DOI: 10.51634/2307-5201_2026_1_62
УДК: 342.4
С.Т. МАМЫРОВА, заң ғылымдарының магистрі, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясының конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі кафедрасының оқытушысы, докторант, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Г.А. АЛИБАЕВА, заң ғылымдарының докторы, «Нархоз Университеті» КЕАҚ құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Зерттеудің өзектілігі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде кедендік реттеудің тиімді және заңды жұмыс жасауы үшін конституциялық негіздерді үйлестіру қажеттілігімен түсіндіріледі. Зерттеудің пәні – кедендік реттеу саласындағы басты қағидаттарды негіздейтін ЕАЭО қатысушы мемлекеттердің конституциялық ережелері. Зерттеу объектісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде кедендік реттеудің конституциялық негіздерін қалыптастыру және жүзеге асыру үдерісінде пайда болатын құқықтық қатынастар болып табылады. Зерттеудің мақсаты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі кедендік реттеудің конституциялық негіздерін анықтау және теориялық-құқықтық талдау, сондай- ақ интеграциялық кедендік саясатты қалыптастыру мен дамытудағы конституциялық нормалардың рөлін айқындау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы кедендік реттеу қағидаттарын көрсететін ЕАЭО елдерінің конституциялық ережелерін жан-жақты талдауында, бұл олардың бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруға әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада жалпы ғылыми әдістермен қатар жеке құқықтық: салыстырмалы-құқықтық, ресми-құқықтық және жүйелеу әдістері мен құқықтық модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеу барысында кедендік реттеу туралы ЕАЭО елдерінің конституцияларында тікелей аталмаса да, ұлттық кеден жүйелерінің жұмыс жасауы үшін мемлекеттік егемендік, сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық шарттарға қатысты түйінді ережелер конституциялық негіздерді қалыптастыратыны анықталды. Авторлар ЕАЭО-ға қатысушы елдердің Конституциялары кедендік реттеуді мемлекеттік егемендіктің, экономикалық қауіпсіздіктің және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі элементі ретінде жанама түрде таниды деген қорытындыға келді.
Түйін сөздер: Кедендік реттеу, Еуразиялық экономикалық одақ, Конституция, егемендік, заңдылық қағидаты, сыртқы экономикалық қызмет, халықаралық шарттар, конституциялық негіздер
Кіріспе
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік реттеудің конституциялық - құқықтық негіздерін зерттеу ерекше маңыздылыққа ие. Бұл цифрландыру жағдайында тәуелсіз елдердің бірыңғай кеден аймағында бірлесіп жұмыс жасауының тиімділігін қамтамасыз ету үшін одақтас елдердің интеграциялық үдерістерінің басым бағыттарын айқындайтын қағидаттар мен құқықтарды, шектеулерді бекіткен конституциялық ережелерді жүйелеуге назар аудартады. Зерттеу барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің конституцияларында кеден құқығының тірегі саналатын, сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеуде жүзеге асырылатын басты қағидаттарды қалыптастыратын конституциялық нормаларға салыстырмалы түрде талдаулар жүргізілді.
Кедендік реттеу дегеніміз мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы тауарларды, көлік құралдары мен өзге де объектілердің өткізілуін кедендік бақылау мен басқаруға, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда заңдылық талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық шараларын белгілеу мен оларды қолдануға қатысты жүйелі қызметі.
Зерттеуде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік реттеуді жүргізу мен үйлестіруіне мүмкіндік беретін конституциялық нормалардың ұлттық деңгейде қалай бекітілетіні және ЕАЭО елдерінің негізгі заңдарындағы бұл нормалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданды.
Мақаланың ғылыми жаңалығы – кедендік реттеу контекстінде ЕАЭО мүше елдерінің конституциялық ережелеріне кешенді салыстырмалы талдау жасалып, алғаш рет кеден саясатына әсер ететін тікелей ғана емес, кедендік реттеу саласындағы интеграциялық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері туралы тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін, жанама конституциялық нормалар жүйеленіп қарастырылған.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Конституцияларында кедендік реттеуге қатысты ережелер жеке санат ретінде тікелей көрсетілмеген, алайда зерттеу жүргізу арқылы оның негіздері мемлекеттік егемендік, шекара аумағының тұтастығы, қолсұғылмаушылығы, сыртқы экономикалық қызмет және мемлекеттің экономика саласындағы ерекше өкілеттіктері туралы нормалар арқылы бекітілгенін көруге болады. Мәселен, ҚР Конституциясы «мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау» (8 бап) қағидатын ұстанатыны [1], ал Ресей Федерациясының Конституциясында (71 бап) сыртқы экономикалық қатынас, сыртқы саясат, соның ішінде шекара аумағы қорғаныс пен қауіпсіздікті реттеу федералдық биліктің ерекше құзыретіне жататыны көрсетілген [2]. Бұл жаһандану жағдайындағы кедендік саясаттың мемлекеттік егемендіктің құрамдас бөлігі ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.
Отандық ғалымдар еңбегінде конституцияның кеден құқығындағы орны туралы маңызды пікірлерді кездестірдік. Мысалы, С.Т. Әлібеков және т.б. авторлар «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қазақстандық құқықтың және жеке алғанда кеден құқығының негізгі қайнар көзі», -деп жазады [3, 22 б.]. Ал, сыртқы экономикалық қызметке қатысты Қ.Ж. Қуандықов зерттеуінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы- сыртқы экономикалық заңнаманы дамытудың құқықтық негізі», -деп көрсетеді [4, 43 б.].
Қазақстан Республикасының Конституциясында кедендік реттеу туралы нормалар тікелей аталмағанымен, экономикалық дербестік және халықаралық шарттарға қатысу туралы нормалар кеден ісін мемлекеттің экономиканы басқару және халықаралық шарттардың міндеттемелерді орындау жөніндегі өкілеттіктерінің бір бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарасты «Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің еліміздің негізгі Заңы ретінде қоғамдық және мемлекеттік қатынастарды құқықтық реттеудің бастапқы, негізгі, басты идеялары мен принциптерін, сондай-ақ ондағы азаматтың, мемлекеттік органдардың, оның ішінде кеден органдарының құқықтық мәртебесін анықтайды», – деген зерттеушілер пікірінен түсінуге болады [5, 18 б.].
Сонымен қатар, кеден құқығының дамуы барысында Ата заңның маңыздылығын Әлібеков С.Т. еңбегінде: «Еліміздің Конституциясы (1995 жылғы) жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздерін бекітті, қоғамдық дамуды реттеуге және бағыттауға қабілетті біртұтас мемлекеттік биліктің одан әрі қалыптасуына ықпал етті», -деп түйіндейді [6, 20 б.].
Зерттеу барысында Армения, Беларусь және Қырғызстан конституцияларында кедендік реттеуге қатысты нормалар халықаралық шарттардың басымдығы, экономикалық қызметті реттеу және елдің сыртқы саясаты туралы ережелер арқылы бекітілгенін анықтадық. Мүше елдер ЕАЭО-ның Кеден кодексін қоса алғанда [7], халықаралық шарттардың үстемдігі нормаларын қолдану арқылы егемендік функциялардың бір бөлігінің интеграциялық құрылымдар арқылы жүргізілетінін түсіндік. Осылайша, тұжырымдамалық айырмашылықтарға қарамастан, ЕАЭО-ға мүше барлық елдердің конституциялары кедендік реттеуді экономикалық қауіпсіздікке, егемендікке және интеграциялық одақ шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған мемлекеттік қызметтің маңызды саласы ретінде мойындайды.
Материалдар мен әдістер
Зерттеудің әдіснамасына тоқталсақ, мақаланы жазуда жалпы ғылыми және жеке құқықтық әдістер қолданылды. Негізгі әдістерді атап өтсек:
Нәтижелер және талқылау
ЕАЭО ресми сайтында көрсетілгендей «ЕАЭО-да тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің қозғалу еркіндігі, сондай-ақ экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясаттың жүргізілуі қамтамасыз етіледі» [8]. Зерттеу аясында ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер: Қазақстан Республикасы, Армения Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы елдерінде кедендік реттеудің негізгі күре тамыры саналатын басты конституциялық қағидаттарға шолу жүргізіліп, аталған елдердің конституцияларын салыстырмалы түрде зерделеп, оларға талдау жасалынды.
Кедендік реттеуде заңнамалық негізді, құқықтық тәртіпті, болжамдылықты және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін негізгі қағидаттардың бірі саналатын заңдылық қағидатының ЕАЭО елдерінің Конституцияларында қалай көрініс тапқанын қарастырып өтейік. Армения Республикасының Конституциясы (1995 ж.) 6 бабы 1- тармағы «Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және шенеуніктер тек Конституциямен немесе заңдармен уәкілеттік берілген әрекеттерді орындауға құқылы»,-деп жазылса [9], Беларусь Республикасы Конституциясының (1994 ж.) 7 бабында «Беларусь Республикасында құқық үстемдігі қағидаты белгіленеді»,- деп нақты бекіткен [10]. Осыған орай, Қырғыз Республикасының Конституциясы (2021 ж.) 6 бабының 2- тармағы «Конституция негізінде Конституциялық заңдар, заңнамалар және басқа да нормативтік құқықтық актілер қабылданады»,- деп жазылса [11], Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.) 4 бабының 2-тармағында «Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады»,- деп анықтап [1], Ресей Федерациясының Конституциясы (1993 ж.) 4 бабының 2-тармағы «Ресей Федерациясының Конституциясы мен федералды заңдары бүкіл Ресей Федерациясында үстемдікке ие»,- деп бекітеді [2]. Аталған қағидаттың ЕАЭО елдерінің кедендік реттеу жүйесінде көрініс табуы:
Осы орайда, Аймашев К.Ы. еңбегінде «заңдылық қағидаты барлық құқық салаларына тән, бұл дегеніміз – кеден құқығының барлық субъектілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауда және заңға тәуелді нормативтік актілерді міндетті түрде қатаң және мүлтіксіз орындауда, сондай-ақ кеден органдарының негізгі міндетіне кеден ісі бойынша заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету болып табылатынын білдіреді»,- деп жазады [12, 57 б.]. Осыған ұқсас пікірде Қуандықов Қ.Ж «Кеден органдары «заңмен тыйым салынбаған барлық нәрсе – рұқсат етілген» деген конституциялық постулатты ұстануға міндетті», – деп тұжырымдайды [13, 14 б.].
Жоғарыда аталған қағида бизнес пен мемлекеттің арасындағы сенімділікке негіз болады және ЕАЭО кеңістігінде әділ әрі ашық сыртқы экономикалық қызметті дамытуға ықпал етеді.
Егемендік қағидаты Қазақстан Республикасы Конституциясының 2 бабы 1 -тармағында көзделген «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды» [1], Ресей Федерациясының Конституциясы 4 бабының 1- тармағында айтылған, «Ресей Федерациясының егемендігі оның бүкіл аумағына таралады» [2] және Армения Республикасы Конституциясында бекітілген 1 бабы 1 тармақшасының нормасы «Армения Республикасы- егеменді, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет» ретінде орнығады [9], Беларусь Республикасы Конституциясының 1 бабында айтылған «Беларусь Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын, конституциялық құрылысын қорғайды, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді»[10] және Қырғыстан Республикасының Конституциясы 1 бабының 2-тармағында «Қырғыз Республикасының егемендігі шектелмеген және оның бүкіл аумағына таралады»[11],- деп бекітілген.
Аталған егемендік қағидаты кедендік реттеудің конституциялық негізін бекітеді. Яғни, кеден жүйесі – бұл мемлекеттің шекарадағы егемендігін іске асыру тетігі болып табылады. Осы орайда, кедендік органдар кедендік рәсімдер жүргізу арқылы:
Осылайша, кедендік реттеу – ЕАЭО елдерінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын жүзеге асыру мен қорғаудың құқықтық және институционалдық құралы болып табылады. Кеден органдары шекарада заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, мемлекет егемендігінің нақты тірегіне айналады.
Шекара аумағы тұтастығы қағидаты кедендік реттеумен тікелей байланысты, өйткені кеден жүйесі елдің аумақтық қолсұғылмаушылығын қамтамасыз етуде және ұлттық шекараны қорғауда шешуші рөл атқарады. Бұл қағидаттың ЕАЭО елдері негізгі заңдарында қалай көрініс тапқанын қарастырайық. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2 бабының 2- тармағында бекітілген «Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» [1], ал Армения Республикасының Конституциясы 14 бабының 1-тармағында «Қарулы Күштер Армения Республикасының шекараларын қорғауды, қауіпсіздікті, аумақтық тұтастықты және оларға қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етеді»,-деп белгілейді [9]. Беларусь Республикасы Конституциясының 1 бабы «Беларусь Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын, конституциялық құрылысын қорғайды, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді»,- деп көрсетсе [10], ал Ресей Конституциясы 4 бабының 3- тармағы «Ресей Федерациясы өз аумағының тұтастығы мен қолсұқпаушылығын қамтамасыз етеді»,- деп бекітеді [2]. Қырғыз Республикасының Конституциясы 3 бабы «Қырғыз Республикасының аумағы оның шекаралары шегінде тұтас және қол сұғылмайды»,- деп жазылған [11].
Кеден органдары шекара қызметімен қатар мемлекеттік шекарада бақылау функциясын орындайды:
Осылайша, елдің аумақтық тұтастығы мен қол сұғылмаушылығы қағидаты мемлекеттік шекара мен ішкі құқықтық тәртіпті қорғаудың құқықтық және институционалдық тетігі ретінде кедендік реттеу арқылы іске асырылады. Кедендік реттеу сыртқы контурда егемендікті, ішкі қауіпсіздікті және ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы қағидаты кедендік реттеу саласында маңызы ерекше конституциялық норма болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы 1 тармақшасында көрсетілгендей: «Республиканың ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1], Армения Республикасы Конституциясының 3 бабы 1-тармағы «Армения Республикасында адам – ең жоғары құндылық. Адамның ажырамас қадір-қасиеті оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамас негізі болып табылады» [9], Беларусь Республикасы Конституциясының 2 бабы «Адам, оның құқықтары, бостандықтары және оларды жүзеге асырудың кепілдіктері қоғам мен мемлекеттің ең жоғары құндылығы мен мақсаты болып табылады» [10],-деп бекітілсе, ал Қырғыз Республикасы Конституциясы 2 бабының 2- тармағы «Қырғыз Республикасында халық билігі биліктің толықтығының халыққа тиесілі болу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғамның істерін басқаруға еркін және нақты қол жеткізу қағидаттарына негізделеді» [11], Ресей Федерациясы Конституциясының 2 бабында «Адам, оның құқықтары мен бостандықтары-ең жоғары құндылық. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті» [2],- деп таниды. Бұл қағидат кедендік реттеуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын заңмен қорғаудың негізін қалыптастырады.
Осыған орай, кеден заңнамасы Ата заңмен кепілдендірілген нормаларға сәйкес әзірленуі тиіс және оны қолдану барысында:
ЕАЭО аясында кедендік бақылау мен рәсімдер жүргізуде тек экономикалық тиімділіктер ғана емес, қатысушы субьектілердің құқықтары мен еркіндігін заңмен қорғауға бағыттау маңызды. Бұл дегеніміз, мүше мемлекеттердің құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі функцияларын жүзеге асырудың ажырамас талабы ретінде танылады.
ҚР Конституцияның 4 бабында бекітілген қолданылатын құқық және халықаралық шарттардың басымдығы қағидаты туралы конституциялық норма жоғарыда аталған Одаққа кіретін елдердің Ата заңынанда кездестіруге болады, соның ішінде, Қырғыз Конституциясының 6 бабы: «Халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес күшіне енген халықаралық шарттар Қырғыз Республикасының құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады»,- деп көрсетілген [11]. Аталған қағидаттың кедендік реттеуде жүзеге асырылуының көрінісі ратификацияланған халықаралық шарттарда: Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық Киото конвенциясы (Брюссельде 1999 жылғы 26 маусым), Уақытша әкелу туралы конвенция (Стамбул, 1990 жылғы 26 маусым), сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы Келісім (2010 жылғы 5 шілде), Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі және т.б. арқылы негізделеді.
Сонымен қатар, кедендік реттеудегі маңызды баршаның заң алдындағы теңдігі қағидаты ҚР, Қырғыз және РФ Конституцияларында бекітілгендей «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең»,- деп бекітілсе, ал Армения Республикасы Конституциясының 28-бабы «Барлығы заң алдында тең»,- деп жазылған [9] және Беларусь Ата заңында «Барлығы заң алдында тең және ешқандай кемсітусіз құқықтар мен заңды мүдделерді тең қорғауға құқылы» [10],-деп көрсетеді. Барлық кеден құқығы субъектілерінің заң мен сот алдында тең құқықтары мен міндеттері болады. Бірыңғай кеден заңнамасында меншік нысаны, ұлты, азаматтығы немесе субъектінің шығу тегі бойынша кемсітушілік нормалар болмауы тиіс.
Меншік қорғалуы және меншік иелерін заңмен қорғау кепілдігі қағидаты және кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығы қағидаты еліміздің Конституциясында көрініс алып, сондай-ақ, Армения Ата заңында «Экономикалық қызмет бостандығы және экономикалық бәсекелестіктің кепілін» бекітеді.
Бұған қоса, Ресей Конституциясының 74 бабында ел аумағында кедендік шекараларды, баждарды, алымдарды және тауарлардың, қызметтердің және қаржы құралдарының еркін қозғалысына құқық қарастырылса [2],- сонымен бірге, 57 бапта көзделген конституциялық норма салық төлеушілердің (оның ішінде СЭҚ қатысушыларының) құқықтарының заңдылығын, қорғалуын және кеден саласындағы құқықтық реттеудің тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, кедендік реттеудің фискалдық элементтері үшін іргетас ретінде қызмет етеді.
ҚР Конституциясында заңмен белгілеген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу міндеттілігі көзделген. Кедендік төлемдер - азаматтардың мемлекет алдындағы конституциялық міндеттерінің бір түрі. Олар салықтық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде кеден құқығының маңызды элементін құрайды.
Армения Конституциясының 11 бабында көрініс тапқан мемлекеттің экономикалық құрылысы туралы норманың мәні – кедендік рәсімдер (мысалы, тауарларды тәркілеу, алып қою немесе ұстау) Конституцияда бекітілген меншік құқығын бұзбауы керек, бұл кедендік шешімдерде заңдылық, болжамдылық және ашықтық қажеттілігін білдіреді [9]. Мұнымен бірге, бұл Конституциялық норма экономикалық дамудың идеологиялық және құқықтық негізін айқындайды, оның шеңберінде кедендік реттеу мемлекет мүдделерін сақтай отырып, жеке бастаманы, бәсекелестік пен әділдікті қолдай отырып, әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы іске асыру тетіктерінің бірі ретінде әрекет етеді.
ЕАЭО елдерінің Конституцияларын талдау арқылы олардың кедендік реттеуді тікелей нормалар арқылы емес, жанамалық: аумақтық тұтастық, экономикалық еркіндік, меншік құқығы, халықаралық шарттардың басымдығы, мемлекеттік егемендік және кедендік төлем міндеттілігі сияқты базалық конституциялық қағидаттар арқылы қамтамасыз ететіні көрінді. Одаққа мүше барлық мемлекеттер бірыңғай экономикалық кеңістікті, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын, бәсекелестікті қолдауды және халықаралық міндеттемелерді құрметтеуді конституциялық деңгейде бекіткен. Бұл қағидаттар ЕАЭО-ның ортақ кедендік саясатының конституциялық негізі болып табылады.
Осыған орай, авторлармен жоғарыда қарастырылған ЕАЭО елдерінің конституцияларындағы кедендік реттеу саласында алғышарт қалыптастыратын конституциялық қағидаттардың әрқайсысын талдап, салыстыру арқылы олардың негізінде кедендік реттеу үшін маңызды орны көрсетілді (1-кесте).
|
№ |
Конституциялық қағидаттар |
Қазақстан Республикасының Конституциясы |
Ресей Федерациясының Конституциясы |
Беларусь Республикасының Конституциясы |
Армения Республикасының Конституциясы |
Қырғыстан Республикасының Конституциясы |
Кедендік реттеу үшін талдамалық маңызы |
|
1 |
Заңдылық және құқық үстемдігі |
Конституцияның ең жоғары заңды күші бар (4-бап) |
Заң үстемдігі (4-бап) |
Құқық үстемдігі бекітілген (7-бап) |
Тек заңмен берілген өкілеттіктерді іске асыру (6-бап) |
Конституцияның жоғары заңдық күші бар (6-бап) |
Кеден органдары тек заң аясында әрекет етуі тиіс. Бұл ЕАЭО рәсімдерінің болжамдылығы мен біріздендіруін тудырады |
|
2 |
Егемендік |
Егемендік Республиканың бүкіл аумағын қамтиды (2-бап)
|
Егемендік барлық аумағына таралады (4-бап) |
Тәуелсіздіктің қорғалуы (1-бап) |
Егеменді мемлекет (1-бап) |
Тәуелсіз, егеменді мемлекет (1-бап) |
Кедендік реттеу егемендік шекарасында жүзеге асырылып, елдің кеден саясаты тәуелсіздік нормаларына негізделеді |
|
3 |
Аумақтық тұтастық |
Біртұтас мемлекет (2-бап)
|
Аумақтың тұтастығы және қолсұғылмаушылық (4-бап) |
Аумақтық тұтастық (1-бап) |
Аумақтық тұтастығы және шекараларының қол сұғылмаушылығы (14-бап) |
Аумақтың біртұтастығы, қол сұғылмаушылығы (3-бап) |
Кеден- шекараның тұтастығын қорғау құралы |
|
4 |
Халықаралық шарттадың басымдығы |
Халықаралық шарттардың басымдығы (4-бап) |
Халықаралық шарттардың басымдығы (15-бап) |
Халықаралық құқықтың басымдығы (8-бап) |
Халықаралық шарттар басымдығы (5-бап) |
Халықаралық шарттар құқықтық жүйенің бөлігі (6-бап) |
Ұлттық заңнамадан халықаралық шарттардың, оның ішінде: ЕАЭО туралы Шарт пен Кеден кодексінің басымдығы |
|
5 |
Халықаралық ынтымақтастық, сырқы экономикалық қызмет |
Тату көршілік, Ынтымақтастық қарым-қатынас (8-бап)
|
Сыртқы экономикалық қатынас федералдық құзыретке жатады (71-бап) |
Шекаралардың мызғымастығы, бейбіт сыртқы саясат (19-бап) |
Тату көршілік және өзара тиімді қатынастар (13-бап) |
Ішкі және сыртқы саясатты дербес жүргізеді. (1-бап) |
Мемлекеттердің ЕАЭО бірігуінің конституциялық негізі |
|
6 |
Адам құқықтары мен бостандықтары |
Мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (1-бап) |
Адам құқықтары мен бостандықтары -жоғары құндылық (2-бап) |
Адам-ең жоғары құндылық, құқықтар мен бостандықтар кепілі (2-бап) |
Адам - ең жоғары құндылық (3-бап) |
Адам құқықтары мен бостандықтары қорғалады (2-бап) |
Кедендік бақылау кезінде жеке өмірді, дербес деректерді және ар-намысты қорғау |
|
7 |
Меншік қорғалуы, кәсіпкерлік еркіндік |
Меншікті құқықтық қорғау кепілдігі (6-бап) |
Меншік түрлерінің теңдігі, бәскелені қолдау (8-бап) |
Меншік түрлерінің теңдігі (13-бап) |
Еркін бәсекелестік (11-бап, меншікке құқық (60-бап) |
Меншікке қол сұғылмаушылық (15-бап) |
Фискалдық шаралар (баждар, алымдар), тәркілеу және ұстау конституциялық шектеулерге сай болуы тиіс |
|
8 |
Кедендік төлемдер, алым-салық |
Міндетті төлемдерді төлеу-конституциялық міндет (35-бап) |
Салық төлеу міндеті (57-бап) |
Салық төлеу міндеті (56-бап) |
Салық төлеу міндеті (60-бап) |
Салық төлеу міндеті (50-бап) |
Кедендік төлемдер -құқықтық анықтық пен теңгерімді талап ететін фискалдық құрал |
Ескертпе: Кесте авторлармен құрастырылды.
Қорытынды
Қорытындылай келе, заманауи еуразиялық интеграция жағдайында кедендік реттеу мемлекеттік ерікті іске асырудың, экономикалық қауіпсіздікті қорғаудың және тұрақты құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.
Жүргізілген салыстырмалы талдау ЕАЭО елдерінің конституциялық нормалары кедендік реттеуді тікелей емес, аумақтық тұтастық, сыртқы экономикалық қызмет, меншік қорғалуы, халықаралық шарттардың басымдығы, мемлекеттік егемендік қағидаттары және т.б. жанама нормалар арқылы реттейтінін көрсетті. ЕАЭО шеңберінде кедендік реттеуге қатысты конституциялық нормаларды жүйелеп бөлу және салыстырмалы қарастыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрінді. ЕАОЭ мүше елдердің конституцияларында құқық үстемдігі мен ынтымақтастық қағидаттарына негізделген нормалардың басымдығы олардың бір интеграциялық жүйеде тиімді сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға әкелді.
ЕАЭО елдерінің конституцияларына ортақ қағидат болып аумақтық қолсұғылмаушылық және халықаралық шарттардың үстемдігі, кедендік төлемдер (салық төлеу міндеті) танылды, бұл интеграциялық кедендік реттеудің конституциялық негізін қалыптастырды.
Осылайша, ЕАЭО мүше елдерінде кедендік реттеудің конституциялық-құқықтық негіздері қалыптасқан және олар сыртқы экономикалық қызметті ғана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тұтастықты және халықаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету тетігі ретінде қарастырылады деген қорытынды жасауға болады.
Мамырова С.Т., докторант, магистр юридических наук, преподаватель кафедры конституционного, международного права и таможенного дела Евразийской юридической академии им. Д.А. Кунаева (г. Алматы, Республика Казахстан); Алибаева Г.А., доктор юридических наук, профессор Школы права и государственного управления НАО «Университет Нархоз» (г. Алматы, Республика Казахстан).
Актуальность исследования обусловлена необходимостью согласования конституционных основ для эффективного и правового функционирования таможенного регулирования в рамках Евразийского экономического союза (ЕАЭС). Предметом исследования являются конституционные положения государств – участников ЕАЭС, которые обосновывают основные принципы в сфере таможенного регулирования. Объектом исследования являются правовые отношения, возникающие в процессе формирования и реализации конституционных основ таможенного регулирования в государствах – членах ЕАЭС. Целью настоящего исследования является выявление и теоретико-правовой анализ конституционных основ таможенного регулирования в государствах - членах Евразийского экономического союза, а также определение роли конституционных норм в формировании и развитии интеграционной таможенной политики. Научная новизна работы заключается в комплексном анализе конституционных положений стран ЕАЭС, отражающих принципы таможенного регулирования, что позволяет выявить их влияние на формирование единого экономического пространства. В статье наряду с общенаучными методами использовались частноправовые методы: сравнительно-правовой, формально-правовой, метод систематизации, а также метод правового моделирования. Несмотря на отсутствие прямого упоминания о таможенном регулировании в конституциях большинства стран ЕАЭС, выявлено, что ключевые положения, касающиеся государственного суверенитета, внешнеэкономической деятельности и международных договоров, формируют конституционные предпосылки для функционирования национальных таможенных систем. Авторами сделан вывод о том, что конституции стран – участниц ЕАЭС косвенно признают таможенное регулирование в качестве ключевого элемента государственного суверенитета, экономической безопасности и международного сотрудничества.
Ключевые слова: Таможенное регулирование, Евразийский экономический союз, Конституция, суверенитет, принцип законности, внешнеэкономическая деятельность, международные договоры, конституционные основы.
Mamyrova S.T., doctoral student, master of Laws, lecturer at the Department of Constitutional, International Law and Customs Affairs at the D.A. Kunaev Eurasian Law Academy (Almaty, Republic of Kazakhstan); Alibayeva G.A., corresponding author, Doctor of Law, Professor of the School of Law and Public Administration of NJSC «Narxoz University» (Almaty, Republic of Kazakhstan)
The relevance of this research is determined by the necessity to harmonize constitutional foundations for the effective and lawful functioning of customs regulation within the framework of the Eurasian Economic Union (EAEU). The subject of the study is the constitutional provisions of the EAEU member states that substantiate the fundamental principles in the field of customs regulation. The object of the study is the legal relations arising in the process of forming and implementing the constitutional foundations of customs regulation in the EAEU member states. The aim of the present research is to identify and provide a theoretical and legal analysis of the constitutional foundations of customs regulation in the member states of the Eurasian Economic Union, as well as to determine the role of constitutional norms in the formation and development of an integrated customs policy. The scientific novelty of the study lies in the comprehensive analysis of the constitutional provisions of the EAEU countries that reflect the principles of customs regulation, which makes it possible to reveal their impact on the formation of a unified economic space. In addition to general scientific methods, the study employs private law methods, including the comparative legal method, formal legal method, systematization, as well as the method of legal modeling. Despite the absence of direct references to customs regulation in the constitutions of most EAEU member states, it has been established that key provisions related to state sovereignty, foreign economic activity, and international treaties form the constitutional prerequisites for the functioning of national customs systems. The authors conclude that the constitutions of the EAEU member states implicitly recognize customs regulation as a key element of state sovereignty, economic security, and international cooperation.
Keywords: Customs regulation, Eurasian Economic Union, Constitution, sovereignty, principle of legality, foreign economic activity, international treaties, constitutional foundations
Әдебиеттер тізімі:
References: