrative proceedings. URL: https://rm.coe.int/guidelines-on-electronic-evidence-and-explanatory-memorandum/1680968ab5(08.11.2020).
14. Борискина Н.И. Процессуальная форма доказательств в современном гражданском судопроизводстве. Диссертация.на соискание ученой степени к.ю.н. М., 2020. – 185 с.
15. Вехов В.Б. Электронные доказательства: проблемы теории и практики // Правопорядок: история, теория, практика. № 4, 2016. – C. 47-50.
16. Чечот Д.М. Советский гражданский процесс // Под ред. Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. Ленинград, 1984.
17. Мурадьян Э.М. Использование в гражданском судопроизводстве машинных документов // Советское государство и право. № 2, 1976. – С. 112-116.
18. Прохоров А.Г. Принцип допустимости средств доказывания в советском гражданском процессуальном праве. Автореферат дисс. на соискание ученой степени к.ю.н. Сверловск, 1976. – 20 с.
19. Herman W.G. and Edward F.M. Demonstrative evidence and audio-visual aids at trial // Insurance law journal. № 3, 1956. – С. 202-220.
20. Боннер А.Т. Аудио-видео записи как доказательство в гражданском и арбитражном процессе // Законодательство. № 3, 2008.
21. Van Rhee C.H. and Uzelac A. Evidence in contemporary civil procedure: Fundamental issues in a comparative perspective. Belgium, Intersentia Ltd. 2015. – 380 p.
22. Применение судом аудио-видео записи в зале судебного заседания. URL: https://astana.sud.kz/rus/news/primenenie-sudom-audio-video-zapisi-v-zale-sudebnogo-zasedaniya (08.11.2020).
23. Шагалова Е.Н. Самый новейший толковый словарь русского языка XXI века: Oколо 1500 слов. М.: Издательство «АСТ: Астрель», 2011. – 413 c.
24. Саава Я.А. Электронные доказательства в гражданском процессе // Молодой ученый. № 49 (287), 2019. – C. 409-411.
25. Diaz A. Getting information off the internet is like taking drink from fire hydrant the murky area of authenticating website screenshots in the courtroom // American journal of trial advocacy. № 37 (1), 2013. – C. 65-92.
26. Гаврилов Е.В. Некоторые аспекты нового постановления Пленума Верховного Суда РФ в сфере интеллектуальной собственности в условиях цифровой экономики // Сборник материалов II Всероссийских Морозовских чтений. Орехово-Зуево: ГГТУ, 2019. – С. 86-92.
27. Golubeva N. and Drogoziuk K. Web-page screenshots as an evidence in civil procedure of Ukraine // Masaryk University Journal of Law and Technology. № 13 (1), 2019. – C. 87-114.
28. Guidelines of the Committee of Ministers of the Council of Europe on electronic evidence in civil and administrative proceedingsExplanatory Memorandum. URL: https://search.coe.int/cm/Pages/result_details.aspx?ObjectId=0900001680902e0e (08.11.2020).
References (transliterated):
1. General'nyj sekretar' ShOS V. Norov prinyal uchastie v XV Soveshchanii predsedatelej Verhovnyh sudov gosudarstv-chlenov SHanhajskoj organizacii sotrudnichestva. URL: http://rus.sectsco.org/news/20201030/687140.html (08.11.2020).
2. Bonner A.T. Ustanovlenie obstoyatel'stv grazhdanskih del. M.: Izdatel'stvo OAO «Izdatel'skij Dom «Gorodec», 2000. – 328 c.
3. Reshetnikova I.V. Dokazatel'stvennoe pravo Anglii i SShA. Ekaterinburg: Izdatel'stvo UrGYUA, 1997. – 240 s.
4. Gorelov M.V. Elektronnye dokazatel'stva v grazhdanskom sudoproizvodstve Rossii: voprosy teorii i praktiki. Dissertaciya na soiskanie uchenoĭ stepeni k.yu.n. Ekaterinburg, 2005. – 185 s.
5. Vershinin A.P. Elektronnyj dokument: pravovaya forma i dokazatel'stvo v sude. Uchebno-prakticheskoe posobie. M.: Izdatel'stvo «Gorodec», 2000. – 247 s.
6. Nahova E.A. Problemy elektronnyh dokazatel'stv v civilisticheskom processe // Leningradskij yuridicheskij zhurnal. № 4, 2015. – S. 301-312.
7. Sedel'nikova D.V. Problemy primeneniya elektronnogo dokazatel'stva v grazhdanskom i arbitrazhnom processah // Pravoporyadok: istoriya, teoriya, praktika. № 2 (13), – S. 31-34.
8. Golubcov V.G. Elektronnye dokazatel'stva v kontekste elektronnogo pravosudiya // Vestnik grazhdanskogo processa. № 1, 2019. – C. 170-188.
9. Jokubauskas R. and Świerczyński M. Impact of the Council of Europe Guidelines on Electronic Evidence in Civil and Administrative Law // Global journal of comparative law. № 9, 2020. – S. 1-16.
10. Respublika sottary «Sot tөrelіgіnің zhetі tүjіnі» baғdarlamasy sheңberіnde pilottyқ zhobalardy іske asyruda. URL: http://sud.gov.kz/kaz/news/respublika-sottary-sot-toreliginin-zheti-tuyini-bagdarlamasy-shenberinde-pilottyk-zhobalardy (08.11.2020).
11. Vse sudy Kazahstana pereshli na distancionnuyu formu raboty. URL: https://forbes.kz/news/2020/04/28/newsid_224268(08.11.2020).
12. Abolonin G.O. Grazhdanskoe processual'noe pravo SSHA. Monografiya. M.: Izdatel'stvo «VoltersKluver», 2010. – 432 c.
13. Electronic evidence in civil andadministrative proceedings. URL: https://rm.coe.int/guidelines-on-electronic-evidence-and-explanatory-memorandum/1680968ab5(08.11.2020).
14. Boriskina N.I. Processual'naya forma dokazatel'stv v sovremennom grazhdanskom sudoproizvodstve. Dissertaciya.na soiskanie uchenoĭ stepeni k.yu.n. M., 2020. – 185 s.
15. Vekhov V.B. Elektronnye dokazatel'stva: problemy teorii i praktiki // Pravoporyadok: istoriya, teoriya, praktika. № 4, 2016. – C. 47-50.
16. Chechot D.M. Sovetskij grazhdanskij process // Pod red. N.A. Chechinoj, D.M. Chechota. Leningrad, 1984.
Murad'yan E.M. Ispol'zovanie v grazhdanskom sudoproizvodstve mashinnyh dokumentov // Sovetskoe gosudarstvo i pravo. № 2, 1976. – S. 112-116.
17. Prohorov A.G. Princip dopustimosti sredstv dokazyvaniya v sovetskom grazhdanskom processual'nom prave. Avtoreferat diss. na soiskanie uchenoĭ stepeni k.yu.n. Sverlovsk, 1976. – 20 s.
18. Herman W.G. and Edward F.M. Demonstrative evidence and audio-visual aids at trial // Insurance law journal. № 3, 1956. – S. 202-220.
19. Bonner A.T. Audio-video zapisi kak dokazatel'stvo v grazhdanskom i arbitrazhnom processe // Zakonodatel'stvo. № 3, 2008.
20. Van Rhee C.H. and Uzelac A. Evidence in contemporary civil procedure: Fundamental issues in a comparative perspective. Belgium, Intersentia Ltd. 2015. – 380 p.
21. Primenenie sudom audio-video zapisi v zale sudebnogo zasedaniya. URL: https://astana.sud.kz/rus/news/primenenie-sudom-audio-video-zapisi-v-zale-sudebnogo-zasedaniya (08.11.2020).
22. Shagalova E.N. Samyĭ noveĭshiĭ tolkovyĭ slovar' russkogo yazyka XXI veka: Okolo 1500 slov. M.: Izdatel'stvo «AST: Astrel'», 2011. – 413 c.
23. Saava Ya.A. Elektronnye dokazatel'stva v grazhdanskom processe // Molodoj uchenyj. № 49 (287), 2019. – C. 409-411.
24. Diaz A. Getting information off the internet is like taking drink from fire hydrant the murky area of authenticating website screenshots in the courtroom // American journal of trial advocacy. № 37 (1), 2013. – C. 65-92.
25. Gavrilov E.V. Nekotorye aspekty novogo postanovleniya Plenuma Verhovnogo Suda RF v sfere intellektual'noj sobstvennosti v usloviyah cifrovoj ekonomiki // Sbornik materialov II Vserossiĭskih Morozovskih chteniĭ. Orekhovo-Zuevo: GGTU, 2019. – S. 86-92.
26. Golubeva N. and Drogoziuk K. Web-page screenshots as an evidence in civil procedure of Ukraine // Masaryk University Journal of Law and Technology. № 13 (1), 2019. – C. 87-114.
27. Guidelines of the Committee of Ministers of the Council of Europe on electronic evidence in civil and administrative proceedingsExplanatory Memorandum. URL: https://search.coe.int/cm/Pages/result_details.aspx?ObjectId=0900001680902e0e (08.11.2020).

Учредитель:
АО Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева (Maqsut Narikbayev University).
Партнеры:

Журнал зарегистрирован в Комитете информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство № 7742-Ж.
ISSN: 2307-521X (печатная версия)
ISSN: 2307-5201 (электронная версия)