Профессор А.М. Нурмагамбетовың ғылыми шығармашылығы туралы

М. К. Журунова.
Құқық жоғарғы мектебінің докторанты
Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti 
Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы
е-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Ғылыми мақала тақырыбының өзектілігі: Мақала еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығының дамуына үлес қосқан белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің кафедра меңгерушісі, «Құқық және мемлекет» журналының редакция алқасының мүшесі, 2020 жылы 70 жасқа толған Аманжол Мағзұмұлы Нұрмағамбетовке арналған. Аманжол Мағзұмұлының еңбектері толық зерттелмегендігі мақаланың ғылыми жаңалығы болмақ, ал басты мақсаты профессордың ғылыми шығармашылығы, жаңашылдығы мен көрегенділігі, Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы ашып көрсету. Мұнда ғалымның еңбек құқығы саласындағы ғылыми еңбектерін зерттеу барысында тарихи, догматикалық, биографиялық әдістері,талдау және синтездеу тәсілдері орнымен қолданылған. Құқықтық саясатқа, еңбек туралы заңнама нормаларына және бүгінгі күні қолданыстағы консенсусқа қатысты ғылыми-практикалық түсіндірмелердің құндылығы көрсетілген. Автор ғалымның еңбек құқығы ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесі туралы тұжырымға келеді.
Профессор «Еңбек нарығы: құқықтық мәселелер және перспективалар» монографиясын, «Право социального обеспечения Республики Казахстан» оқулығын, «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» ҚР Заңына түсініктеме (бірлескен авторлықта), Қазақстан Республикасының Конституциясына ғылыми-практикалық ұсыныс (бірлескен авторлықта), еңбек заңнамасы мен еңбек көші-қонының өзекті мәселелері бойынша 150-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Көрнекті ғалым және конституциялық, еңбек құқығы саласынының маманы, монографиялардың, заңнамаларға пікірлердің, көптеген ғылыми мақалалардың авторы, патриот, философ, кең көзқарасты адам ретінде А. М. Нұрмағамбетов ғылыми кадрларды (аспиранттар мен докторанттарды) және жас мамандардың (студенттер мен магистранттардың) бірнеше буынын дайындауға елеулі үлес қосты. Ғалым Қазақстанның заң білімінің мақтанышы, болашақ өскелең ұрпақ үшін жоғары үлгі тұтар тұлға болып табылады.
Тірек сөздер: заң ғылымы, А. М. Нұрмағамбетов, заң ғылымдарының докторы, профессор, еңбек құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, мерейтой, ҚР Конституциялық Кеңесі, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,
М.С. Нарикбаев атындағы ҚАЗГЮУ Университеті.


Профессор туралы
2020 жылдың 3-маусымы еңбек құқығы мен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы салаларынының білікті маманы, профессор, заң ғылымдарының докторы, ұлағатты ұстаздың есімі Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл кеңестік үкімет аумағына танымал, беделді, жарқын азаматымыз Аманжол Мағзұмұлы Нұрмағамбетовтың мерейтойына келіп түсуі атаулы күн болып тұр.
Әркімнің ерекше атап өтетін бірнеше күндері болады, дегенмен мерейтой-жай ғана мереке емес, өмірде орын алатын нәтижелерді қорытындылап, ғылымда үлкен ізін қалдырып өткен жылы емес пе. Осындай ғалымның жүріп өткен жолымен жүріп өту жас кадрлар мен ғалымдардың арманы шығар.
Көптеген заңгерлерге бұл күн профессормен бірге өткізген білімге ұмтылу жолындағы қызыққа толы студенттік өмірлері, ғылыми зерттеу бағыты бойынша ізденіп, жүргізген еңбектері, ғылыми конференциялар мен отырыстарға, заңшығарушылық жұмыстарға қатысуы, өзінен білім алушыларға жүргізген дәрістері мен тәжірибе сабақтары, емтихандар мен сынақтарды қабылдауымен, елімізде алғашқы еңбек құқығы мамандығын дамытуға үлкен үлесін қосқан еңбектері туралы естеліктермен байланысты. Ғылым, білім, мемлекеттік қызметі саласында қарым – қатынасқа түскен көптеген азаматтардың есінде ашық-жарқын мінезімен, ораторлық қасиетімен үлкен мәдениет өкілінің әрқашанда көмек, кеңес сұрағандарға қолы ашық, дана, қарапайым, мейірімді, дара тұлға ретіндегі орны бөлек.
Аманжол Мағзұмұлы барлық өмірін ғылымға арнап, жас кадрлар мен ғалымдар, оқытушыларға тәрбие беруші ғана емес, өркенниетті мемлекетіміздің дамуына зор үлесін қосқан мемлекеттің үздік қызметкері. Оған дәлел: «Құрмет» төсбелгісі, «Құрметті қызметкер» атағы, «Қазақстан Республикасының құрметті заңгері», Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарының иегері.
Осындай қазақтың біртуар азаматының мерейтойы қарсаңында бұл кісінің тапжылмай, жылдап жинаған республикалық деңгейдегі беделдері мен ғылым саласына арнаған еңбектерін басшылыққа ала отырып, ағартушылық саласындағы игі істеріне ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізіп отырмыз.
Жүз елуден асатын жарық көрген ғылыми еңбектері міндетті түрде зерттенуші ғалымдарға бағыт беретін құнды еңбектер болып табылады. Ол еңбектер еліміздегі негізінен еңбек құқығы мен әлеуметтік қамсыздандыру құқығын, сондай-ақ, конституциялық және азаматтық құқық салаларының көптеген өзекті мәселелерді көтеру, талқылау, үздік шетелдік тәжірибелермен салыстармалы талдаулар жүргізу және олардың қисынды шешімдерін беру аясында жазылған.
Аманжол Мағзұмұлы Нұрмағамбетов көптеген кеңестік үкіметтің кезіндегі ғалымдар сияқты ғылым жолын Ресей Федерациясының аумағынан бастағанымен, білім мен ғылымға деген құштарлық, ғылыми мәдениетінің қалыптасып дамуын туған жері Көкшетаумен байланыстырғымыз келеді. Қазақтың белгілі жазушысы, ақыны Сәкен Сейфуллиннің «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы»-деп еліміздің ең әдемі жерін сипаттаған Көкшетау туралы өлең жолдарын жаттаумен бәріміз өстік.1
Осы киелі мекенде Аманжол Мағзұмұлы өмірге келіп, балалық шағын Абылайхан ханның билік жүргізген жерінде өткізген. Көкшетау туралы қаланың 195 жылдық мерейтойына қатысты іс – шарада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Көкшетау-еліміздің ең әдемі қалаларының бірі. Бұл әдемілікті сақтап, көркейту көкшетаулықтар сіздердің еңбектеріңіз»-деген болатын.2
Әрине, Елбасы осындай әдемі жерді сақтап, сыйлап отырғаны азаматының біраз еңбектері екенін атап отыр. Осындай үлкен тарихы бар қалада өмірге келіп, қазақтың үлкен мәдениетін бойына сіңірген азаматымыздың жұлдызы жарық екенін мақтан етеміз. Аманжол Мағзұмұлы өмірін ғылым жолына түсуімен байланыстырып, біраз еңбектенгенін, жетістікке жетуін туыстары, отбасы мүшелері, шәкірттері, құрдастары мен барлық жерлестері қуанышпен айтып отырады. Ғалым өз тарапынан осындай табиғаты көркем, білім мен мәденитін, қазақтың салт-дәстүрін ұстанып отырған, біршама ағартушылар шыққан туған жерін үлкен ықыласпен мақтан тұтады.
Аманжол Мағзұмұлы 2002 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып табылады. Бірақ, ғалым өзін шарықтатпай, ғылымды дамытуға мол үлесін қосқанына қарамастан, барына қанағат тұтатын, өзінің қарапайымдылық мінезін сақтап келеді.

Профессорды ғылымға жетелеген
алғашқы қадамдары
Профессор Аманжол Мағзұмұлы Қазақстан Республикасында ғылымның дамуы үлкен үлесін қосқан. Ғылым жолына түсуінің алғашқы қадамдары Кеңестік үкімет кезінен бастау алады. Аманжол Мағзұмұлы жоғарғы білімін Алматы қаласында орналасқан С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, заңгер мамандығын иеленген. Студенттік өмірін ғалым Қазақстан Республикасының танымал және өте білікті заңгерлерімен өткізгенін айтады. Бұл ортада ой-өрісінің кеңдігімен ерекшеленген ол кісіге қурстастары «болашақ профессор» деп атақ берген.
Ары қарай осы біліктілікпен тоқтап қалмай, ғылыми ізденушілік зерттеу жұмыстарын жалғастыруды мақсат еткен. Ғылыми зерттеу бағытын еңбек құқығы саласын зерттеуден бастаған.
«Ұлы даланың барлық бұрыштарында лайықты ұлдар дүниеге келді. Алайда, әділетсіздігі олардың көпшілігінің есімдері бізге белгісіз екендігінде жатыр. Тиісті ақпараттық қамтамасыз етусіз тарихи жад өте қысқа»-деп, әлі де болса, елімізге әртүрлі сала бойынша еңбегі сіңген азаматтарымыз көп дейді ғалым.3
Бұл жерде Аманжол Мағзұмұлы өзінің тәлімгер, ғылымды, оның ішінде еңбек құқығы саласына тоқталуына бір себепші болған еңбек құқының еліміздегі алғашқы мамандарының бірі Абжанов Кубен Абжанұлын айтады. Кубен Абжанұлы қазіргі кезде еңбек құқығының белгілі де, білікті мамандары С.Б. Идрисова, В.Н. Уваров, С.А.Дмитриевалардың кандидаттық диссертацияларының ғылыми жетекшісі болған.4
Аманжол Мағзұмұлы өзінің осындай тәлімгері Кубен Абжанұлының ғылыми зерттеуіндегі еңбек шарты институтын дамытуда ұстанған тұжырымдамалық ережелері әлі күнге дейін өзекті болып табылатынын жазған.5
Осындай өзінің құрмет көрсететін ғалымдарын профессор ешуақытта жадынан шығарған емес. Оған дәлел ретінде 2019 жылы шыққан «Избранные труды по трудовому праву» атты оқулықта еңбек құқығының көптеген өзекті сұрақтарына байланысты мәселелер қамтылғанын айта аламыз.6
Ғалымның үлкен ғылым жолымен жүріп өтуіне, үлкен тәжірибемен алмасуына, халықаралық деңгейде өзін ғалым ретінде бекітілуіне Мәскеу қаласының М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантура бөліміне түсіп, оқуы әсер етті. Сол бөлімдегі білімін үздік аяқтап, 1983 жылы «Совхоз жұмысшыларының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері» атты заманына сәйкес, өзекті тақырыпта заң ғылымдарының кандидаттық ғылыми атағын алуға қатысты диссертациясын қорғап шықты.7
Осы тақырыптың аясында бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрді. Олар совхоз жұмыскерлерінің еңбегін реттеуге қатысты 1972 жылғы Қазақ КСР-ның Еңбек туралы заңдар кодексіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу қарастырылған мәселелерге байланысты құндылығы мол зерттеу жұмысы болды.8
Заң ғылымдарының кандитаты болып жүрген кезінде Аманжол Мағзұмұлы ғылыми зерттеу жолында үнемі жаңашыл көзқарасымен заман талабына сәйкес орын алып отырған өзекті мәселелерді зерттеп, маңызды сұрақтардың жауабын табумен айналысқан. Әлі зерттелмеген фундаменталды тақырыптарға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесімен тоқтап қалмай, ғылымның нәрін ары қарай заң ғылымдарының докторы атағын алу үшін жалғастырды. Сол кезде болсын, қазірде өзектілігін жоғалтпайтын тақырыптардың бірі нарықтық заманының даму үрдісінің талаптарын зерттейтін жұмысты жазуға бел буған. Әлемдік деңгейде дамыған, дамушы мемлекеттердің еңбек нарығы бойынша тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасының егемендік алғаннан кейінгі жағдайын зерттеуі маңызды заттардың басын ашты. Нәтижесінде Аманжол Мағзұмұлы 1998 жылы Мәскеу қаласының М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде докторлық диссертациясын үздік қорғап, заң ғылымдарының докторы ғылыми атағын алды.
Докторлық диссертациясына «Еңбек нарығы: құқықтық мәселелері мен перспективалары» тақырыбын алды. Ресей Федерациясының еңбек құқығының белгілі,білікті мамандары Ю.П. Орловский, К.Н. Гусов, А.М. Куренной оппоненттері болған. Зерттеу жұмысында ізденушінің маңызды жеке тәжірибесі жинақталған. Мұнда, еңбек нарығы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылатынын, еңбек заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мен еңбек нарығына мемлекеттік концепцияны дайындау қажеттілігі, еңбекте ынталандыру шараларының мәселесі, еңбекпен қамту мен жұмыссыздық, еңбек көші – қоны мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, бұл еңбекте профессор ұлттық заңнама нормаларын халықаралық деңгейдегі құқықтық актілерді имплементациялау мен интеграция мәселесіне де көңіл аударған.
22 жылдық тарихы бар өзектілігін жоймаған зерттеуді көптеген еңбек құқығы саласының зерттеушілері айналып өтіп кете алмайды. Міндетті түрде осы еңбекпен танысып, профессордың сол кездегі айтып кеткен ұсыныстарымен келісіп жатады. Профессордың көзқарасының жаңашылдығы мен көрегенділігі, міне, осындай құнды еңбектер жазуымен дәлелденеді. ЕЭО аясында интеграция мәселесі қазіргі уақытта терең орын алып отыр. Қазіргі уақытта ЕЭО аясындағы еңбекшілердің құқықтарын қорғау мәселелесіне арналған жас ғалымдардың еңбектері профессордың осы еңбегін зерттеуден бастау алып, жазылып жатыр. Осы жерден, Аманжол Мағзұмұлы жиырма екі жыл бұрын жазылған еңбегінің елімізде осынша жыл бойына сұраныста болатынын білген бе екен?

Ғылыми нәтижелері
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Аманжол Мағзұмұлының құқықтану мамандығын дамытуға үлес қосқан көптеген ғылыми еңбектері бар. Бұл туындылармен көптеген ғалымдар келісіп немесе келіспейтін пікірлерін ұстанып, өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ғалымның еңбектерін оқып, зерттеп шығу үшін біршама уақыт қажет. Осындай көлемде ғылыми еңбектерін жазып, жарыққа шығаруы үшін жетпіс жыл өмірін арнаған ғалымды құрметтеу керек деп ойлаймын. Біз және жас ғалымдар ол еңбектің қалай келетінін біліп, қадірін түсінеміз.
Профессордың ғылыми зерттеу қызығушылығы еңбек құқығы саласын қамтығанымен, біраз еңбектері конституциялық құқықтан да жазылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз алған жылдары еңбек құқығы саласынан бірнеше заңдардың шыққанын білеміз. Сол заңдардың алғашқы дайындаушыларының бірі А.М. Нұрмағамбетов болған. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы», «Еңбек көші – қоны туралы», «Еңбекпен қамту туралы» заңдарын дайындаушы болса, «Ұжымдық шарттар (келісімдер) туралы», «Ең төменгі тұтыну бюджеті және ең төменгі жалақы туралы» заңдарын әзірлейтін жұмыс тобының басшысы болған.9
А.М. Нұрмагамбетовтың еңбек құқығы саласы бойынша алғашқы оқулықтары: 1992 жылы шыққан «Мотивация труда и ее роль в становлении рынка труда». Бұл оқулықтың мазмұнында еңбек нарығындағы жұмыс берушінің жұмыскерлерін ынталандыру үшін қандай шаралар жасау қажеттілігін қарастырып кеткен. Бұл қазірде маңызын жоймаған мәселе. А.М.Нұрмағамбетов: «Егер, жұмыскер күнделікті жұмысына жақсы көңілмен, қызығушылықпен келетін болса, одан жұмыс берушінің де өнімділігі артатыны сөзсіз» – деген.10
Осы жерде профессордың пікірімен келісеміз. Егер жұмыс беруші жұмыскеріне ынталандыратын еңбек жағдайларын қамтамасыз етсе, ол ақ ниетімен жұмысын атқарып, еңбегі өнімдірек болып, жұмыс берушінің ісін алға тартады. Ал, жұмыста жағдайы жоқ, ешқандай ынталандыру шараларынсыз әзер жұмыс жасап жүрген жұмыскерлер жұмыс берушінің еңбек өнімділігін керісінше төмендетеді.
«Правовое регулирование трудовых отношений в свободных экономических зонах Республики Казахстан» атты оқулығы 1994 жылы шықты. Оқулықта жұмыс берушінің жұмыскерлеріне бәсекеге лайықты мамандар дайындауға ден қойылған. Сол жылдардың өзінде профессор қазіргі заманның еңбек нарығына қатысты басты талапты ұстануға шақырады. 11
Осы ғылыми еңбектерін тереңірек зерттеп, 1998 жылы «рынок труда: правовые проблемы и перспективы» атты оқулығын шығарды. 12
Бұл оқулықтың мазмұнында еңбек нарығының сол кездегі жағдайы, жетілдіруге жататын тұстары мен болашақта дамытуға қажетті белгілері сипатталған.
Ғалым еңбек шартының азаматтық құқықтық шарттан айырмашылықтары, артықшылықтары мен ұқсастықтарын зерттеуге көп көңіл бөлген. Еңбек шартының өзіне тән белгілеріне сипаттама жасаған. Бұл тақырыптың аясында профессордың бірнеше ғылыми мақалалары да бар.
Соның ішінде, 1997 жылы шыққан «Еңбек шарты мен азаматтық-құқықтық шарттың арақатынасы» атты мақаласы. Мақалада ғалым әлі күнге дейін еңбек құқығының мамандары дәлелдеген жұмыскерлерді қорғауда ұстанатын азаматтық-құқықтық шартқа қарағанда, еңбек шартын жасау жұмыскерлерге кепілдіктер мен жеңілдіктерді сақтайтынын атап кеткен.13
Осындай тағы бір ерекше құнды еңбектерінің бірі – еңбек құқығының кәсіби маманы Е.Н. Нұрғалиевамен бірлескен авторлықта жазған, 2000 жылы баспадан шыққан «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына» түсіндірмесі.14
Бұл түсіндірмеде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақ КСР-ның Еңбек туралы заңдар кодексінің күші жойылып, 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы № 493 Заңының нормаларын талқылаған.15 
Аталған түсіндірме сол жылдардағы еліміздегі еңбек құқығы саласы бойынша оқулықтардың тапшылығын азайтуға көмегін тигізді. Ол студенттер мен жас ғалымдар білімін дамытуға пайдалы болды. Түсіндірме жазу кез-келген оқыған, көзі ашық адамның қолынан келетін дүние емес екенін білеміз. Жаңа заң қабылданғаннан кейін бір жылдың ішінде түсіндірме жазу, сол саланы жатқа білетін, терең меңгерген маманның ғана қолынан келетін, кешенді түрде зерттеу жүргізген жұмысының еңбегі ретінде көреміз.
2005 жылы Республикасындағы «Конституциялық бақылау» кітабының бірлескен авторы.16
Аманжол Мағзұмұлы: «Конституциялық құндылықтар Негізгі Заңның шығармашылығында, қоғамдағы бейбітшілік пен келісім сияқты негізгі артықшылықтардың мызғымастығынан көрінеді» – деп, онда бекітілген құқықтық идеялар, қағидаттар мен нормалар мемлекет пен қоғам дамып келе жатқанда ашылады және ол үшін қажетті саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасалатыны мен халықтың еркі басшылыққа алынатынын атайды.17
2011 жылы бірлескен авторлықпен кәсіби жолдағы серіктесі, Конституциялық кеңестің мүшесі В.А. Малиновскиймен бірге «Внеочередные выборы Президента Республики Казахстан: вопросы и ответы» атты кітапшасын шығарады.18
Бұл кітапшада елімізде жиі орын алып тұратын кезектен тыс Президент сайлауына қатысты туындайтын сұрақтарға құқықтық тұрғыдан жауап берілген. Ол әлі күнге дейін өзекті тақырып ретінде орын алып отыр. Кітапша жеңіл, түсінікті тілмен жазылғандықтан, оқырмандардың кең аудиториясына арналған.
Аманжол Мағзұмұлының мемлекеттік деңгейдегі тағы бір үлкен еңбегінің бірі-еліміздің Конституциясына авторлар ұжымымен бірлесіп жазған түсіндірмесі. Аталған Қазақстан Республикасының Конституциясына ғылыми-тәжірибелік түсіндірме 2018 жылы баспадан шыққан. Профессор осы еңбектің мазмұнында Конституцияның 24-бабының нормаларына қатысты түсіндірме жасаған.19
Баптың төрт тармағының аясында Кеңестік Қазақстанның 1937 жылғы Конситиуциясының жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау мен реттеуге байланысты нормалардың, егемендік алғаннан кейін қабылданған Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конситуциясының нормалары қалай өзгергеніне хронологиялық тұрғыдан сипаттама жасап, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген.
Аталғандардың барлығы республикалық деңгейде маңыздылығы жоғарғы білікті, кәсіби мамандардың қолынан келетін ғылымды дамытуға үлесін қосқан құнды еңбектер болып тарихта қалатыны сөзсіз.
Осындай маңызды, патриоттық деңгейде жазылған мақаласы 2020 жылы 7 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген «Қазахстаннан хат» деп аталады.20
Бұл мақалада профессор 1943 жылғы 6 ақпандағы Сталинград шайқасы туралы, «Правда» газетінде «Славный казахский народ – в борьбе за Советскую Родину» атты мақалаға зерттеу жасап жазған. Ұлы отан соғысы мен, оған дейінгі қазақ халқының елі, жері үшін соғысқан кездегі үлкен рухтары сипаттала отырып, ол рухты еліміздің азаматтарына хаттар жазу арқылы жеткізгені шығармашылық тұрғыдан, әрі ғылыми тілмен сипаттаған. Биыл, жеңіске 75 жыл толуына қатысты мерейтойында профессор қазақстандықтардың соғыстың барлық кезеңдері мен жеңіске жеткен күнінде асқан ерлік көрсеткенін атап кеткен.
Аманжол Мағзұмұлының әрбір ғылыми еңбегін жазу кезінде назар аударатын мәселе, зерттеуіне өзіндік стиль беретін тұсы, ол кісі үнемі жаңашылдық мәселесін дер кезінде қозғап, оны хронологиялық тұрғыдан ескі тәжірибені үлкен қызығушылықпен зерттейді.
Әйгілі философ Вильгельм Фридрих Гегель «Кез келген ғылымның саласы өзінің шығу тарихымен байланысты болады»-деген.21
Бұл жерде философ жаңа ұғымды енгізу немесе ұсыну үшін, алдымен ескіні зерттеп алған дұрыс деген пікірді ұстанған. Жаңа көзқарасты ашу үшін, ескіні зерттеп барып, жаңадан қорытынды жасайтын болған. Осы тұрғыдан Аманжол Мағзұмұлының ғылыми зерттеулері философиялық көзқараспен жазылатынын аңғардық. Яғни профессорды жай ғана ғалым емес, философ ғалым деп-те атағымыз келеді. Әрбір зерттеуінде құқықтық доктринадан бастау алып, салыстырмалы талдау жасау арқылы, жаңашыл әділеттің өзектілігін сақтайтын, біраз жылдарға қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ғалымның кез-келген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген кезінде оның нәтижесі болашақта біраз жылдарға өзектілігін жоғалпайтынын алдын-ала көретін көзқарасы сирек кездесетін құбылыс. Адамның бойында болатын ондай қасиет барлық ғалымдарда бірдей кездесе бермейді. Оған дәлел ретінде, Аманжол Мағзұмұлының Қазақстанның болашағы туралы болжамы-2015 жылы әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылатынын атап кеткіміз келеді.

Аманжол Мағзұмұлының «Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» АҚ ғылыми бағытын дамытуға қосқан үлесі
Аманжол Мағзұмұлының «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Құқық жоғарғы мектебі департаментінде ұстаз, ғалым, жас ғалымдардың жетекшісі, тәлімгер реінде алатын орны бөлек.
Біріншіден, профессор университетте еңбек құқығы мен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәндерінен сабақ беріп қана қоймай, студенттері, магистранттары, аспиранттары мен докторанттарын ғылыми зерттеу бағыттары бойынша жол сілтеп, үздік бітіріп шығуына орасан зор көмегін тигізген және тигізуде.
Университетімізде профессордың дана және сезімтал ғылыми жетекшілігімен үздік бітіріп, жоғарғы білім туралы диплом, заң ғылымдарының магистрі дипломын, заң ғылымдарының кандитаты дипломын, доктор PhD дипломын алған түлектері қаншама. Осы түлектердің кез-келген ғылыми зерттеу еңбегін ашып қарайтын болсақ, барлықтары да талаптарға сәйкес келе отырып, еліміздің еңбек құқығының өзекті мәселелерін талқылауға, орын алып отырған мәселелерді тереңдетіп зерттеп, оны шешу жолдарын беретін заңды ұсыныстармен бекітілген. Бұл жерден профессордың мамандарды жетектеп, соңына дейін ақыл-кеңесін беріп, көмегін көрсеткенін көре аламыз. Қазіргі уақытта профессордың осы шәкірттерінің біразы ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысып, болашақ ғалымдарға бағыттар көрсетіп жүрсе, басқалары заң саласында сәтті жұмыстар істейді.

Екіншіден, ғалым бірнеше жылдар университеттің диссертациялық кеңесінің мүшесі болды. Бұл кеңесте біраз ғалымдарға ғылыми дәреже берілді. Ғылыми кеңестің мүшесі болып қана қоймай, өзінің ғылыми жетекшілігімен, біраз ғалымдар университеттің кеңесінен заң ғылымдарының кандидаты, философия ғылымының докторы (PhD) ғылыми атақтарын да қорғап шығып жатты. Атап айтатын болсақ, Аманжол Мағзұмұлының ғылыми жетекшілігімен, 2009 жылы Пиптюк А.В. «Проблемы стимулирования труда наемного работника как метода регулирования трудовых отношений» және Кулмаханова Л.Ш. «Правовое регулирование трудовой миграции в Республике Казахстан» заң ғылымдарының кандидаты атағына диссертацияларын үздік қорғап шыққан. 2015 жылы Нурашева Б.Ш. «Защита трудовых прав работников в Республике Казахстан: юридическая сущность и приоритетная роль профессиональных союзов» философия ғылымының докторы (PhD) ғылыми атағына диссертациясын үздік қорғаған.
Үшіншіден, кітапханамызда профессордың кандидаттық, докторлық диссертациялары, оқулықтары мен ғылыми мақалалары жарық көрген газет-журналдары жинақталған.Аталған мақалаларда ғалым еңбек нарығының қалыптасуы, құқық арқылы еңбекке ынталандыру, ұлттық еңбек заңнамасын жетілдіру, оның механизмдерін ұсыну, әлеуметтік әріптестік ұғымы мен оның маңыздылығы, халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттің белсенді саясаты, халықаралық еңбек нарығын реттейтін тәжірибенің негізінде интеграция мәселесі мен еңбек көші-қонын реттеу мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Мысалы: Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы аумағында жазылған, «Развитие трудового законодательства на современном этапе» атты ғылыми мақаласында ғалым: «Лайықты жұмыс көптеген факторлардан тұрады, ең алдымен экономикалық және әлеуметтік сипатта және ең алдымен, еңбек қатынастарын құқықтық реттеу деңгейіне байланысты» – деп, әлі де болса, әрекет етуші еңбек заңнамасына қатысты көптеген түзетулер енгізу қажеттілігіне тоқталған.22
Ғылыми кадрлар мен жас мамандардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті мәліметтері ғалымның осындай құнды ғылыми мақалаларынан орын алған. Еңбек көші-қонына арналған зерттеулері біршама. Атап кететін болсақ, ғалымның «Еңбек көші-қоны заңнамасындағы нормалардың қайшылығы» атты ғылыми мақаласында ТМД мемлекеттерінің ұлттық заңнамасын зерттеп, ХЕҰ конвенцияларын басшылыққа ала отырып, шетелдік үздік тәжірибені басшылыққа алып, еңбек көші – қоны бойынша еңбек кодексі мен конституцияның арасындағы қайшылық туғызатын нормаларды анықтап, олармен жұмыс жасаудың жолдарын көрсеткен.23
Мақалада қозғалған ТМД мемлекеттерінің ЕЭО біріккен кездегі еңбек көші – қонын заңнамалық тұрғыдан реттеу мен кездесетін қайшылықтардың өзектілігін жоғалтпай отыр.
Еңбек көші-қонын заңнамалық тұрғыдан реттеуге арналған ғылыми мақаласы С.Б. Нұрмағамбетовамен бірлескен авторлықта шыққан.24
Бұл ғылыми мақалада, әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған еңбек көші – қонын реттеуге байланысты заңнамаға түзетулер мен өзгертулер енгізу қажеттілігі мәселесі көтерілген.
Ғалымның кез келген еңбектері бірнеше жылдарды қамтитын өзекті мәселелерді зерттеп, оларды заңнамалық тұрғыдан реттеудің жолдарын көрсеткен.
Аманжол Мағзұмұлы университеттің кітапханасының қорына сирек кездесетін еңбек әлеуметтік қамсыздандыру құқығынан оқулық жазып шығарып, сыйлады. Оқулықтың жүйесі екі үлкен бөлімнен тұратын, студенттер, магистранттар мен докторанттардың, оқытушылардың қолдануына болатын әлеуметтік қамсыздандыру саласының маңызды институттарын зерттеп жазылған.25
Оқулық кітапхананың сұранысқа ие оқулықтарының қатарында. Осындай тағы бір құнды ғылыми зерттеу жұмысы ретінде В.А. Малиновскиймен біріге отырып жазған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлануына қатысты мәселелерін қамтитын еңбегінен орын алған. Университет профессордың ғылыми зерттеу еңбектеріні әрқашанда кітапхананың төрінен орын алдырып, бағыттарын қолдап отырады.
Профессор университеттің еңбек құқығының мамандарына ғылыми ағартушылық бағытында отырыстар, кеңес берулер жүргізе отырып, олардың шығарғысы келетін ғылыми зерттеу еңбектеріне, оқулықтар, кейстер жинағы, тәжірибелік жинақтарға сын-пікірін беріп отырады.
Мерейтой-әрқашан белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге және жеке тұлғаның өзін және оның жасаған істерін бағалауға мүмкіндік береді. Аманжол Мағзұмұлының бүкіл өмірбаяны – еңбек құқығы ғылымына адал қызмет етудің үлгісі.
Аманжол Мағзұмұлының логикалық жағына талдау тереңдігі мен қорытындыларының дұрыстығы туралы пікірдеміз. Профессордың ұстанатын позициясы ғылыми даудың басқа қатысушыларының позицияларынан өзгеше болуы мүмкін, бірақ оның пікірі, тіпті онымен келіспейтіндер үшін де әрдайым қызықты. Бұл сізге келіспеушіліктің тақырыбына және оның әдеттегі жағдайына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, рейтингті жоғарылатуға көмекетеседі.
Аманжол Мағзұмұлымен бірге бір ұжымда еңбек еткен, профессордың ғылыми еңбектерін жоғары бағалайтын Құқық жоғарғы мектебінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ольга Михайловна Горстка: «А.М. Нұрмағамбетов әрқашан белсенді, көңілді, еңбекқор, ақкөңіл, өз ісінің маманы, ол жас ұрпаққа үлгі. Оның еңбектері бүгінде назардан тыс қалмайды және болашақта бағаланатын болады!» деп сөз айтады. Профессор өзін жеке тұлға ретінде, заңгер, ғалым, ұстаз және әрине, мемлекет қайраткері ретінде қалыптастырды –деп ғылыми мақаласына қорытынды жасаған. 26
Ғалым туралы әріптестері, шәкірттерінің жазған ғылыми еңбектерінің барлығында ол кісінің еңбек құқығы саласын дамытуға зор үлесін қосқан, ғылыми еңбектері құқық саласының зияткерлік ұрпақтарын тәрбиелеуге көмектесетін құнды еңбектер болып табылатыны жазылады. Ғалым заң саласының дамуына, оның ішінде еңбек құқығының дамуында қолтаңбасын қалдырды.

М.К. Журунова: О научном творчестве профессора А.М. Нурмагамбетова.
Статья посвящена вкладу в развитие науки трудового права и права социального обеспечения известного ученого, доктора юридических наук, профессора, заведующего кафедрой Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева, члена редколлегии журнала «Право и государство», Аманжола Магзумовича Нурмагамбетову, которому в 2020 г. исполнилось 70 лет. Научная новизна статьи заключается в том, что научные труды Аманжола Магзумовича в полной мере исследованы недостаточно. Целью данной статьи является изучение научного творчества профессора Аманжола Магзумовича Нурмагамбетова, выявление новаторства и дальновидности ученого, а также его вклада в развитие науки Казахстана. В статье использованы исторический, догматический, биографический методы, методы анализа и синтеза для исследования научных трудов профессора в области трудового права. Показана ценность научно-практических разъяснений, касающихся правовой политики, норм законодательства о труде и действующего на сегодняшний день консенсуса. Автор приходит к выводу о значительном вкладе ученого в развитие науки трудового права по проблемам. Профессором была написана научно-практический коментарий к закону о труде, учебники по трудовому праву и по праву социального обеспечения, также имеется более 150 научных статей по актуальным вопросам данной отрасли права. Как видный ученый, специалист в области конституционного и трудового права, автор монографий, комментариев к законодательству, многих научных статей, патриот, философ, человек широких взглядов, А.М. Нурмагамбетов внес также значительный вклад в подготовку научных кадров (аспирантов и докторантов) и нескольких поколений молодых специалистов (студентов и магистрантов), является гордостью юридического образования Казахстана, высоким примером для подрастающего поколения.
Ключевые слова: юридическая наука, А.М. Нурмагамбетов, доктор юридических наук, профессор, трудовое право, право социального обеспечения, юбилей, Конституционный Совет РК, ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, Университет КАЗГЮУ им. М.С. Нарикбаева.

M.K. Zhurunova: The scientific work of Professor A.M. Nurmagambetov.
The article is devoted to the contribution to the development of the science of labor law and social security law of a famous scientist, doctor of law, professor, head of the department of Eurasian National University named after L.N. Gumilev, a member of the editorial board of the journal «Law and State« Professor Amanzhol Magzumovich Nurmagambetov who turned 70 in 2020.
The scientific novelty of the article lies in the fact that the scientific works of Amanzhol Magzumovich are not fully studied. The purpose of this article is to study the scientific work of Professor Amanzhol Magzumovich Nurmagambetov to identify the scientist’s innovation and foresight, as well as his contribution to the development of science in Kazakhstan. The article uses historical, dogmatic, biographical, analysis and synthesis methods to study the scientific works of professor in the field of labor law. The value of scientific and practical explanations regarding legal policy, labor legislation and the current consensus are shown. The author comes to the conclusion that the scientist has made a significant contribution to the development of the science of labor law on different problems. The professor wrote the monograph «Labor Market: Legal Problems and Prospects», textbook «The Law of Social Security of the Republic of Kazakhstan», commentary on the Law of the Republic of Kazakhstan «On Labor in the Republic of Kazakhstan» (co-authored), scientific and practical commentary on the Constitution of the Republic of Kazakhstan (co-authored), more than 150 scientific articles on current issues of labor law and labor migration.
As a prominent scientist, a specialist in the field of constitutional and labor law, the author of monographs, comments on the law, many scientific articles, patriot, philosopher, person with wide views, A.M. Nurmagambetov also made a significant contribution to the training of scientific personnel (graduate students and doctoral students) and several generations of young specialists (students and undergraduates), he is the pride of legal education in Kazakhstan, a high role model for the future young generation.
Key words: legal science, A.M. Nurmagambetov, Doctor of Law, Professor, Labor Law, Social Security Law, Anniversary, Constitutional Council of the Republic of Kazakhstan, ENU named after L.N. Gumilyov, University KAZGUU named after M.S. Narikbaev.

Библиография
1. Тлемисов Х.А. Ауыл кеші көңілді. Ауылдық көркем өнерпаздарға арналған әндер жинағы. Алматы: «Қайнар» баспасы, 2016. – 391 б.
2. Подвески «Алтын алқа» и «Күміс алқа» вручили многодетным матерям в Кокшетау. URL: https://lenta.inform.kz/ru/podveski-altyn-alka-i-kumis-alka-vruchili-mnogodetnym-materyam-v-kokshetau_a3547446. (7.05.2020).
3. Конституция Казахстана – достояние общенародное // ЮРИСТ. Ноябрь, № 11, 2011. URL: https://journal.zakon.kz/4474707-konstitucija-kazakhstana-dostojanie.html. (17.05.2020).
4. Алимжан К. Абжанов Кубен Абжанович // Видные ученые-юристы Казахстана ХХ – начала ХХІ веков. Энциклопедический справочник. В трех частях. Ч. 1-3 (отдельными книгами). Ч. 1 / Министерство образования и науки Республики Казахстан. Университет КАЗГЮУ / Под общей ред. д.ю.н. проф. С.Ф. Ударцева. Астана: Типография «Дәме»; ТОО «КазГЮУ Consulting», 2017. – С. 52-54.
5. Нурмагамбетов А.М. На защите прав человека труда // Казахстанская правда. 18 Января 2019. URL: https://www.kazpravda.kz/fresh/view/na-zashchite-prav-cheloveka-truda. (17.05.2020).
6. Нурмагамбетов А.М. Избранные труды по трудовому праву. Астана, 2019. – 220 с.
7. Нурмагамбетов А.М. Особенности правового регулирования труда рабочих совхозов: Автореферат дис. ... канд. юрид. наук: 12.00.05; Московский ГУ им. М.В. Ломоносова. М., 1983. – 23 с.
8. Кодекс законов о труде Казахской ССР от 21 июля 1972 года. (утратил силу с 01.01.2000 г. в соответствии с Законом РК от 10.12.99 г. № 494-1). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=1004278#pos=1;-157. (7.05.2020).
9. Тлепина Ш.В. Нурмагамбетов Аманжол Магзумович // Видные ученые-юристы Казахстана ХХ – начала ХХІ веков. Энциклопедический справочник. В трех частях. (отдельными книгами) Ч. 2 / Министерство образования и науки Республики Казахстан. Университет КАЗГЮУ / Под общей ред. д.ю.н. проф. С.Ф. Ударцева. Астана: Типография «Дәме»; ТОО «КазГЮУ Consulting», 2017. – С. 325-327.
10. Нурмагамбетов А.М. Мотивация труда и ее роль в становлении рынка труда. Алматы, Издательство ТОО «Баспа». 1992. 130 с.
11. Нурмагамбетов А.М. Правовое регулирование трудовых отношений в свободных экономических зонах Республики Казахстан. Алматы: Баспа, 1994. – 150 с.
12. Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. Алматы, Издательство ТОО «Баспа». 1998. – 192 с.
13. Нурмагамбетов А.М. О соотношении трудового договора и гражданско-правового договора // Право и Государство. № 7 (7), 1997. – С. 12-14.
14. Нургалиева Е.Н., Нурмагамбетов А.М. Комментарий к Закону Республики Казахстан «О труде в Республике Казахстан». Алматы: Баспа, 2000. – 252 с.
15. Аманжол Мағзұмұлы Нұрмағамбетұлы // URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/Аманжол_Мағзұмұлы_Нұрмағамбетұлы жүгінген күн: (7.05.2020).
16. Малиновский В.А, Нурмагамбетов А.М. Внеочередные выборы Президента Республики Казахстан: вопросы и ответы. Астана: ГУ «Институт законодательства Республики Казахстан», 2011. – 80 с.
17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми-практикалық түсіндірме. Астана, 2018. – 664 б.
18. Нурмагамбетов А.М. Письмо из Казахстана // Казахстанская правда. URL: https://www.kazpravda.kz/fresh/view/pismo-iz-kazahstana жүгінген күн: (8.05.2020).
19. Габитов Г.Х. Философия права. Учебное пособие для юридических вузов. Алматы: Издательство «NURPRESS», 2010. – 228 с.
20. Нурмагамбетов А.М. «Развитие трудового законодательства на современном этапе» // Материалы международной научно-практической конференции 19 ноября 2010 г. І том. Астана: ГУ «Институт законодательства Республики Казахстан». – С. 193.
21. Нурмагамбетов А.М. Коллизия норм законодательства о трудовой миграции // Научно-практическая конференция «Актуальные вопросы международной трудовой миграции в Республике Казахстан и пути их законодательного регулирования». Астана, 2009. – С. 27-33.
22. Нурмагамбетов А.М., Нурмагамбетова С.Б. Трудовая миграция и законодательство // Заңгер. Вестник права Республики Казахстан. № 9 (86) сентябрь 2008. – С. 57-59.
23. Право социального обеспечения Республики Казахстан: Общая часть. Особенная часть / ГУ Ин-т законодат. РК; ред. А. М. Нурмагамбетов. Астана: ГУ «Институт законодательства Республики Казахстан«, 2012. – 313 с.
24. Гостка О.М. Ученый-правовед, педагог и государственный деятель // Право и Государство. № 2 (67), 2015. – С. 93-96.


References (transliterated):

1. Tlemisov H.A. Auyl keshі kөңіldі. Auyldyқ kөrkem өnerpazdarғa arnalғan әnder zhinaғy. Almaty: «Қajnar» baspasy, 2016. – 391 b.
2. Podveski «Altyn alқa» i «Kүmіs alқa» vruchili mnogodetnym materyam v Kokshetau. URL: https://lenta.inform.kz/ru/podveski-altyn-alka-i-kumis-alka-vruchili-mnogodetnym-materyam-v-kokshetau_a3547446. (7.05.2020).
3. Konstituciya Kazahstana – dostoyanie obshchenarodnoe // YURIST. Noyabr', № 11, 2011. URL: https://journal.zakon.kz/4474707-konstitucija-kazakhstana-dostojanie.html. (17.05.2020).
4. Alimzhan K. Abzhanov Kuben Abzhanovich // Vidnye uchenye-yuristy Kazahstana ХХ – nachala ХХІ vekov. Enciklopedicheskij spravochnik. V trekh chastyah. Ch. 1-3 (otdel'nymi knigami). Ch. 1 / Ministerstvo obrazovaniya i nauki Respubliki Kazahstan. Universitet KAZGYUU / Pod obshchej red. d.yu.n. prof. S.F. Udarceva. Astana: Tipografiya «Dәme»; TOO «KazGYUU Consulting», 2017. – S. 52-54.
5. Nurmagambetov A.M. Na zashchite prav cheloveka truda // Kazahstanskaya pravda. 18 Yanvarya 2019. URL: https://www.kazpravda.kz/fresh/view/na-zashchite-prav-cheloveka-truda. (17.05.2020).
6. Nurmagambetov A.M. Izbrannye trudy po trudovomu pravu. Astana, 2019. – 220 s.
7. Nurmagambetov A.M. Osobennosti pravovogo regulirovaniya truda rabochih sovhozov: Avtoreferat dis. ... kand. yurid. nauk: 12.00.05; Moskovskij GU im. M.V. Lomonosova. M., 1983. – 23 s.
8. Kodeks zakonov o trude Kazahskoj SSR ot 21 ijulja 1972 goda. (utratil silu s 01.01.2000 g. v sootvetstvii s Zakonom RK ot 10.12.99 g. № 494-1). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=1004278#pos=1;-157. (7.05.2020).
9. Tlepina Sh.V. Nurmagambetov Amanzhol Magzumovich // Vidnye uchenye-yuristy Kazahstana ХХ – nachala ХХІ vekov. Enciklopedicheskij spravochnik. V trekh chastyah. (otdel'nymi knigami) CH. 2 / Ministerstvo obrazovaniya i nauki Respubliki Kazahstan. Universitet KAZGYUU / Pod obshchej red. d.yu.n. prof. S.F. Udarceva. Astana: Tipografiya «Dәme»; TOO «KazGYUU Consulting», 2017. – S. 325-327.
10. Nurmagambetov A.M. Motivacija truda i ee rol' v stanovlenii rynka truda. Almaty, Izdatel'stvo TOO «Baspa». 1992. 130 s.
11. Nurmagambetov A.M. Pravovoe regulirovanie trudovyh otnoshenij v svobodnyh jekonomicheskih zonah Respubliki Kazahstan. Almaty: Baspa, 1994. – 150 s.
12. Nurmagambetov A.M. Rynok truda: pravovye problemy i perspektivy. Almaty, Izdatel'stvo TOO «Baspa». 1998. – 192 s.
13. Nurmagambetov A.M. O sootnoshenii trudovogo dogovora i grazhdansko-pravovogo dogovora // Pravo i Gosudarstvo. № 7 (7), 1997. – S. 12-14.
14. Nurgalieva E.N., Nurmagambetov A.M. Kommentarij k Zakonu Respubliki Kazahstan «O trude v Respublike Kazahstan». Almaty: Baspa, 2000. – 252 s.
15. Amanzhol Maғzұmұly Nұrmaғambetұly // URL: https://k.wikipedia.org/wiki/Amanzhol_Maғzұmұly_Nұrmaғambetұly zhүgіngen kүn: (7.05.2020).
16. Malinovskiĭ V.A, Nurmagambetov A.M. Vneocherednye vybory Prezidenta Respubliki Kazahstan: voprosy i otvety. Astana: GU «Institut zakonodatel'stva Respubliki Kazahstan», 2011. – 80 s.
17. Қazaқstan Respublikasynyң Konstituciyasy. Ғylymi-praktikalyқ tүsіndіrme. Astana, 2018. – 664 b.
18. Nurmagambetov A.M. Pis'mo iz Kazahstana // Kazahstanskaya pravda. URL: https://www.kazpravda.kz/fresh/view/pismo-iz-kazahstana zhүgіngen kүn: (8.05.2020).
19. Gabitov G.H. Filosofiya prava. Uchebnoe posobie dlya yuridicheskih vuzov. Almaty: Izdatel'stvo «NURPRESS», 2010. – 228 s.
20. Nurmagambetov A.M. «Razvitie trudovogo zakonodatel'stva na sovremennom etape» // Materialy mezhdunarodnoj nauchno-prakticheskoj konferencii 19 noyabrya 2010 g. І tom. Astana: GU «Institut zakonodatel'stva Respubliki Kazahstan». – S. 193.
21. Nurmagambetov A.M. Kolliziya norm zakonodatel'stva o trudovoj migracii // Nauchno-prakticheskaya konferenciya «Aktual'nye voprosy mezhdunarodnoj trudovoj migracii v Respublike Kazahstan i puti ih zakonodatel'nogo regulirovaniya». Astana, 2009. – S. 27-33.
22. Nurmagambetov A.M., Nurmagambetova S.B. Trudovaya migraciya i zakonodatel'stvo // Zaңger. Vestnik prava Respubliki Kazahstan. № 9 (86) sentyabr' 2008. – S. 57-59.
23. Pravo social'nogo obespecheniya Respubliki Kazahstan: Obshchaya chast'. Osobennaya chast' / GU In-t zakonodat. RK; red. A. M. Nurmagambetov. Astana: GU «Institut zakonodatel'stva Respubliki Kazahstan«, 2012. – 313 s.
24. Gostka O.M. Uchenyj-pravoved, pedagog i gosudarstvennyj deyatel' // Pravo i Gosudarstvo. № 2 (67), 2015. – S. 93-96.

№ 1-2 (86-87), 2020

В этом номере:

Учредитель:
АО Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева (Maqsut Narikbayev University).
Партнеры:

Журнал зарегистрирован в Комитете информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство № 7742-Ж.
ISSN: 2307-521X (печатная версия)
ISSN: 2307-5201 (электронная версия)